Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мүддесінде мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Бас штабы және Қарулы Күштері құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 18 мамырдағы № 312 бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 18 тамыздағы № 684 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Қорғаныс министрінің 18.08.2022 № 684 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ереженің 19-86) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мүддесінде мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Бас штабы және Қарулы Күштері құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасау қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "20015 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 шілдедегі № 439 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу қағидаларының 10-тармағының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жолдауды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастырылған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі генерал-полковник
Р. Жақсылықов

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2022 жылғы 18 мамырдағы
№ 312 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мүддесінде мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Бас штабы және Қарулы Күштері құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мүддесінде мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Бас штабы және Қарулы Күштері құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасауын айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

      1) ағымдағы қаржы жылы – жоспарлы жыл алдындағы жыл;

      2) жабдықталым органдары – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қарулы Күштері Бас штабының құрылымдық бөлімшелері, республикалық мемлекеттік мекемелер, сондай-ақ мүддесінде әскери мақсаттағы тауармен (өніммен), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауармен (өніммен), әскери мақсаттағы жұмыспен және әскери мақсатта көрсетілетін қызметпен (бұдан әрі – қорғаныстық тапсырыс өнімі) қамтамасыз ету жүргізілетін және мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын, қажеттілікті уақтылы айқындауға, мемлекеттік сатып алу шеңберінде ақша қаражатын жоспарлауға(оның ішінде сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің кемінде үш баға ұсынысын беруге), қорғаныстық тапсырыс өніміне және мемлекеттік сатып алу бойынша тауарға, жұмысқа, көрсетілетін қызметке тактикалық-техникалық тапсырманы (техникалық ерекшелікті, тактикалық-техникалық сипаттаманы) (бұдан әрі – техникалық тапсырма) әзірлеуге, сондай-ақ оларды қабылдауды бақылауға жауапты тапсырыс берушінің бас басқармалары;

      3) қабылдаушы – шарттар бойынша тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті қабылдауды тікелей жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Бас штабының, Қарулы Күштерінің құрылымдық бөлімшесі, сондай-ақ республикалық мемлекеттік мекеме;

      4) қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласында басшылық жасауды және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;

      5) тапсырыс беруші – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мемлекеттік сатып алу шеңберінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мұқтажы үшін тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті сатып алуды жүзеге асыруға, шарт жасауға және олар бойынша төлем жүргізуге уәкілеттік берген республикалық мемлекеттік мекеме;

      Бұл ретте тапсырыс берушілерге және жабдықталым органдарына бір тұлға ретінде болуға жол беріледі;

      6) ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімін жүзеге асыруға уәкілеттік берген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің республикалық мемлекеттік мекемесі;

      7) уәкілетті құрылымдық бөлімше (тек мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру кезінде) – мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласында басшылық жасауды және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органмен мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс мәселелері бойынша өзара іс-қимылды үйлестіруге жауапты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшесі.

      3. Жабдықталым органы және қабылдаушы осы Қағидаларда айқындалған және көзделген тапсырыс берушінің кейбір функцияларын орындайтын оның өкілдері болып табылады.

2-тарау. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру кезіндегі өзара іс-қимыл процесі

1-параграф. Тактикалық-техникалық тапсырмаларды (техникалық ерекшеліктерді, тактикалық-техникалық сипаттаманы) қалыптастыру тәртібі

      4. Техникалық тапсырмаларды қалыптастыруды жабдықталым органдары жүзеге асырады.

      5. Жабдықталым органдары алдағы қаржы жылының 1 маусымынан кешіктірмей уәкілетті құрылымдық бөлімшеге тиісті жоспарлы кезеңге сатып алу жоспарланып отырған қорғаныстық тапсырыс өнімінің саны (көлемі) мен жеткізу орындары туралы мәліметтерді қоса бере отырып, қағаз немесе электрондық түрде қажетті қорғаныстық тапсырыс өніміне бекітілген техникалық тапсырмаларды жолдайды.

      Сатып алу жоспарланып отырған қорғаныстық тапсырыс өнімі бойынша жиынтық мәліметтерді жабдықталым органдары уәкілетті құрылымдық бөлімшеге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бірыңғай тізбемен жолдайды.

      Бұл ретте, алдыңғы қаржы жылы тиісті жоспарлы кезеңге дейін екі жыл бұрынғы кезең болып табылады.

      6. Техникалық тапсырмаларда мазмұндалған қорғаныстық тапсырыс өнімінің атауы жолданатын тізбедегі және одан кейінгі қорғаныстық тапсырыс өніміне өтінімдегі атауға сәйкес келуі қажет.

      7. Баға ұсыныстарын алу мақсатында уәкілетті құрылымдық бөлімше алдыңғы қаржы жылының 1 шілдесінен кешіктірмей бекітілген техникалық тапсырмаларды жинақтауды жүзеге асырады және сатып алу жоспарланып отырған қорғаныстық тапсырыс өнімінің саны (көлемі) мен жеткізу орындары туралы жиынтық мәліметтерді (тізбені) қоса бере отырып, оларды уәкілетті органға жолдайды.

2-параграф. Қорғаныстық тапсырыс өнімінің алдын ала тізімін қалыптастыру

      8. Уәкілетті құрылымдық бөлімше алдыңғы қаржы жылының 15 қарашасына дейінгі мерзімде шығыстар лимиттерін қалыптастырады, содан кейін оларды Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарымен келіседі.

      Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыспен бекітілген жалпы лимит шегіндегі шығыстар лимиттері тиісті жоспарлы кезеңге әрбір жабдықталым органына жеткізіледі.

      9. Жабдықталым органдары ағымдағы қаржы жылының 10 қаңтарына дейінгі мерзімде уәкілетті органнан алынған бағаларға сәйкес уәкілетті құрылымдық бөлімшеге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті жоспарлы кезеңге шығыстардың өздеріне бөлінген лимиттері шегінде қорғаныстық тапсырыс өнімін сатып алу жоспарланып отырған бекітілген алдын ала тізімдерді және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қару-жарақпен және әскери техникамен, құралдармен және мүлікпен жабдықтаудың заттай нормаларының қаржылық қамтамасыз етілуі туралы ақпаратты ұсынады.

      Бекітілген шығыстар лимитінің шегіне енбеген қорғаныстық тапсырыс өнімін жабдықталым органы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қосымша қажеттілік ретінде көрсетеді.

      Бұл ретте, жоспарлы кезеңнің алдындағы жыл ағымдағы қаржы жылы болып табылады.

      10. Жабдықталым органдары қорғаныстық тапсырыс өнімінің бекітілген алдын ала тізімдерінде қамтамасыз ету түрлері бойынша жабдықтау нормаларына, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын қаруландыруға немесе жарақтандыруға қабылданған, жиынтықтаушы және қосалқы бөлшектерді қоспағанда, қызмет бағыттары бойынша дамыту жол карталарына сәйкес келетін өнімді немесе тәжірибелік үлгі ретінде сатып алуға жоспарланғандарды көрсетеді.

      11. Уәкілетті құрылымдық бөлімше ұсынылған алдын ала тізімдерге сәйкес ағымдағы қаржы жылының 15 ақпанына дейінгі мерзімде тиісті жоспарлы кезеңге бұрын қорғаныстық тапсырыспен бекітілген сома шегінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мүддесінде қорғаныстық тапсырыс өнімінің алдын ала жиынтық тізімін (бұдан әрі – Алдын ала жиынтық тізім) қалыптастырады және уәкілетті органға жолдайды.

      Қосымша қажеттілік болған кезде уәкілетті құрылымдық бөлімше уәкілетті органға қосымша өтінім жолдайды.

3-параграф. Қорғаныстық тапсырыс өніміне өтінімдер қалыптастыру тәртібі

      12. Қорғаныстық тапсырыс өніміне өтінімдерді қалыптастыруды жабдықталым органдары қызмет бағыттары бойынша жүзеге асырады.

      13. Жабдықталым органдары тиісті жоспарлы кезеңге Республикалық бюджет туралы заңға қол қойылғаннан кейін ағымдағы қаржы жылының 5 желтоқсанына дейін уәкілетті құрылымдық бөлімшеге осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорғаныстық тапсырыс өніміне бекітілген өтінімдерді ұсынады.

      Бұл ретте жабдықталым органдары өтінімдерде қамтамасыз ету түрлері бойынша жабдықтау нормаларына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын қаруландыруға немесе жарақтандыруға қабылданған қорғаныстық тапсырыстың өнімін, жиынтықтаушы және қосалқы бөлшектерді қоспағанда, немесе жоспарланып отырған қызмет бағыттары бойынша дамыту жол карталарын ғана ескеруге тиіс.

      14. Уәкілетті құрылымдық бөлімше іс жүргізуге өтінімдер келіп түскен сәттен бастап жоспарланған кезеңге Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қорғаныстық тапсырыс өніміне жиынтық өтінімді (бұдан әрі – жиынтық өтінім) қалыптастырады.

      15. Уәкілетті құрылымдық бөлімше жиынтық өтінімді бекіту үшін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министріне немесе жиынтық өтінімге қол қоюға уәкілетті Қорғаныс министрінің орынбасарына ұсынады және тиісті жоспарлы кезеңге арналған Республикалық бюджет туралы заңға қол қойылғаннан кейін ағымдағы қаржы жылының 15 желтоқсанына дейінгі мерзімде оны уәкілетті органға жолдайды.

      16. Тиісті кезеңге арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне қол қойылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде уәкілетті құрылымдық бөлімше қажет болған кезде уәкілетті органға нақтыланған жиынтық өтінімді ұсынады.

4-параграф. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс іс-шараларын орындау кезінде шарт және хабарлама жолдау

      17. Жабдықталым органы үш жұмыс күні ішінде шарттар келіп түскен күннен бастап олардың көшірмелерін қабылдаушыларға жолдайды және шарттардың талаптарына сәйкес қорғаныстық тапсырыс өнімін қабылдау бөлігінде соңғы міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді. Шарттың келіп түскен данасы жабдықталым органда сақталады.

      18. Қорғаныстық тапсырыс өнімі атауының, сапасының, санының және/немесе жиынтықтылығының шарт талаптарына сәйкес келмеу фактісі анықталған кезде қабылдаушы бұл туралы шарт тараптарын хабардар етеді.

      Жабдықталым органы осы фактілер бойынша уәкілетті құрылымдық бөлімшені хабардар етеді.

3-тарау. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезіндегі өзара іс-қимыл 1-параграф. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) әзірлеу және бекіту

      19. Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен (бұдан әрі – Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары) бекітілген тәртіпте және үлгіде тиісті бюджет негізінде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) әзірлейді және бекітеді, бұл ретте мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары тиісті бюджеттік комиссияның оң ұсынысының келіп түсуінен кейін он бес жұмыс күні ішінде әзірленеді.

      20. Келе жатқан қаржы жылына мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) әзірлеу және бекіту үшін жабдықталым органдары:

      1) ағымдағы қаржы жылының 1 тамызына дейін алдын ала мемлекеттік сатып алудың жоспарына лимитке дейін жоспарланған кезеңге бюджеттік өтінім негізінде жабдықталым органының бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы адаммен бекітілген сатып алудың тәсілінің негіздемесін және сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтердің әр тармағы бойынша бірыңғай номенклатура анықтамасының қодын қоса отырып ұсыныстар, осы Қағидалардың 31 және 32-тармақтарына сәйкес әзірленген техникалық ерекшеліктерді, сонымен бірге конкурстық және сараптама комиссиялар құрамына қосу үшін адамдар тізімін және мемлекеттік сатып алу туралы шарт жоспарына ұсыныстарды тапсырыс берушінің мекенжайына жолдайды;

      2) ағымдағы қаржы жылының 1 қарашасына дейін тапсырыс берушінің мекенжайына жабдықталым органының бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы адаммен бекітілген сатып алудың негіздемесі және әр тармақ бойынша тауарлар, жұмыстар, қызметтердің бірыңғай номенклатура анықтаманың кодын қоса отырып мемлекеттік сатып алудың жоспарына ұсыныстар, осы Қағидалардың 31 және 32-тармақтарына сәйкес әзірленген техникалық ерекшеліктерді, сонымен бірге конкурстық және сараптама комиссиялар құрамына қосу үшін адамдар тізімін және мемлекеттік сатып алу туралы шарт жоспарына ұсыныстарды тапсырыс берушінің мекенжайына жолдайды.

      Мемлекеттік сатып алудың жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жоспарына) ұсыныстар Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларымен бекітілген мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына орнатылған үлгіде әзірленеді, жабдықталым органының бірінші басшысымен немесе оның міндетін атқарушы адаммен қол қойылады.

      21. Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) ұсыныстар енгізер кезде жабдықталым органы тауарлар, жұмыстар, қызметтердің сатып алу тәсіліне және Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкіметімен айқындалған таратылуы шектеулі қызметтік ақпарат қамтитын мәліметтерді өзге ұйымдарға берудің мақсатқа сай келуін, мемлекеттік құпиялды қорғау және ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне жетекшілік ететін құрылымдық бөлімшенің бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушысымен келісілген жазба негіздемені тапсырыс берушіге ұсынады.

      22. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) ұсыныстар және оларға өзгерістер (толықтырулар) тапсырыс берушіге жолданар алдында, жабдықталым органдарымен:

      1) бюджеттік жоспарлау және қаржыландыру бойынша орталық уәкілетті құрылымдық бөлімшенің бірінші басшысы немесе оның міндетін уақытша атқарушы адаммен бюджетке сәйкестікке;

      2) мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздікке жауапты құрылымдық бөлімшенің бірінші басшысы немесе оның міндетін уақытша атқарушы адаммен Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкестікке келістіреді;

      Көзделген талаптар тапсырыс берушімен жабдықталым органының бір тұлға ретінде әрекет етуі жағдайында қолданылмайды.

      23. Тапсырыс беруші жабдықталым органдарымен ұсынылған мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) ұсыныстарды қарау нәтижесі бойынша оларды қабылдайды немесе қабылдаудан бас тартады.

      Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) қабылдаудан бас тартылған ұсыныстар тапсырыс берушінің іс-жүргізуіне келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде негізделген бас тартуды қоса отыра қайтарылады.

      24. Жабдықталым органы ескертулерді алғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде оларды жояды, және тапсырыс берушінің мекенжайына қайта мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) осы Қағидалардың 22-тармағына сәйкес келісілген ұсыныстарды жолдайды.

      25. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) ұсыныстарды қайта енгізгеннен кейінекі жұмыс күні ішінде жабдықталым органымен ескертулерді толық жою жағдайында, көзделген жоспарды қабылдайды.

      26. Бекітілген мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу үшін жабдықталым органы ай сайын, келесі айдың 10 жұлдызына дейін тиісті жоспарға осы Қағидалардың 22-тармағына сәйкес келісілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы ұсынысты тапсырыс берушінің мекенжайына жолдайды.

      27. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарымен көзделмеген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу кезінде жабдықталым органы сатып алу тәсілін және тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің бірыңғай номенклатуралық анықтамасының кодын негіздеумен мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы тиісті ұсыныстарды және әр тармақ бойынша сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтерге үштен кем емес баға ұсынымын, сонымен бірген осы Қағидалардың 31 және 32-тармақтарына сәйкес әзірленген техникалық ерекшеліктерді әзірлейді және жолдайды.

      28. Тапсырыс беруші және жабдықталым органы бір тұлға ретінде әрекет еткен жағдайда, тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) және оларға өзгерістерді (толықтыруларды) бекіткенге дейін, оларды:

      1) бюджеттік жоспарлау және қаржыландыру бойынша орталық уәкілетті құрылымдық бөлімшенің бірінші басшысы немесе оның міндетін уақытша атқарушы адаммен бюджетке сәйкестікке;

      2) мемлекеттік құпияларды қорғау және ақпараттық қауіпсіздікке жауапты құрылымдық бөлімшенің бірінші басшысы немесе оның міндетін уақытша атқарушы адаммен Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкестікке келістіреді.

      29. Тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын) және оларға өзгерістерді (толықтыруларды) бекіткеннен кейін оларды мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысын және енгізілетін өзгерістерді көрсетумен түсініктеме хатымен ұйымдастырушының мекенжайына жолдайды.

      30. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алудың веб-порталына мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарын орнатқаннан кейін он жұмыс күні ішінде және ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алудың алдын ала жоспарын бекіткеннен кейін он жұмыс күні ішінде ұйымдастырушының мекенжайына алдын ала жылдық жоспарлармен қарастырылған бірінші кезектегі тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша конкурстық рәсімдерді өткізуге өтінімдер жолдайды.

      Бірінші кезектегі тауарлар, жұмыстар, қызметтерге:

      олардың жеткізілу мерзімі келе жатқан қаржы жылының бірінші тоқсанының соңына қарастырылған тауарлар;

      келе жатқан қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап олардың орындалуы және көрсетілуі қажет жұмыстар, қызметтер жатады.

2-параграф. Техникалық ерекшелікті әзірлеу

      31. Жабдықталым органы сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтердің техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық ерекшелігін әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 21-бабы 2-тармағы 2) тармақшасы, 38-бабы 1-тармағы 2) тармашасының талаптарын, сонымен бірге "Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1200 қаулысының және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының талаптарын басшылыққа алады.

      Жабдықталым органына сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтердің техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық ерекшелігін әзірлеу үшін сараптама комиссиясын құруға жол беріледі.

      32. Сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, қызметтерге әзірлерген техникалық тапсырма және (немесе) техникалық ерекшелік сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің ұлттық стандарттарын, ал олардың болмаған жағдайында халықаралық стандарттарын қамтиды. Ұлттық және халықаралық стандарттардың болмаған кезінде мемлекеттік сатып алудың нормалауын ескере отырып, қажетті ерекшеліктерді, жоспарларды, сызбаларды, эскиздерді қоса отырып сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтердің қажетті фнкционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану мінездемелері көрсетіледі.

      Сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтердің қажетті функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану мінездемелері нақты қажеттілікке сәйкес орнатылады.

      Бұл ретте, техникалық ерекшелік жеткізілетін тауарларға техникалық регламенттермен, стандарттардың жағдайларымен немесе өзге Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес құжаттармен орнатылған талаптарға сәйкестігін мақұлдайтын құжаттарды ұсыну туралы талапты қамтиды.

      33. Жабдықталым органының бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам, ал егер тапсырыс беруші мен жабдықталым органы бір тұлға ретінде әрекет етсе, онда тапсырыс берушінің бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам басшылыққа алатын құжаттарға (техникалық регламенттер) және әрекеттегі мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарына сәйкестікті жүзеге асырғаннан кейін тахникалық тапсырмаға жене (немесе) техникалық ерекшелікке қол қояды.

      34. Әлеуетті өнім берушіге қойылатын талаптар Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес негізді түрде орнатылады.

      35. Әлеуетті өнім берушіге қойылатын, рұқсаттаманың (хабарламаның) бар болуы бойынша біліктілік талаптарын орнату жағдайында, рұқсаттаманың (хаттаманың) нақты атауы және код көрсетіледі.

      Құрылыс саласындағы жұмыстарды (құрылыс-монтаждау жұмыстары және жоспарлау бойынша жұмыстарды) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңымен қарастырылған сатып алу пәніне сәйкес келетін рұқсаттаманың (хабарламаның) нақты атау, қызмет түрі, лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі көрсетіледі.

      36. Әлеуетті өнім берушіге қойылатын, еңбек ресурстарының бар болуы бойынша біліктілік талаптарын орнату жағдайында, жұмысшының нақты мамандығы немесе біліктілігі және саны көрсетіледі.

      37. Әлеуетті өнім берушіге қойылатын, материалды ресурстарының бар болуы бойынша біліктілік талаптарын орнату жағдайында, материалды ресурстардың нақты атауы және саны көрсетіледі.

3-параграф. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру

      38. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыур үшін, жабдықталым органы қазақ және орыс тілдерінде келесі құжаттарды ұсына отыра тапсырыс берушіге қарау үшін өтінім жолдайды:

      1) қабылдаушының нақты мекенжайын және атауын көрсетумен (жеткізу базисі, қызмет көрсету, жұмыс орындау орны) сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтердің тізімін;

      2) жабдықталым органының бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы адаммен осы Қағидалардың 31 және 32-тармақтарына сәйкес әзірленген және бекітілген техникалық ерекшелікті (қағаз және электронды таспада).

      Техникалық ерекшеліктің орнына жобалау-сметалық құжаттаманы қажет ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық құжаттама техникалық ерекшеліктің орнына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттаманы қамту қажет;

      3) жабдықталым органымен тапсырыс берушіге ұсынылған сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтерге сәйкес келетін сала бойынша диплодардың/сертификаттардың көшірмелерін қоса отырып конкурстық және сараптама (сарапшы) комиссиялар құрамына қосу үшін кандидатураларды;

      4) ондайлардың болуы жағдайында мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шарттарға толықтырулар мен ұсыныстарды;

      5) Заңның 9-бабы 1-тармағына сәйкес және осы Қағидалардың 34, 35 және 36-тармақтарына сәйкес біліктілік талаптарын.

      Мемлекеттік сатып алулардың нәтижелері бойынша ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу қортындылар туралы хаттамасына қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде тапсырыс берушінің мекенжайына мемлекеттік сатып алулардың нәтижесін (қортындылар хаттамасын) ұсынады.

      Өткізілмеген деп танылған конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алулар бойынша жабдықталым органы Заңның 29-бабы 2-тармағымен қарастырылған ұсыныстарды сәйкес шешім қабылдау үшін жолдайды.

      Конкурс тәсілімен қайта мемлекеттік сатып алуларды өткізілмеген деп тану жағдайында, тапсырыс беруші жабдықталым органының жазбаша ұсыныс негізінде Заңның 29-бабы 3-тармақшасына сәйкес бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады.

      39. Баға ұсынысын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін жабдықталым органы бірінші басшысымен немесе оның міндетін атқарушы тұлғамен қол қойылған өтінімді мәліметтерді көрсетумен және Заңның 38-бабы 1 және 2-тармақтарымен қарастырылған талаптарды сақтай отырып тапсырыс берушіге мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға өтінімді, сондай-ақ осы Қағидалардың 28 және 29-тармақтарына сәйкес әзірленген бекітілген техникалық ерекшелікті және ондайлардың бар болу жағдайында мемлекеттік сатып алу туралы үлгілік шартына ұсыныстар мен толықтырулар жолдайды.

      40. Мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде, жабдықталым органы:

      1) осы Қағидалардың 31 және 32-тармақтарына сәйкес техникалық тапсырманы және (немесе) техникалық ерекшелікті әзірлейді және бекітеді (қағаз және электронды үлгіде);

      2) Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 464-476-тармақтарымен көзделген талаптарды қоспағанда, өз қызметін, сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер нарығында жүзеге асыратын үштен кем емес әлеуетті өнім берушілерге (егер әлеуетті өнім берушілердің саны үштен кем болса – барына) баға ұсынымын ұсыну туралы сұрау жолдайды;

      3) әлеуетті өнім берушілермен ұсынылған баға ұсынымы және өзге өнім берушіні таңдау үшін негіздеме болған құжаттар негізінде жабдықталым органы Заңның 4-бабы 1) тармақшасымен қарастырылған мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаттарын сақтай отырып, әлеуетті өнім берушіні айқындайды;

      4) жабдықталым органы шарт жасасқанға дейін өнім берушіні таңдау және сатып алу тәсілінің негіздемесін, жабдықталым органы бірінші басшысымен немесе оның міндетін атқарушы тұлғамен бекітілеген техникалық ерекшелікті және осы тармақтың 2) тармақшасына сәйкес алынған баға ұсынымдарын тапсырыс берушіге жолдайды.

      Тапсырыс беруші осы тармақтың 4) тармақшасында көзделген құжаттар негізінде, Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының 464-476-тармақтарымен көзделген талаптарды қоспағанда, өнім берушімен тауарлар, жұмыстар, қызметтерді сатып алуға шарт жасасады.

      41. Тапсырыс беруші, баға ұсынымын сұрату және бір көзден алу тәсілдерімен және мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу жолымен өзінің жабдықталым органдары үшін сатып алудың ұйымдастырушысы ретін әрекет етеді.

      42. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу, ұйымдастырушымен, тапсырыс берушінің келесі құжаттарды қазақ және орыс тілдерінде ұсынумен жолданған өтінімі негізінде жүзеге асырылады:

      1) сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша мемлекеттік сатып алу жоспарының үзіндісін;

      2) сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтердің тізімі және осы Қағидалардың 31 және 32-тармақтарына сәйкес жабдықталым органының бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы адаммен қол қойылған техникалық ерекшелігін.

      Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтердің тізімі мен техникалық ерекшілігі жабдықталым органының, ал тапсырыс берушімен жабдықталым органы бір тұлға ретінде әрекет еткен кезде тапсырыс берушінің бірінші басшысы немес оның міндетін атқарушы адамымен қол қойылады және әр парағы парафирленеді.

      Техникалық ерекшеліктің орнына жобалау-сметалық құжаттаманы қажет ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық құжаттама техникалық ерекшеліктің орнына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттаманы қамту қажет;

      4) сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, қызметтерге сәйкес келетін сала бойынша диплодардың/сертификаттардың көшірмелерін қоса отырып конкурстық және сараптама (сарапшы) комиссиялар құрамына қосу үшін кандидатуралыды;

      5) конкурстық құжаттаманың бөлінбейтін бөлігі болып табылатын, тапсырыс берушімен бекітілген шарт жобасын;

      6) Заңның 9-бабы 1-тармағына сәйкес және осы Қағидалардың 34, 35 және 36-тармақтарына сәйкес біліктілік талаптарын.

      43. Ұйымдастырушы осы Қағидалардың 40-тармағымен көзделген құжаттардың келіп түскеннен бес жұмыс күнінен кешіктірмей оларды қарайды және ескертулердің бар болуы жағдайында оларды тапсырыс берушіге түзету үшін жолдайды.

      44. Ескертулер болмаған жағдайда ұйымдастырушы Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларымен және Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларымен бекітілген үлгілік конкурстық құжаттамаға сәйкес қазақ және орыс тілдерінде конкурстық құжаттаманың жобасын әзірлейді және қалыптастырады.

      45. Тапсырыс беруші ескертулер алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде оларды жояды және ұйымдастырушының мекендайына жолдайды.

      46. Тапсырыс беруші конкурстық құжаттаманың жобасы келіп түскеннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны берілген өтінімге сәйкестігін тексереді, оны бекітеді және Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасымен орнатылған тәртіпте мемлекеттік сатып алуды өткізу үшін жолдайды.

      47. Тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы шешімді қабылдан күннен бастап бір жұмыс күні ішінде тиісті шешімді қабылдау туралы бұйрықтан үзінді ұйымдастырушының мекенжайына жолдайды.

      48. Ұйымдастырушы ерекше тәртіпті қолдана отырып, конкурс тәсілімен тауарлар, жұмыстар, қызметтерді мемлекеттік сатып алудың қортындылар хаттамасына қол қояған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде көзделген хаттаманың көшірмесін мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу үшін тапсырыс берушінің мекенжайына жолдайды.

4-параграф. Шарт жасау

      49. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, сатып алу туралы шарт тапсырыс беруші және әлеуетті өнім беруші жеңімпаз деп таныған немесе екінші орын алған әлеуетті өнім беруші арасында жасалады.

      50. Сатып алу туралы шартта қабылдаушы туралы мәліметтер көрсетіледі.

      51. Тапсырыс беруші сатып алу туралы шарт күшіне енген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қабылдаушы шартының данасын жабдықталым органға жібереді.

      Жабдықталым органы шарттың данасын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны қабылдап алушыға (қабылдап алушыларға) жібереді.

      Тапсырыс беруші мен жабдықталым органы бір тұлға болған жағдайда, тапсырыс беруші сатып алу туралы шарт күшіне енген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде шарттың данасын қабылдап алушыға жібереді.

      52.Ұйымдастырушының әлеуетті өнім берушінің конкурстық өтінімін қамтамасыз етуді уақтылы қайтаруы немесе ұстап қалуы мақсатында, тапсырыс беруші:

      1) шарт күшіне енген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде сатып алу және өнім берушінің шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізуі туралы ұйымдастырушыны бұл туралы хабардар етеді;

      2) әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде бұл туралы ұйымдастырушыны хабардар етеді.

      53. Шарттың көшірмесін алғаннан кейін қабылдаушы шартты сапалы орындау мақсатында жеткізілетін тауарларды қабылдау үшін орын дайындау, тиісті қызмет көрсету бойынша қажетті шаралар қабылдайды және жұмыстарды орындайды.

      54. Жабдықталым органы жасалған шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселені қарау кезінде Тапсырыс берушіге шартқа өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізудің қажеттігі және/немесе орындылығы туралы мәліметтерді жібереді.

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігінің
мүддесінде мемлекеттік
қорғаныстық тапсырысты
қалыптастыру және мемлекеттік
сатып алуды жүзеге асыру
кезінде
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі,
Бас штабы және Қарулы
Күштері құрылымдық
бөлімшелерінің өзара іс-қимыл
жасау қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

      20 ___ - 20 ___ жылдарға арналған мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың қажетті өніміне арналған техникалық тапсырмалар тізбесі ______________________________________________________
(құрылымдық бөлімшенің, мекеменің атауы)

Р/с №

Техникалық тапсырмадағы өнімнің атауы

Өлшем бірл.

20 _ _ жыл

20__ жыл

20__ жыл

Ескертпе

Саны (көлемі)

Жеткізу мерзімі

Жеткізу орны

Саны (көлемі)

Жеткізу мерзімі

Жеткізу орны

Саны (көлемі)

Жеткізу мерзімі

Жеткізу орны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

1. Әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді) сатып алу














2. Қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) сатып алу














3. Әскери мақсаттағы жұмыстарды орындау














4. Әскери мақсаттағы қызметтерді көрсету














      М.О. ________________________________________________________________________________
(құрылымдық бөлімше, мекеме бастығының лауазымы, әскери атағы, қолы, тегі және инициалдары)

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігінің
мүддесінде мемлекеттік
қорғаныстық тапсырысты
қалыптастыру және мемлекеттік
сатып алуды жүзеге асыру
кезінде
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі,
Бас штабы
және Қарулы Күштері
құрылымдық бөлімшелерінің
өзара іс-қимыл жасау
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

  Бекітемін
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
орынбасары
(осы құрылымдық бөлімшеге
жетекшілік ететін)

      20__ - 20 __ жылдарға арналған мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде сатып алуға жоспарланатын іс-шаралардың алдын ала тізімі
______________________________________________________
(құрылымдық бөлімшенің, мекеменің атауы)

Р/с №

Өнім атауы

Өлшем бірл.

20 __ жыл

20 __ жыл

20 __ жыл

Ескертпе

Саны

Бірлік үшін баға
(теңгеде)

Жалпы сомасы (мың теңгеде)

Саны

Бірлік үшін баға (теңгеде)

Жалпы сомасы (мың теңгеде)

Саны

Бірлік үшін баға (теңгеде)

Жалпы сомасы (мың теңгеде)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

1. Әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді) сатып алу















Жиыны:









2. Қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) сатып алу















Жиыны:




….






3. Әскери мақсаттағы жұмыстарды орындау















Жиыны:




….






4. Әскери мақсаттағы қызметтер көрсету















Жиыны:




….







БАРЛЫҒЫ:




….






      М.О. ________________________________________________________________________________
(құрылымдық бөлімше, мекеме бастығының лауазымы, әскери атағы, қолы, тегі және инициалдары)

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігінің
мүддесінде мемлекеттік
қорғаныстық тапсырысты
қалыптастыру және мемлекеттік
сатып алуды жүзеге асыру
кезінде
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі,
Бас штабы және Қарулы
Күштері құрылымдық
бөлімшелерінің өзара іс-қимыл
жасау қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

      ________________ (шектеу дәрежесі)

      Қару-жарақпен және әскери техникамен, құралдармен және мүлікпен жабдықтаудың заттай нормаларының қаржылық қамтамасыз етілуі туралы ақпарат ______________________________________________________
(құрылымдық бөлімшенің, мекеменің атауы)

Р/с№

Заттай норманың атауы

Өлшем бірлігі

Тиесілік нормасы

Болуы

20___ жылға 01.01. нақты қолда бары

Сатып алынған жылы

Қызмет мерзімі (жыл)

Ағымдағы қаржы жылында есептен шығаруға жатады

Бірлік үшін орташа бағасы, теңге

Ағымдағы қаржы жылында сатып алуы жоспарланған

Саны

Құны (мың. теңге)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

      кестенің жалғасы

Жалпы қажеттілік

Оның ішінде

202__ жылға сатып алу көзделген

202__ жылға сатып алу көзделген

202__ жылға сатып алу көзделген

202__ жылдан кейін сатып алу жоспарлануда

Саны

Құны (мың. теңге)

Саны

Құны (мың. теңге)

Саны

Құны (мың. теңге)

Саны

Құны (мың. теңге)

Саны

Құны (мың. теңге)

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

      ________________________________________________________________________________
(құрылымдық бөлімше, мекеме бастығының лауазымы, әскери атағы, қолы, тегі және инициалы)

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігінің
мүддесінде мемлекеттік
қорғаныстық тапсырысты
қалыптастыру және мемлекеттік
сатып алуды жүзеге асыру
кезінде
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі, Бас
штабы және Қарулы Күштері
құрылымдық бөлімшелерінің
өзара іс-қимыл жасау
қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

  Бекітемін
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
орынбасары
(осы құрылымдық бөлімшеге
жетекшілік ететін)

      Бекітілген шығыстар лимитінің шегіне кірмеген 20__ - 20 __ жылдарға арналған мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс өніміне қосымша қажеттілік

Р/с №

Өнімнің атауы

Өлшем бірл.

20 __ жыл

20 __ жыл

20 __ жыл

Ескертпе

Саны

Бірлік үшін баға (теңгеде)

Жалпы сомасы (мың теңгеде)

Саны

Бірлік үшін баға (теңгеде)

Жалпы сомасы (мың теңгеде)

Саны

Бірлік үшін баға (теңгеде)

Жалпы сомасы (мың теңгеде)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

1. Әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді) сатып алу (басымдылық тәртібінде көрсетілген)















Жиыны:









2. Қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) сатып алу (басымдылық тәртібінде көрсетілген)















Жиыны:




….






3. Әскери мақсаттағы жұмыстарды орындау (басымдылық тәртібінде көрсетілген)















Жиыны:




….






4. Әскери мақсаттағы қызметтерді көрсету (басымдылық тәртібінде көрсетілген)















Жиыны:




….







БАРЛЫҒЫ:




….






      М.О. ________________________________________________________________________________
(құрылымдық бөлімше, мекеме бастығының лауазымы, әскери атағы, қолы, тегі және иницалдары)

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігінің
мүддесінде мемлекеттік
қорғаныстық тапсырысты
қалыптастыру және мемлекеттік
сатып алуды жүзеге асыру кезде
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі, Бас
штабы және Қарулы Күштері
құрылымдық бөлімшелерінің
өзара іс-қимыл жасау
қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

  Бекітемін
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
орынбасары
(осы құрылымдық бөлімшеге
жетекшілік ететін)

      20 ___ - 20 ___ жылдарға арналған мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс өніміне арналған өтінім
______________________________________________________
(құрылымдық бөлімшенің, мекеменің атауы)

Р/с №

Өнім атауы

Өлшем бірл.

20 __ жыл

20 __ жыл

20 __ жыл

Ескертпе

Саны

Бірлік үшін баға (теңгеде)

Жалпы сомасы (мың теңгеде)

Саны

Бірлік үшін баға (теңгеде)

Жалпы сомасы (мың теңгеде)

Саны

Бірлік үшін баға (теңгеде)

Жалпы сомасы (мың теңгеде)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

1. Әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді) сатып алу















Жиыны:









2. Қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) сатып алу)















Жиыны:




….






3. Әскери мақсаттағы жұмыстарды орындау















Жиыны:




….






4. Әскери мақсаттағы қызметтерді көрсету















Жиыны:




….







БАРЛЫҒЫ:




….






      М.О. ________________________________________________________________________________
(құрылымдық бөлімше, мекеме бастығының лауазымы, әскери атағы, қолы, тегі және инициалдары)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады