Мемлекеттік мекемесінің атауын өзгерту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Қосшы қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 02-266 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Ақмола облысы әкімдігінің 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № А-9/436 және Ақмола облысы мәслихатының 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 7С-20-5 бірлескен қаулысы мен шешіміне (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 21 қыркүйекте № 29718 болып тіркелді) сәйкес Қосшы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Целиноград ауданы Тайтөбе ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің атауы "Қосшы қаласы Тайтөбе ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесіне өзгертілсін.

      2. "Қосшы қаласы Тайтөбе ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының приложению сәйкес бекітілсін.

      3. Тайтобе ауылының әкімі П. Досмағанбетов мемлекеттік мекемені әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркеуді жүзеге асырсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қосшы қаласы әкімі аппартының басшысы А. Ахмеджановқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Г.Қасенов

  Қосшы қаласы әкімдігінің
2022 жылғы "27"
желтоқсандағы
№ 02-266 қаулысымен
бекітілді

"Қосшы қаласы Тайтөбе ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қосшы қаласы Тайтөбе ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – әкімнің аппараты) Тайтөбе ауылы әкімінің қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Әкімнің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Әкімнің аппараты мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және атауы қазақ тілінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қзақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.

      4. Әкімнің аппараты өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарды жасайды.

      5. Әкімнің аппараты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      6. Әкімнің аппараты туралы ережені, оның құрылымын Қосшы қаласы әкімдігі бекітеді.

      7. Әкімнің аппаратының мемлекеттік тіліндегі толық атауы – "Қосшы қаласы Тайтөбе ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі, орыс тіліндегі атауы – государственное учреждение "Аппарат акима села Тайтобе города Косшы".

      8. Әкім аппаратының орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010078, Ақмола облысы, Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылы, Шара Жиенқұлова көшесі 27 үй.

      9. Әкімнің аппараты өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен әкімнің бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      10. Әкімнің аппараты құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      11. Осы ереже әкім аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.

      12. Әкімнің аппаратын Қосшы қаласы әкімдігі құрады, қысқартады және қайта ұйымдастырады.

      13. Әкім аппаратының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

      14. Әкімнің аппаратына әкім аппаратының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсiпкерлiк субъектiлерімен шарттық қатынастарға түсуге жол берілмейді.

2-тарау. Әкім аппаратының мақсаттары мен өкілеттіктері

      15. Мақсаттары:

      Әкімнің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сондай-ақ жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу.

      16. Өкілеттіктері:

      1) Әкімнің аппараты өз құзыреті шегінде:

      - жергілікті қоғамдастық жиынын, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

      - бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының, жергілікті қоғамдастық жиынының және жиналысының шақырылу уақытын, орнын және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді;

      - жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында қабылданған және ауыл әкімдері мақұлдаған шешімдердің орындалуын қамтамасыз етеді;

      - ауылдың бюджетін жоспарлауды және атқаруды қамтамасыз етеді;

      - жергілікті қоғамдастықтың жиналысына және Қосшы қаласы мәслихатына ауылдың бюджетінің атқарылуы туралы есепті ұсынады;

      - ауылдың бюджетін іске асыру туралы шешім қабылдайды;

      - жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және оны жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады;

      - ауылдың коммуналдық мүлкіне жататын объектілерді салу, реконструкциялау және жөндеу бойынша тапсырыс беруші болады;

      - жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің нысаналы және тиімді пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;

      - жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына қатысты коммуналдық меншік құқығы субъектісінің құқықтарын жүзеге асырады;

      - мүлкі ауылдың коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлікті кейіннен баланстан шығара отырып, өзге тұлғаға бергенге дейін күтіп ұстау және оның сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілейді;

      - жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкінің мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіреді, ауылдың меншік (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігі) құқығын қорғауды жүзеге асырады;

      - жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін сенімгерлік басқару шарты бойынша міндеттемелерді сенімгерлік басқарушының орындауын бақылауды жүзеге асырады;

      - мүлкі ауылдың коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;

      - жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

      2) Әкімнің аппараты жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша:

      - өз құзыреті шегінде жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқару саласындағы құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;

      - егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін басқарады, оны қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асырады;

      - шешім қабылдайды және жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жекешелендіруді жүзеге асырады, оның ішінде объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде оның сақталуын қамтамасыз етеді, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      - мүлкі ауылдың коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын қызметінің нысанасы мен мақсаттарын, сондай-ақ осындай қызметті жүзеге асыратын коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның түрін (шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе қазыналық кәсіпорын) айқындайды;

      - жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғасына берілген немесе өзінің шаруашылық қызметінің нәтижесінде өзі сатып алған мүлікті алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асырады;

      - жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларының артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын мүлкін алып қоюды жүзеге асырады;

      - жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз не кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға береді;

      - Қосшы қаласы әкімімен келісу бойынша жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларын құру, қайта ұйымдастыру, атауын өзгерту және тарату туралы шешім қабылдайды;

      - коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға өзіне бекітіп берілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, филиалдар мен өкілдіктер құруға, сондай-ақ дебиторлық берешекті беруге және есептен шығаруға келісім береді;

      - жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік заңды тұлғаларының жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекітеді;

      - мүлкі ауылдың коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің басым бағыттарын және бюджеттен қаржыландырылатын жұмыстарының (көрсетілетін қызметтерінің) міндетті көлемін айқындайды;

      - мүлкі ауылдың коммуналдық меншігіндегі (жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық меншігіндегі) мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда қарайды, келіседі және бекітеді;

      - жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін пайдалану, оның ішінде оны кепілге, жалға алуға, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлік басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;

      - жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық заңды тұлғаларына бекітіп береді;

      - жергілікті өзін-өзі басқарудың коммуналдық мүлкін иеліктен шығару туралы шешім қабылдайды;

      - Қазақстан Республикасының заңнамасында берілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      17. Әкімнің аппараты өз құзыреті шегінде:

      - мемлекеттiк органдар мен басқа ұйымдардың лауазымды тұлғаларынан қажеттi ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрауға және алуға;

      - мүлiктiк және мүлiктiк емес құқықтарды алуға және жүзеге асыруға;

      - мемлекеттік басқару органдарының, мұрағаттардың, ғылыми мекемелердің ақпараттық деректер базаларын пайдалануға;

      - шарттар, келісімдер жасасуға;

      - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көзделген өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.

      18. Әкім аппаратының өз құзыреті шегіндегі міндеттері:

      - қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету;

      - Қазақстан Республикасы Президентiнің, Yкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, Ақмола облысы, Қосшы қаласы әкімінің және әкімдігінің, ауыл әкімінің актілерi мен тапсырмаларын сапалы және уақтылы орындау;

      - қолданыстағы заңнамада көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

3-тарау. Әкім аппаратының бірінші басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      19. Әкімнің аппаратын басқаруды әкім жүзеге асырады, ол әкім аппаратына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      20. Әкім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      21. Әкімнің өкілеттіктері:

      - әкім аппаратының жұмысын ұйымдастырады, оның қызметіне басшылық етуді жүзеге асырады;

      - жергілікті қоғамдастықтың жиынында немесе жергілікті қоғамдастықтың жиналысында қабылданған шешімдерді қарайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;

      - бюджет қаражатын үнемдеудің және (немесе) Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамасында көзделген түсімдердің есебінен еңбек шарты бойынша жұмыскерлерді қабылдайды;

      - мемлекеттік мекемелердің өз иелігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жасайды және бекітеді;

      - ауылдың тұрғын үй қорын түгендеуді жүргізеді;

      - Қосшы қаласы әкімімен және жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша ауылдың авариялық тұрғын үйлерін бұзуды ұйымдастырады;

      - мемлекеттік жоспарлау жүйесінің бағдарламалық құжаттары аясында ауыл халқына микрокредит беруге жәрдем көрсетеді;

      - Қазақстан Республикасының заңдарымен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      22. Әкімнің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары болады.

      23. Әкім өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

      24. Әкім аппараты қызметкерлерінің мемлекеттік қызметшілер этикасының нормаларын сақтауын әкім қамтамасыз етеді.

4-тарау. Әкім аппаратының мүлкі

      25. Заңнамада көзделген жағдайларда әкім аппаратының жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Әкім аппаратының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      26. Әкімнің аппаратына бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      27. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, әкімнің аппараты өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Әкім аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату

      28. Әкімнің аппаратын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады