Ақжайық ауданы бойынша 2022 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 29 қарашадағы № 281 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата - анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген) сәйкес, Ақжайық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ақжайық ауданы бойынша 2022 жылға жұмыс орындарының квотасы ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдардың жұмыскерлерінің тізімдік санынан ұйымдар үшін:

      осы қаулының 1 - қосымшасына сәйкес, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін екі пайыз мөлшерінде;

      осы қаулының 2 - қосымшасына сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін екі пайыз мөлшерінде белгіленсін.

      Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Үмітовке жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Қ.Айтмұхамбетов

  Ақжайық ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 29 қарашадағы
№ 281 қаулысына
1-қосымша

Ақжайық ауданы бойынша 2022 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымдардың атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (%)

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны

1

"Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Ақсуат ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі

13

2

1

2

"Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі

17

2

1

3

"Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі

13

2

1

  Ақжайық ауданы әкімдігінің
2021жылғы 29 қарашадағы
№ 281 қаулысына
2-қосымша

Ақжайық ауданы бойынша 2022 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымдардың атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (%)

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны

1

Ақжайық ауданы әкімдігінің "Жайықтехсервис" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығына негізделген)

76

2

1

2

"Чапаев ауылындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" мемлекеттік мекемесі

104

2

2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады