Жаңақала ауданы бойынша ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу тәртібін бекіту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 30 қарашадағы № 287 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Жаңақала ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жаңақала ауданы бойынша ауылдық округтер бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу тәртібі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Жаңақала аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Мұхамбетжановқа жүктелсін.

      Аудан әкімі Д. Закарин

  Жаңақала ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 30 қарашадағы
№ 287 қаулысына қосымша

Жаңақала ауданының ауылдық округтері бюджеттерінің кірістері мен
шығындарының болжамды көлемдерін есептеу тәртібі

1-тарау. Негізгі ережелер

      Осы Жаңақала ауданының ауылдық округтері бюджеттерінің кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін есептеу тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің (бұдан әрі – Бюджет кодексі) 45-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді және Жаңақала ауданының ауылдық округтері бюджеттерінің (бұдан әрі – ауылдық округтер) кірістері мен шығындарының болжамды көлемін есептеу кезінде қолданылады.

2-тарау. Ауылдық округтер бюджеттері кірістерінің болжамды көлемін айқындау

      1. Ауылдық округтер бюджеттері кірістерінің болжамды көлемдері Бюджет кодексінің 65-бабына сәйкес бекітілетін бюджет түсімдерін болжау әдістемесіне сәйкес есептеледі.

3-тарау. Ауылдық округтердің бюджеттері шығындарының болжамды көлемін айқындау

      2. Ауылдық округтер бюджеттері шығындарының болжамды көлемі Бюджет кодексінің 56-1-бабында белгіленген функционалдық белгісі бойынша шығыстар бағыттарын ескере отырып, ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша және бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлемінің сомасы ретінде есептеледі.

      Бұл ретте тұрақты сипаты бар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік басқару функцияларын және мемлекеттің міндеттемелерін орындау жөніндегі ауылдық округ әкімдері аппараттарының қызметін қамтамасыз етуге, сондай-ақ стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың мақсатына қол жеткізуге, нақты міндеттері мен іс-шараларын шешуге бағытталған ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша шығындардың болжамды көлемі:

      еңбекақы төлеуге, коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге, өнімдер мен дәрілік заттарды сатып алуға, жәрдемақылар төлеуге және басқа да шығындардан (бұдан әрі – ағымдағы шығындар);

      материалдық-техникалық базаны нығайтуға, күрделі жөндеуге және басқа да шығындарға арналған шығындардан (бұдан әрі-күрделі сипаттағы шығындар) тұрады.

4-тарау. Ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін есептеу

      3. Ағымдағы шығындарды есептеу үшін тұтастай алғанда ауылдық округтер бюджеттері бойынша ағымдағы шығындардың болжамды көлемі айқындалады.

      4. Ауылдық округ бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін айқындау кезінде есепке алынады:

      1) қаланың әлеуметтік-экономикалық даму болжамына және бюджеттік параметрлеріне сәйкес жоспарланған кезеңде тұтыну бағаларының индексіне ағымдағы шығындардың ұлғаюын ескере отырып, ағымдағы шығындардың жиынтық көлемі (еңбекақыны қоспағанда);

      2) ауылдық округтер бюджеттерінің шығыстарын ұлғайтуды немесе қысқартуды көздейтін және жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгізілетін Қазақстан Республикасы Заңдарының ережелері;

      3) Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулылары жобаларының, Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарының, орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулыларының, орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарын бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде олардың құрылымына ведомство кіретін, жергілікті бюджеттердің түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін және жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгізілетін мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілері;

      4) бұрын ағымдағы нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылған тұрақты сипаттағы шығындар;

      5) ауылдық округтер бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе қысқартуды көздейтін және жоспарланып отырған кезеңде қолданысқа енгізілетін Ақжайық ауданының өкілді және атқарушы органдар шешімдерінің ережелері.

      5. Ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының жиынтық болжамды көлемінен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экологиялық үстемеақы төлеуге, материалдық көмек көрсетуге және мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне қосымша демалыстарға арналған қаражат алынып тасталады және ауылдық округтер бюджеттері бойынша ағымдағы шығындардың болжамды көлемі есептелгеннен кейін абсолюттік сомалар қосылады.

      6. Ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының көлемін болжаудың есеп айырысу базасына жоспарланатын кезеңнің алдындағы жылдың нақтыланған жоспарына сәйкес ағымдағы шығындардың көлемі қабылданады.

      7. Ауылдық округтер бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемін есептеу осы Тәртіпке қосымшаға сәйкес мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын функционалдық кіші топтардың тізбесі, оларға көрсеткіштер мен коэффициенттердегі келтірілген көрсеткіштер мен коэффициенттерді ескере отырып жүзеге асырылатын мемлекеттік функциялардың функционалдық кіші топтар бөлінісінде жүргізіледі.

      8. Жеке функционалдық кіші топ бойынша жекелеген ауылдық округтің ағымдағы шығындарының есебі мынадай формула бойынша жүргізіледі:

     


      мұнда:

      АШіj - і ауылдық округтің j-функционалдық кіші тобы бойынша ағымдағы есептік шығындары;

      Шj – j функционалдық кіші тобы бойынша барлық ауылдық округтердің бюджеттері бойынша ағымдағы шығындарының жиынтық болжамды көлемі;

      Тіj - і ауылдық округтің j-функционалдық кіші тобы бойынша мемлекеттік қызметтерді тұтынушылар саны;

      К1іj, ..., Кnіj – і ауылдық округте j-ші функционалдық кіші топ бойынша орташа қалалық деңгейден мемлекеттік қызметтер көрсету құнындағы айырмашылықтарды негіздейтін объективті факторларды ескеретін коэффициенттер.

      9. Ағымдағы шығындардың болжамды көлемін есептеу кезінде мемлекеттік қызметтерді көрсету құнындағы айырмашылықтарды негіздейтін объективті факторларды көрсететін мынадай коэффициенттер қолданылады:

      1) урбандалу коэффициенті:

     


      мұнда:

      Халіқала – i аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің қала халқы санының болжамы;

      Халі – i- ауылдық округтегі халық санының болжамы.

      Урбандалу коэффициенті жеке функционалдық кіші топтар бойынша қалалық жерлердегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға байланысты шығындардың барынша жоғары орташа қалалық деңгейін ескереді;

      2) қоныстандыру дисперсиялығының коэффициенті:

     


      мұнда:

      Халікіш – халық саны 500 адамнан аз елді мекендерде тұратын і ауылдық округтегі халық санының болжамы;

      Халі – і ауылдық округтегі халықтың жалпы санының болжамы.

      Қоныстандыру дисперсиялығының коэффициенті елді мекеннің мөлшеріне тәуелсіз мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің белгілі бір жинағын, оның ішінде қосымша көлік және өзге де шығыстарды ескере отырып, қамтамасыз ету қажеттігіне негізделген шығындардың орташа қалалық деңгейімен салыстырғандағы барынша жоғары деңгейін ескереді;

      3) ауқым коэффициенті:

     


      мұнда:

     


      ауылдық округ халқы санының орташа қалалық деңгейден ауытқуы есепке алынатын салмақ;

     

– ауылдық округ халқының орташа санының болжамы;

      Халi – i- ауылдық округтегі халық санының болжамы.

      Ауқым коэффициенті тұтынушылар санының өсуімен, бір тұтынушыға шаққандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынуға арналған шығындар көлемінің төмендеуін көрсететін ауқымның тиімділігін ескереді;

      4) ауылдық жердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу коэффициенті:

     


      мұнда:

      Халіауыл – i- ауылдық округтің ауыл халқы санының болжамы;

     

- j-функционалдық кіші топ бойынша (ауылдық округтер бойынша жиынтық сомада) ағымдағы шығындардың жалпы көлеміндегі жалақының үлесі.

      Ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу коэффициенті жекелеген функционалдық кіші топтар бойынша ауылдық жерлердегі жалақыға қосымша шығыстар қажеттілігін ескереді;

      5) тығыздық коэффициенті:

     


      мұнда:

     

– Жаңақала ауданы бойынша халықтың орташа тығыздығы;

     

– i- ауылдық округтегі халықтың тығыздығы;

     

ауылдық округтер халқының тығыздығының орташа қалалық деңгейден ауытқуы ескерілетін салмақ.

      Тығыздық коэффициенті қала халқы тығыздығының төмендеуіне байланысты ауылдық округтер бюджеттерінің шығындарының ұлғаюын ескереді;

      6) жолдарды күтіп-ұстау коэффициенті:

     


       мұнда:

      Ni – "Автомобиль жолдары туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 38) тармақшасына сәйкес бекітілетін і-ауылдық округтің жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативі;

     

– Жаңақала ауданы бойынша автомобиль жолдарын күтіп-ұстауды қаржыландыру нормативі;

      7) кедейлікті есепке алу коэффициенті (табысы күнкөріс деңгейінен төмен адамдардың үлесі негізінде):

     


      мұнда:

      bi – і ауылдық округтегі жалпы халық саны ішінде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халықтың үлесі.

      Кедейлікті есепке алу коэффициенті қала өңірлері бюджеттерінің табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халық үлесінің өсуіне байланысты әлеуметтік көмек төлемдеріне шығындардың ұлғаюын ескереді;

      8) жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу коэффициенті:

     


      мұнда:

     

– i- ауылдық округтегі жылыту маусымының кезеңі;

     

– Жаңақала ауданы бойынша жылыту маусымының орташа кезеңі;

     

– ауылдық округ бюджеттердің ағымдағы шығындарының жалпы көлеміндегі жылытуға жұмсалатын шығындардың үлесі.

      Жылыту маусымының ұзақтығын есептеу коэффициенті қала өңірлері бюджеттерінің жылытуға жұмсайтын шығындарының Жаңақала ауданындағы жылыту маусымының ұзақтығына байланысын ескереді.

      10. Келесі екі жылдардағы ауылдық округ бюджеттерінің ағымдағы шығындарының көлемін болжаудың есептік базасына тұтыну бағаларының индексін ескере отырып, үш жылдық кезеңнің бірінші жылының ауылдық округ бюджеттерінің ағымдағы шығындарының болжамды көлемі қабылданады.

5-тарау. Ауылдық округтер бюджеттерінің күрделі сипаттағы шығындарының болжамды көлемін есептеу

      11. Күрделі сипаттағы шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемі ауылдық округтің ағымдағы шығындарын қаржыландырудың жалпы көлеміне пайыздық қатынасына сәйкес жылдар бойынша бөле отырып айқындалады.

      Әрбір ауылдық округ бойынша жеке күрделі сипаттағы шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың болжамды көлемін есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      КШі = k* ЕШі,

      мұнда:

      КШі – і ауылдық округтің күрделі сипаттағы есептік шығындары;

      ЕШі – і ауылдық округтің ағымдағы есептік шығындары;

      k – күрделі сипаттағы шығындардың ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне пайыздық қатынасының шамасы.

      Жаңақала ауданының бюджеті мен ауылдық округтер бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін k коэффициентінің шамасы қалалық бюджет комиссиясының шешімімен белгіленеді.

6-тарау. Ауылдық округ бюджеттерінің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың болжамды көлемін есептеу

      12. Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың болжамды көлемі ауылдық округтің ағымдағы шығындарының болжамды көлеміне және кірістерінің болжамды көлеміне пайыздық қатынаста жылдар бөлінісінде айқындалады.

      Бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындарды қаржыландыру үшін көзделетін қаражаттың жалпы болжамды көлемін есептеу әрбір ауылдық округ бойынша жеке мына формула бойынша жүргізіледі:

      БДБШі = (r1*ЕШі) + (r2*КБКі) + (( r1 * ЕШі) + ( r2* КБКі))*K,

      мұнда:

      БДБШі – i ауылдық округтің бюджеттік даму бағдарламалары бойынша есептік шығындары;

      ЕШі – i ауылдық округтің ағымдағы есептік шығындары;

      КБКі – і ауылдық округтің кірістерінің болжамды көлемі;

      r1 – бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың ағымдағы шығындардың жалпы көлеміне пайыздық қатынасының шамасы;

      r2 – бюджеттік даму бағдарламалары бойынша шығындардың ауылдық округ бюджеттердің кірістерінің болжамды көлеміне пайыздық қатынасының шамасы.

      13. r1 және r2 коэффициентерінің шамасы Жаңақала ауданының бюджеті мен ауылдық округтер бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін айқындау үшін қалалық бюджет комиссиясының шешімімен белгіленеді.

  Жаңақала ауданының ауылдық
округтері бюджеттерінің
кірістері мен шығындарының
болжамды көлемдерін есептеу
тәртібіне қосымша

Мемлекеттік функцияларды жүзеге асыратын функционалдық кіші топтардың,
олардың көрсеткіштері мен коэффициенттерінің тізбесі

Функционалдық кіші топтардың атаулары

Көрсеткіштері

Коэффициенттері

1

2

3

1. Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер

Мемлекеттік басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкілді, атқарушы және басқа органдар

Тұрақты халық саны

қоныстандыру дисперсиялығы; тығыздық; ауқым; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Қаржылық қызмет

қоныстандыру дисперсиялығы; тығыздық; ауқым; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

5.Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызметтер

Тұрақты халық саны

урбандалу;

6. Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамсыздандыру

Әлеуметтік көмек

Тұрақты халық саны

қоныстандыру дисперсиялығы; кедейлікті есепке алу (табысы күнкөріс деңгейінен төмен адамдар үлесінің негізінде); ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы өзге де қызметтер

қоныстандыру дисперсиялығы; тығыздық; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

7. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

Тұрғын үй шаруашылығы

Тұрғын үй қорының жалпы ауданы (мың шаршы метр)

урбандалу; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Коммуналдық шаруашылық

Тұрақты халық саны

урбандалу; тығыздық; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Елді мекендерді көркейту

тығыздық; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

8. Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік

Мәдениет саласындағы қызмет

Тұрақты халық саны

урбандалу;ауқым; ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

Спорт

урбандалу; ауқым; ауылдық жерлердегі жұмыс үшін үстемеақыны есепке алу; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

12. Көлік және коммуникации

Автомобиль көлігі

Жергілікті маңызы бар автожолдардың, оның ішінде елді мекендер мен көшелер ішіндегі автожолдар ұзындығы (километр)

урбандалу; жолдарды күтіп ұстау; жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу

13. Басқалар

Басқалар

Тұрақты халық саны

жылыту маусымының ұзақтығын есепке алу


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады