Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Созақ ауданы әкiмдiгiнiң 27.12.2021 № 358 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 7), 8), 9) тармақшаларына, 27-бабының 2), 3), 4) тармақшаларына сәйкес, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Созақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2021 жылға квотасы 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2021 жылға квотасы 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2021 жылға квотасы 3 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
4. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды 1 қосымшаға сәйкес және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды 2 қосымшаға сәйкес жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2021 жылға квотасын белгілеуде Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 26 бабы 2 бөлігі 3 тармағының талаптары қатаң сақталсын.
5. Созақ ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 9 қаңтардағы № 1 "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5358 тіркелген, 2020 жылдың 16 қаңтарда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) және 2020 жылғы 25 тамыздағы № 292 "Созақ ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 9 қаңтардағы № 1 "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5759 тіркелген, 2020 жылдың 28 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
6. "Созақ ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Созақ ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолдануын;
3) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Созақ ауданы әкімдігінің интернет-ресустарына орналастыруын қамтамасыз етсін.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Айдарбековке жүктелсін.
8. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | С. Полатов |
Созақ ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 427 қаулысына 1 қосымша |
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасы
№ | Ұйым атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны) | Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны |
1 | Ұлттық атом компаниясы "Қазатомөнеркәсіп" АҚ "Сауда-көлік компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Филиалы "Орталықтандырылған автотасымалдау базасы" | 853 | 0,1 | 1 |
2 | "ОРТАЛЫҚ" Өндіруші кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 481 | 0,3 | 1 |
3 | "Оңтүстік тау-химиялық компаниясы" бірлескен кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 859 | 0,1 | 1 |
4 | "ҚАРАТАУ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 571 | 0,2 | 1 |
5 | "АППАҚ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 326 | 0,4 | 1 |
Барлығы: | 3090 | 5 |
Созақ ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 427 қаулысына 2 қосымша |
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотасы
№ | Ұйым атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны) | Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны |
1 | Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының "Созақ орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 100 | 1 | 1 |
2 | "ИНКАЙ" Бірлескен Кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 762 | 0,1 | 1 |
Барлығы: | 862 | 2 |
Созақ ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 427 қаулысына 3 қосымша |
Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы
№ | Ұйымның атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны) | Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының саны |
1 | Ұлттық атом компаниясы "Қазатомөнеркәсіп" АҚ "Сауда-көлік компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Филиалы "Орталықтандырылған автотасымалдау базасы" | 853 | 0,1 | 1 |
2 | "Уранқуат" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Таукент филиалы | 175 | 0,6 | 1 |
Барлығы: | 1028 | 2 |