Қаратөбе ауданы бойынша 2022 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 15 желтоқсандағы № 137 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық - атқару кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата - анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата - анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген) бұйрығына сәйкес, аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қаратөбе ауданы бойынша 2022 жылға жұмыс орындарының квотасы ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдардың жұмыскерлерінің тізімдік санынан ұйымдар үшін келесі мөлшерлерде белгіленсін:

      осы қаулының 1 - қосымшасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін екі пайыз мөлшерінде;

      осы қаулының 2 - қосымшасына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін екі пайыз мөлшерінде;

      осы қаулының 3 - қосымшасына сәйкес ата - анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата - анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін бір пайыз мөлшерінде.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Сұлтанға жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Қ.Сүйеуғалиев

  Қаратөбе ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 137 қаулысына 1-қосымша

Қаратөбе ауданы бойынша 2022 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымдардың атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері(%)

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны

1.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қаратөбе аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

261

2

5

2.

"Қаратөбе аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Қаратөбе аудандық мәдени демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

68

2

1

3.

"Қаратөбе аудандық білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі

49

2

1

4.

"Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

21

2

1

5.

Қаратөбе ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қаратөбе аудандық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны"

37

2

1

  Қаратөбе ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 137 қаулысына 2-қосымша

Қаратөбе ауданы бойынша 2022 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымдардың атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (%)

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны

1.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Қаратөбе аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

261

2

5

2.

"Қаратөбе аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің Қаратөбе аудандық мәдени демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

68

2

1

3.

"Қаратөбе аудандық білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі

49

2

1

4.

"Қаратөбе ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

21

2

1

5.

Қаратөбе ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Қаратөбе аудандық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны"

37

2

1

  Қаратөбе ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 137 қаулысына 3-қосымша

Қаратөбе ауданы бойынша 2022 жылға ата–анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата–анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымдардың атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері(%)

Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны

1.

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

23

1

1

2.

Қаратөбе аудандық білім беру бөлімінің "Балалар мен жасөспірімдер саяхаты және экология орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

48

1

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады