Бөкей ордасы ауданы бойынша 2023 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 21 қарашадағы № 148 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы №412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13898 тіркелген) сәйкес Бөкей ордасы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бөкей ордасы ауданы бойынша 2023 жылға жұмыс орындарының квотасы ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдардың жұмыскерлерінің тізімдік санынан ұйымдар үшін келесі мөлшерлерде:

      осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін үш пайыз мөлшерінде белгіленсін.

      осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін бес пайыз мөлшерінде белгіленсін;

      осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін алтыдан он төрт пайызға дейінгі мөлшерінде белгіленсін;

      2. "Бөкей ордасы ауданы әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын және Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің интернетресурстарында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. "Бөкей ордасы ауданы бойынша 2022 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 22 қарашадағы №169 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Акқалиевке жүктелсін.

      5. Осы қаулы 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бөкей ордасы ауданының әкімі Н. Даумов

  Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің
2022 жылғы "21" қарашадағы
№ 148 қаулысына 1 қосымша

Бөкей ордасы ауданы бойынша 2023 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйымның атауы

Жұмыс орындарының саны

Квотаның мөлшері %

Квота белгіленген жұмыс орындар саны

1

"Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі

35

3

1


Барлығы

35


1

  Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің
2022 жылғы "21" қарашадағы
№ 148 қаулысына 2 қосымша

Бөкей ордасы ауданы бойынша 2023 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйымның атауы

Жұмыс орындарының саны

Квотаның мөлшері %

Квота белгіленген жұмыс орындар саны

3

"Сайқын ауылдық округі әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі

19

5

1


Барлығы

19


1

  Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің
2022 жылғы "21" қарашадағы
№ 148 қаулысына 3 қосымша

Бөкей ордасы ауданы бойынша 2023 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

№ р/н

Ұйымның атауы

Жұмыс орындарының саны

Квотаның мөлшері %

Квота белгіленген жұмыс орындар саны

1

"Алина" шаруа қожалығы

7

14

1

2

"Ерсайн" шаруа қожалығы

15

6

1


Барлығы

22


2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады