2022 жылға арналған ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының әкімдігінің 2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 695 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару Кодексінің 18-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14-1) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 7), 8), 9) тармақшаларына, "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығына сәйкес, Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Аталған қаулының 1 қосымшасына сәйкес ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін қаладағы мекемелер мен кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік санының бір пайыз мөлшерінде 2022 жылға жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      2. Аталған қаулының 2 қосымшасына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды жұмысқа орналастыру үшін қаладағы мекемелер мен кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік санының бір пайыз мөлшерінде 2022 жылға жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      3. Аталған қаулының 3 қосымшасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды жұмысқа орналастыру үшін қаладағы мекемелер мен кәсіпорындар жұмыскерлерінің тізімдік санының бір пайыз мөлшерінде 2022 жылға жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      4. "Курчатов қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыны жүзеге асыру бойынша басқа да шараларды қабылдансын.

      5. Аталған қаулының орындалуына бақылау жасау Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Н. Т. Қошқарбаевқа жүктелсін.

      6. Аталған қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі А. Глазинский

  Курчатов қаласы әкімдігінің
2021 жылғы " " қарашадағы
№ қаулысына 1 қосымша

2022 жылға арналған ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері

Реттік №

Ұйымның атауы

Жұмыс- керлерінің тізімдік саны (адам)

Квота мөлшері (жұмыс- керлерінің тізімдік санынан пайыз)

Жұмыс орындар саны (бірліктері)

1

"Компания "Балапан Көлігі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

416

1%

4

2

Курчатов қаласы әкімдігінің "Курчатов көп салалы эксплуатациялық кәсіпорны" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

118

1%

1

  Курчатов қаласы әкімдігінің
2021 жылғы " " қарашадағы
№ қаулысына
2 қосымша

2022 жылға арналған бас бостандығынан айыру мекемесінен босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері

Реттік №

Ұйымның атауы

Жұмыс- керлерінің тізімдік саны (адам)

Квота мөлшері (жұмыс- керлерінің тізімдік санынан пайыз)

Жұмыс орындар саны (бірліктері)

1

"Компания "Балапан Көлігі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

416

1%

4

2

Курчатов қаласы әкімдігінің "Курчатов көп салалы эксплуатациялық кәсіпорны" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

118

1%

1

  Курчатов қаласы әкімдігінің
2021 жылғы " " қарашадағы
№ қаулысына
3 қосымша

2022 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері

Реттік №

Ұйымның атауы

Жұмыс- керлерінің тізімдік саны (адам)

Квота мөлшері (жұмыс- керлерінің тізімдік санынан пайыз)

Жұмыс орындар саны (бірліктері)

1

"Компания "Балапан Көлігі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

416

1%

4

2

Курчатов қаласы әкімдігінің "Курчатов көп салалы эксплуатациялық кәсіпорны" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

118

1%

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады