2022 жылга ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшінжұмыс орындарының квоталарын белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 3 желтоқсандағы № 357 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабы 1-бөлігі 2) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 7), 8), 9) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 13898 нөмірімен тіркелген) бұйрығына сәйкес, Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ұйымдастыру-құқықтық нысанға және меншіктік нысанына қатыссыз ұйымдарда жұмысшылардың тізімдік санының бір пайызы мөлшерінде ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Ұйымдастыру-құқықтық нысанға және меншіктік нысанына қатыссыз ұйымдарда пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г.А.Раимбековаға жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шемонаиха ауданының әкімі Г. Акулов

  Шемонаиха ауданы әкімдігінің
2021 жылғы "3" желтоқсандағы
№ 357 қаулысына 1 қосымша

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастарға арналған квота мөлшері

Кәсіпорын, ұйым, мекемеатауы

Жұмысшылардың тізімдік саны

Бекітілген квота мөлшері (%)

Жұмыс орындарының саны (адам)

1

"Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің "Н.А. Островский атындағы № 1 жалпы білім беретін орта мектебі-гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

121

1%

 
1

2

"Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің "Ю.А. Гагарин атындағы № 3 жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

111

1%

1

3

"Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Шемонаиха ауданы бойынша білім бөлімінің "Д.М. Карбышев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-балабақшасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

108

1%

1

4

"Рулиха" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

106

1%

1

5

"Востоксельхозпродукт" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

312

0,3%

1

  Шемонаиха ауданы әкімдігінің
2021 жылғы "3" желтоқсандағы
№ 357 қаулысына 2 қосымша

Пробация қызметінде есепте тұрған адамдарға және бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан адамдарға арналған квота мөлшері

Кәсіпорын, ұйым,
мекемеатауы

Жұмысшылардың тізімдік саны

Бекітілген квота мөлшері (%)

Жұмыс орындарының саны (адам)

1

"Камышинское 2" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

187

1%

2

2

"Шемонаиха су арнасы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

101

2%

2

3

"Рулиха" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

106

2%

2

4

"Шемтазалық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

34

3%

1

5

"Прииртышье+" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

37

3%

1

6

"Воробьев Н. и Ко" коммандиттік серіктестігі

149

1%

1

7

"Шемонаихинское" шаруа қожалығы

91

1%

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады