Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 29 қарашадағы № 148 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Сырым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Сырым ауданы бойынша мынадай тізімдік саны бар ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота жұмыскерлердің екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде қосымшаға сәйкес белгіленсін:

      2. Сырым ауданы әкімі аппаратының басшысы осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Саркуловқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Т. Турегалиев

  Сырым ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 29 қарашадағы
№ 148 қаулысына қосымша

2022 жылға арналған Сырым ауданы бойынша мүгедектер үшін ұйымдар бөлінісінде
жұмыс орындарына квота

Ұйымның атауы

Жұмыс орындарының саны

Квота пайызы

Квота белгіленген жұмыс орындарының саны

2022 жылға арналған квота

1.

"Сырым аудандық білім бөлімінің жалпы білім беретін Қ.Мырзалиев атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

136

3%

4

1

2.

"Сырым ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің" "Демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

165

3%

5

1

3.

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Сырым аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны

395

4%

16

1


Барлығы

696

3%

25

3


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады