Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31 бабының 2 тармағына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9 бабының 7), 8), 9) тармақшаларына, 27 бабының 2), 3), 4) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Созақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2022 жылға 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2022 жылға 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3. Ата-анасының кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2022 жылға 3 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
4. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды 1 қосымшаға сәйкес және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды 2-қосымшаға сәйкес жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2022 жылға квотасын белгілеуде Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 26 бабы 2 бөлігі 3 тармағының талаптары қатаң сақталсын.
5. Созақ ауданы әкімдігінің "2021 жылға Созақ ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы" 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 427 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6014 тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
6. "Созақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының орындалуын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының Созақ ауданы әкімдігінің интернет-ресусына орналастыруды қамтамасыз етсін
7. Осы қаулының орындалуын бақылау осы салаға жетекшілік ететін Түркістан облысы Созақ ауданы әкімінің орынбасары Б.Айдарбековке жүктелсін.
8. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Созақ ауданының әкімі | С. Полатов |
Созақ ауданы әкімдігінің "27" желтоқсан 2021 жылғы № 358 қаулысына 1-қосымша |
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
№ | Ұйым атауы | Жұмыс керлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік санынан) | Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны |
1 | Түркістан облысының табиғи ресустар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Созақ орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі" | 100 | 1% | 1 |
2 | Созақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммунальдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Шолаққорған-су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны | 216 | 0,5% | 1 |
3 | "Волковгеология" Акционерлік қоғамының "Оңтүстік ВГ" филиальның № 5 Экспедициясы | 543 | 0,2% | 1 |
Барлығы: | 859 | 3 |
Созақ ауданы әкімдігінің "27" желтоқсан 2021 жылғы № 358 қаулысына 2- қосымша |
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
№ | Ұйым атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік санынан) | Бас бостандығы- нан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны |
1 | Созақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммунальдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің "Шолаққорған-су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны | 216 | 0,5% | 1 |
Барлығы: | 2116 | х | 1 |
Созақ ауданы әкімдігінің "27" желтоқсан 2021 жылғы № 358 қаулысына 3 қосымша |
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарына квота
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскер лердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік санынан) | Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының саны |
1 | Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Созақ аудандық орталық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 992 | 0,1% | 1 |
Барлығы | 992 | х | 1 |