2022 жылға Казталов ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы № 323 қаулысы. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 12 желтоқсандағы № 288 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 12.12.2022 № 288 қаулысымен (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2022 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы №498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес,мүгедектерді жұмыспен қамтуға жәрдем көрсету мақсатында, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2022 жылға ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстарда жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Казталов ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 28 сәуірдегі №96 "Казталов ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6209 тіркелген, 2020 жылғы 4 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Казталов ауданы әкімі аппаратының басшысы (Ж.Темірғалиев) осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Казталов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілсін.

      Аудан әкімі А.Есалиев

  Казталов ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 323 қаулының қосымшасы

2022 жылға мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленетін Казталов ауданы ұйымдарының тізбесі

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері

жұмыс орындарының саны (бірлік)

1.

"Батыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Казталов арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы"

72

2

1

2.

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Казталов аудандық ауруханасы" ШЖҚ МКК

280

4

11

3.

Казталов ауданы әкімдігі мәдиниет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "С.Садықов атындағы Казталов аудандық мәдени демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

248

3

7

4.

"Казталов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі

62

2

1

5.

"Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Казталов ауданы білім беру бөлімінің "Бостандық жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

101

3

3

6.

"Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Казталов ауданы білім беру бөлімінің "К.Мендалиев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

105

3

3

7.

"Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Казталов ауданы білім беру бөлімінің "Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

62

2

1

8.

"Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Казталов ауданы білім беру бөлімінің "Ғ.Молдашев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

104

3

3



1034


30


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады