Абай ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2021-2022 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 2021 жылғы 27 желтоқсандағы № 14/6-VII шешімі

      Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы "Жайылымдар туралы" Заңының 8, 13 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Күршім ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Абай ауылдық округі бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Күршім аудандық мәслихатының хатшысы М. Калелов

  Күршім аудандық
мәслихатының 2021 жылғы 27
желтоқсандағы № 14/6-VII
шешіміне қосымша

Абай ауылдық округінің 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы "Жайылымдар туралы" Заңына сәйкес Абай ауылдық округі бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар (бұдан әрі-жоспар), "Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары –Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15090 болып тіркелген), "Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті жол берілетін нормасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11064 болып тіркелген) сәйкес әзірленді.

      Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, азыққа қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болғызбау мақсатында қабылданады.

      Жоспар құрамында:

       1) құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Абай ауылдық округі аумағында жайылымдардың орналасу схемасын (картасын) (1-қосымша);

      2) жайылым айналымдарының қолайлы схемаларын (2-қосымша);

      3) жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасын (3-қосымша);

      4) жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасын (4-қосымша);

      5) жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасын (5-қосымша);

      6) Абай ауылдық округі аумағында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасын (6-қосымша);

      7) ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигін (7-қосымша).

      Жоспар жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қараудың жай-күйі туралы мәліметтер, ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәліметтер, иелерін – жайылым пайдаланушыларды, жеке және (немесе) заңды тұлғаларды көрсете отырып, ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер, ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер, шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын қалыптастыру туралы мәліметтер, екпе және аридтік жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктері, малды айдап өтуге арналған сервитуттар туралы мәліметтер, мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар берген өзге де деректер ескеріле отырып қабылданды.

      Күршім ауданы Абай ауылдық округінің табиғи аймағы - таулы, жайылымдардың басым түрі: итмұрын және қайың көктеректі шөптер, селеу-сұлыбас-тобылғы.

      Әкімшілік-аумақтық бөлініс бойынша Күршім ауданының Абай ауылдық округінде 3 елді мекен бар.

      Күршім ауданының Абай ауылдық округі жерінің жалпы ауданы 95719 га (бұдан әрі-га) құрайды. Оның ішінде жайылым – 32 434 га.

      Санаттар бойынша жер келесідей бөлінеді:

      Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер-11037 га;

      Елді мекендердің жерлері-13321 га; өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждарына арналған жерлер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер-85 га.

      Жайылымдардың негізгі пайдаланушылары Абай ауылдық округінің Бурабай, Қойтас, Теректібұлақ ауылдарының тұрғындары болып табылады.

      Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, азыққа қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болдырмау мақсатында қабылданды.

      2021 жылдың 1 қаңтарына Күршім ауданының Абай ауылдық округінде (халықтың жеке ауласы және ауыл шаруашылығы кәсіпорындары, шаруа қожалықтары) ірі қара мал - 785 бас, ұсақ мал - 6920 бас, жылқы - 378 бас.

      Бурабай ауылында:

      ірі қара мал - 210 бас, ұсақ мал - 1984 бас, жылқы - 95 бас.

      Бурабай ауылы жайылымдарының ауданы-1989 гектар.

      Қойтас ауылында:

      ірі қара мал - 234 бас, ұсақ мал - 1570 бас, жылқы - 136 бас.

      Қойтас ауылы жайылымдарының ауданы-1274 гектар.

      Теректібұлақ ауылында:

      ірі қара мал - 341 бас, ұсақ мал - 3366 бас, жылқы - 147 бас.

      Теректібұлақ ауылы жайылымдарының ауданы - 5006 гектар (№1 кесте).

      № 1 кесте

Елді мекен атауы

Халық

Ауылдық округ

Барлығы

ІҚМ

ҰҚМ

Жылқылар

ІҚМ

ҰҚМ

Жылқылар

Барлығы

Оның ішінде сауын сиырлар

Барлығы

Оның ішінде сауын сиырлар

1

Бурабай

210

158

1984

95

Абай

785

510

6920

378

2

Қойтас

234

141

1570

136

3

Теректі
бұлақ

341

211

3366

147

      Ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарға ветеринарлық қызмет көрсету үшін округте 1 ветеринарлық пункт, 1 мал қорымы ұйымдастырылған.

      Ауыл шаруашылығы жануарларын қамтамасыз ету үшін Абай ауылдық округі бойынша 13321 гектар жайылымдық жер бар.

      Жоғарыда баяндалғанның негізінде, "Жайылымдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес Абай ауылдық округі жергілікті халықтың мұқтажы үшін ауыл шаруашылығы жануарларының аналық (сауын) басын ұстау бойынша елді мекеннің жайылымдық алқаптарының артықшылығы 9751 гектарды құрайды (№2 кесте).

      № 2 кесте

Ауылдық округі

Жайылым алаңы, (га)

Сауын сиырлардың бар болуы (бас)

Жайылымға қажеттілік нормасы 1 бас, (га)

Жайылымдардың қажеттілігі, (га)

Артылғаны, (га)

1

Абай

13321

510

7,0

3570

9751

      Абай ауылдық округінің жергілікті тұрғындарына мал жаю үшін 13321 гектар жер берілді.

      Басқа ауыл шаруашылығы жануарларын жаю бойынша жергілікті тұрғындар 5037 га жайылымдық жерлерге мұқтаж, ІҚМ басына жүктеме нормасы-7,0 га / бас, ұсақ мал-1,4 га/бас, жылқы -8,4 га/бас (№3 кесте).

      № 3кесте

Ауылдық округі

Халық

Жайылымға қажеттілік нормасы 1 бас., (га)

Жайылымдардың қажеттілігі, (га)

Мал жаю үшін берілді, (га)

Жетіспеушілігі, (га)

ІҚМ

ҰҚМ

Жылқылар

ІҚМ

ҰҚМ

Жылқылар

ІҚМ

ҰҚМ

Жылқылар

Барлығы (га)

1

Абай

785

6920

378

7,0

1,4

8,4

5495

9688

3175

18358

13321

5037

      5037 га мөлшеріндегі жайылымдық алқаптарға қалыптасқан қажеттілікті 05-072-019 есептік орамның шалғайдағы жайылымдарында халықтың ауыл шаруашылығы жануарларын жаю есебінен толықтыру қажет.

Абай ауылдық округі жайылымдарының орналасу схемасына (картасына) қоса берілетін, жер учаскелерінің жер пайдаланушыларының тізімі

Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың атауы
(АЖӘ, ұйымның атауы)

Жалпы ауданы (га)

Ауылшаруашылығы жануарларының түрлері бойынша бар болуы

ІҚМ

ҰҚМ

Жылқы

1

МанасовЗарлыхан

12

2

20

9

2

Садыкова БинагульОмирбекқызы

130,6

48

20

13

3

Кабдуллин Аргынбек Ахманович

6

440

65

340

4

Хайруллин Қуаныш

193,39

24

0

0

5

Бахтияров Алибек Калирахимович

6

360

1280

180

6

Бахтияров Алибек Калирахимович

16

360

1280

180

7

Амиренов Кенжекан Есимканович

64,7

160

30

35

8

Амиренова Багзада Тлеукановна

12

160

30

35

9

Ашуов Сайлаубек Ракишевич

10

37

47

8

10

Ќызыр Гүлнұр

68

94

0

0

11

Сабиев Сейлхан Сабиевич

10,4

1

19

0

12

Амиренова Багзада Тлеукановна

795

160

30

35

13

Калидолдина Нурзайнеп

48

120

0

2

14

Кабдыгалиев Мурат Кибатолдаевич

252,6

151

0

11

15

Дабынов Гажаип Советбекович

6

6

3

3

16

Кабдыгалиев Мурат Кибатолдаевич

276,5

151

0

11

17

Актанова Батима Жумашевна

551,4

7

40

0

18

Омаров Болат Кабдгалиевич

8,51

73

54

13

19

Омаров Болат Кабдгалиевич

3,6

73

54

13

20

Кабдыгалиев Мурат Кибатолдаевич

480

151

0

11

21

Жампеисов Серик Рахметоллинович

36

12

45

4

22

КабдыгалиеваЗибагуль

228

60

0

2

23

Сулейменов Ержан Марданович

249,8

340

945

28

24

Ареков Беглан Омирбекович

40

110

65

39

25

Сулейменов Ержан Марданович

705,2

340

945

28

26

Нургазинов Умирбек

16

22

30

1

27

Турсунканов Сейткан

15,4

12


2

28

Бактиярова Умут Ашимовна

6

2

20

1

29

Насиргазин Ерлик Кенжетаевич

7

11

6

4

30

Конжабаев Кадылбек

6,7

8

25

0

31

Ашимов Ермек Амергалиевич

8

30

0

4

32

Ашимов Ермек Амергалиевич

5

30

0

4

33

Әбікеш Рақымбай

695

89

16

15

34

Кабдыгалиев Мурат Кибатолдаевич

26,5

151

0

11

35

Кабдуллин Аргынбек Ахманович

1317,8

440

65

340

36

Кабдуллин Аргынбек Ахманович

470,71

440

65

340

37

Зыятхан Ершин

939,1

284

20

4

38

Әбек Ыбырайым

471

140

0

81

39

Төлепберд іЕркін

415,4

87

60

27

40

Кабдуллин Аргынбек Ахманович

10

440

65

340

41

Ќызыр Гүлнұр

412,2

94

0

0

42

Казбаева Кульсарай

323

122

110

3

43

Казбаев аКульсарай

5

122

110

3

44

Ырысбек Ќалиќан

3

250

150

280

45

Ырысбек Ќалиќан

437

250

150

280

46

Бахтияров Алибек Калирахимович

805

360

1280

180

47

Бахтияров Алибек Калирахимович

810,5

360

1280

180

48

Кабдулин Турганбек Акманович

305,4

440

65

340

49

Инткбаев Бактбек Ермуханбетович

20

19

14

0

50

Кабдуллин Аргынбек Ахманович

408,9692

440

65

340

51

Амренов Кенжегалии Калиякперович

1035

253

1193

19

52

Капдыгалым Бейсен

782,64

50

40

0

      Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі (бұдан әрі - ЖШС), Абай ауылдық округінің шаруа және фермер қожалықтарындағы мал басы: ірі қара мал - 1592 бас, ұсақ қара мал - 2707 бас, жылқы-310 басты құрайды.

      ЖШС, шаруа және фермер қожалықтарының жайылым ауданы 5152,83 га құрайды (№ 4 кесте).

      № 4кесте

Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың атауы

Жалпы ауданы (га)

Ауылшаруашылығы жануарларының түрлері бойынша бар болуы

Жайылымға қажеттілік нормасы 1 бас., (га)

Жайылымдардың қажеттілігі, (га)

Барлығы

ІҚМ

ҰҚМ

Жылқы

ІҚМ

ҰҚМ

Жылқы

ІҚМ

ҰҚМ

Жылқы

I

"Сулейменов" ШҚ

901,6

340

945

28

7,0

1,4

8,4

2380

1323

235,2

3938,2

II

"Ерасыл" ШҚ

8

18

61

1

126

85,4

8,4

219,8

III

"Сырым" ШҚ

18,1

115

240

67

805

336

562,8

1703,8

IV

"Шынғыс" ШҚ

6,9

4

10

0

28

14

0

42

V

"Еділ" ШҚ

10

5

0

6

35

0

50,4

85,4

VI

"Даулет" ШҚ

1000

100

454

15

700

635,6

126

1461,6

VII

"Берик" ШҚ

19,13

30

42

0

210

58,8

0

268,8

IIC

"Умыт" ШҚ

10,4

6

10

1

42

14

8,4

64,4

IC

"Сауле" ШҚ

4

2

0

0

14

0

0

14

Барлығы

5152,83

1592

2707

310




7798

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ІММ-ірі мүйіздімал;

      ҰММ- ұсақ мүйізді мал;

      ШҚ-шаруа қожалығы.

  Абай ауылдық округі бойынша
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі
2021-2022 жылдарға арналған
жоспарына 1 қосымша

Абай ауылдық округі аумағында құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде жайылымдардың орналасу схемасы (картасы)




  Абай ауылдық округі бойынша
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі
2021-2022 жылдарға арналған
жоспарына 2 қосымша

Жайылым айналымының қолайлы схемалары

Жылдар

Учаскелер

1

2

3

1

Мал жаю

Мал жаю

Демалыс

2

Мал жаю

демалыс

Мал жаю

  Абай ауылдық округі бойынша
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі
2021-2022 жылдарға арналған
жоспарына 3 қосымша

Жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы




  Абай ауылдық округі бойынша
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі
2021-2022 жылдарға арналған
жоспарына 4 қосымша

Жайылым пайдаланушылардың су көздеріне қол жеткізу схемасы




  Абай ауылдық округі бойынша
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі
2021-2022 жылдарға арналған
жоспарына 5 қосымша

Жайылымы жоқ жеке және заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы




  Абай ауылдық округі бойынша
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі
2021-2022 жылдарға арналған
жоспарына 6 қосымша

Жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы




  Абай ауылдық округі бойынша
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі
2021-2022 жылдарға арналған
жоспарына 7 қосымша

Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі

Округ атауы

Жайылымға малдардын шығарылу мерзімі

Жайылымнан малдардың қайтарылу мерзімі

1

Абай ауылдық округі

Маусым 1 жартысы

Қыркүйек 1 жартысы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады