2023 жылға Казталов ауданы бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 12 желтоқсандағы № 288 қаулысы. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 28 тамыздағы № 196 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімдігінің 28.08.2023 № 196 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы №498 "Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2023 жылға ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстарда жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Казталов ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 2 желтоқсандағы №323 "2022 жылға Казталов ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын (2021 жылғы 28 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

      3. Казталов ауданы әкімі аппаратының басшысы осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Казталов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілсін.

      Аудан әкімі Р.Зулкашев

  Казталов ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 288 қаулының қосымшасы

2023 жылға мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленетін Казталов ауданының ұйымдарының тізбесі

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квота мөлшері %

Жұмыс орындарының саны (бірлік)

1.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Казталов ауданының білім беру бөлімінің Бірік орта жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

80

2

2

2.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Казталов ауданының білім беру бөлімінің Тереңкөл орта жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

74

2

1

3.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының "Казталов ауданының білім беру бөлімінің Қарасу орта жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

70

2

1


БАРЛЫҒЫ

224


4


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады