Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 21.11.2022 № 148 қаулысымен (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13898 тіркелген) сәйкес Бөкей ордасы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Бөкей ордасы ауданы бойынша 2022 жылға жұмыс орындарының квотасы ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдардың жұмыскерлерінің тізімдік санынан ұйымдар үшін келесі мөлшерлерде:
осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін үш пайыз мөлшерінде белгіленсін.
осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін екі пайыз мөлшерінде;
осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін екі пайыз мөлшерінде белгіленсін;
2. "Бөкей ордасы ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын және Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің интернетресурстарында орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Акқалиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бөкей ордасы ауданының әкімі | Н. Даумов |
Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 22 қарашадағы № 169 қаулысына 1 қосымша |
Бөкей ордасы ауданы бойынша 2022 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға
дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру
ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды
жұмысқа орналастыру үшін квота
№ | Ұйымның атауы | Жұмыс орындарының саны | Квотаның мөлшері | Квота белгіленген жұмыс орындар саны |
1 | "Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі | 37 | 3 | 1 |
2 | "Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің "Мәншүк Мәметова атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекетті мекемесі | 112 | 3 | 3 |
3 | "Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің "Мұхамед-Салық Бабажанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекетті мекемесі | 119 | 3 | 4 |
Барлығы | 268 | 8 |
Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 22 қарашадағы № 169 қаулысына 2 қосымша |
Бөкей ордасы ауданы бойынша 2022 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан
босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота
№ | Ұйымның атауы | Жұмыс орындарының саны | Квотаның мөлшері | Квота белгіленген жұмыс орындар саны |
1 | "Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі | 37 | 2 | 1 |
2 | "Бөкей ордасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі | 39 | 2 | 1 |
3 | "Сайқын ауылдық округі әкімі аппараты"мемлекеттік мекемесі | 14 | 2 | 1 |
4 | "Хан ордасы ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі | 20 | 2 | 1 |
5 | "Мұратсай ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі | 15 | 2 | 1 |
6 | "Бисен ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі | 15 | 2 | 1 |
7 | "Темір Масин ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі | 12 | 2 | 1 |
8 | "Саралжын ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі | 11 | 2 | 1 |
9 | "Ұялы ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі | 10 | 2 | 1 |
Барлығы | 173 | 9 |
Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 22 қарашадағы № 169 қаулысына 3 қосымша |
Бөкей ордасы ауданы бойынша 2022 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған
адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
№ р/н | Ұйымның атауы | Жұмыс орындарының саны | Квотаның мөлшері | Квота белгіленген жұмыс орындар саны |
1 | "Бөкей ордасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі | 39 | 2 | 1 |
2 | "Бөкей ордасы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" мемлекеттік мекемесі | 71 | 2 | 1 |
3 | "Бөкей ордасы аудандық мәдениет бөлімінің Бөкей ордасы аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 61 | 2 | 1 |
4 | "Сайқын ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі | 14 | 2 | 1 |
5 | "Хан ордасы ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі | 20 | 2 | 1 |
6 | "Мұратсай ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі | 15 | 2 | 1 |
7 | "Бисен ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі | 15 | 2 | 1 |
8 | "Темір Масин ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі | 12 | 2 | 1 |
9 | "Саралжын ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі | 11 | 2 | 1 |
10 | "Ұялы ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі | 10 | 2 | 1 |
Барлығы | 268 | 10 |