2022 жылға Өскемен қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру және ветеринария саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы

Мерзімі біткен

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қалалық мәслихатының 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 15/6-VII шешімі. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты тоқтатылды

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8, 9 тармақтарына, "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының 2-тармағына, "Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығына сәйкес Өскемен қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. 2022 жылға Өскемен қаласының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру және ветеринария саласындағы мамандарға:

      1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;

      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит болып ұсынылсын.

      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Өскемен қалалық мәслихатының хатшысы А. Светаш

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады