Степногорск қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі және жинақталуы нормаларын есептеу қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Степногорск қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 22 қазандағы № А-10/351 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі 365-бабының 4-тармағы 6) тармақшасына және "Коммуналдық қалдықтардың түзілуі және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24212 болып тіркелген) сәйкес Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Степногорск қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі және жинақталуы нормаларын есептеу Қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Степногорск қаласының әкімі А.Қайыржанов

  Степногорск қаласы әкімдігінің
2022 жылғы "22" 10.
№ А-10/351 қаулысымен
бекітілген

Степногорск қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі және жинақталуы нормаларын есептеу Қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы коммуналдық қалдықтардың түзілуі және жинақталуы нормаларын есептеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24212 болып тіркелген) сейкес әзірленген және жинақталу нормаларын есептеу тәртібін айқындайды.

      2. Коммуналдық қалдықтар деп тұтынудың мынадай қалдықтары түсініледі:

      1) үй шаруашылықтарының аралас қалдықтары мен бөлек жиналған қалдықтары, соның ішінде қағаз бен картон, шыны, металдар, пластмассалар, органикалық қалдықтар, ағаш, тоқыма, орамалар, пайдаланылған электр және электрондық жабдықтар, батареялар мен аккумуляторлар;

      2) аралас қалдықтар және басқа көздерден бөлек жиналған қалдықтар, егер мұндай қалдықтар өзінің сипаты мен құрамы бойынша үй шаруашылықтарының қалдықтарына ұқсас болса.

      Коммуналдық қалдықтарға өндіріс, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, балық аулау, септиктер мен кәріз желілерінің қалдықтары, сондай-ақ ағынды сулардың шөгіндісін, пайдаланудан шыққан көлік құралдарын немесе құрылыс қалдықтарын қоса алғанда, тазарту құрылыстарынан қалдықтар кірмейді.

      Тұтыну қалдықтарына адамның тіршілік әрекеті нәтижесінде пайда болған, өзінің тұтыну қасиеттерін толық немесе ішінара жоғалтқан, олардың агрегаттық жай-күйіне қарамастан жарамдылық не пайдалану мерзімі өткен, сондай-ақ меншік иесі тұтыну қалдықтары разрядына өз бетінше жойылған не құжаттап аударған өнімдер және (немесе) бұйымдар, олардың орамалары және өзге де заттар немесе олардың қалдықтары жатады.

2-тарау. Коммуналдық қалдықтардың түзілуі және жинақталуы нормаларын есептеу тәртібі

      3. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары тұрғын үй қорының барлық объектілері, тұрғын емес үй-жайлар үшін жеке белгіленеді.

      4. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес тұрғын үй қорының барлық объектілері үшін және тұрғын емес үй-жайлар бойынша анықталады.

      5. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары кейіннен есептік бірлікке жинақталу көлемін кейін есептей отырып, заттай өлшеу жүргізу жолымен анықталады.

      6. Заттай өлшеулер жүргізу үшін көріктендіру әртүрлі деңгейі бар екі үлгідегі тұрғын үй қорының объектілері бөлінеді:

      1) тұтынушыларға коммуналдық қызметтерді ұсыну үшін пайдаланылатын үйішілік инженерлік коммуникациялары мен жабдықтары бар жайлы тұрғын үй;

      2) тұтынушыларға коммуналдық қызмет көрсету үшін пайдаланылатын үйішілік инженерлік коммуникациялары мен жабдықтары жоқ жайлы емес тұрғын үй.

      7. Степногорск қаласының тұрғындарынан түзілетін коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын анықтау үшін әрбір абаттандыру түрі бойынша тұрғындардың жалпы санынан халықтың 2%-ын қамтитын учаскелер бөлінеді;

      8. Таңдап алынған объектілерде өлшеу жүргізу алдында "Степногорск қаласының тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы, жолаушылыр көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі коммуналды қалдықтарды жинау мен шығаруды жүзеге асыратын ұйымдармен бірлесіп, осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандар бойынша тұрғын қоры мен тұрғын емес үй-жайлардың коммуналдық паспортын жасайды.

      9. Түзілген және жинақталған коммуналдық қалдықтардың массасы мен көлемін анықтау үшін өлшеу сызғышы мен салмақ өлшеу жабдығы пайдаланылады.

      10. Өлшеу алдында контейнердегі қалдықтар коммуналдық қалдықтарды жинау мен шығаруды жүзеге асыратын ұйыммен теңестіріледі және өлшеу сызғышының көмегімен қалдықтардың көлемі анықталады.

      11. Жинақталған қалдықтардың массасы толтырылған контейнерлерді өлшеу және коммуналдық қалдықтарды жинау мен шығаруды жүзеге асыратын ұйымның бос контейнердің массасын одан әрі шегеру жолымен айқындалады.

      12. Бір учаскеде түзілген және жинақталған қалдықтардың жалпы көлемі арнайы техниканың (қоқыс тасығыштың) шанағын толтырған және басқа учаскелерден қоқысты тиеу мүмкін болмаған кезде, қалдықтардың массасын қоқыс тиелген және бос машиналарды автомобиль таразысында өлшеу жолымен анықтауға жол беріледі.

      13. Түзілген және жинақталған қалдықтардың массасы мен көлемі жөніндегі деректерді "Степногорск қаласының тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы, жолаушылыр көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бастапқы жазба бланкісіне енгізеді.

      14. Өлшеу бойынша бастапқы материалдарды өңдегеннен кейін әрбір объектінің алынған деректері (массасы, көлемі) аптаның күндері бойынша қосылады және "Степногорск қаласының тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы, жолаушылыр көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жиынтық маусымдық ведомосына енгізеді.

      15. Маусымдық өлшеулер жүргізілгеннен кейін "Степногорск қаласының тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы, жолаушылыр көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жиынтық жылдық ведомосына деректерді (масса, көлем) енгізеді.

      16. Белгілі бір объекті бойынша өлшеу болжанатын коммуналдық қалдықтарды жинау коммуналдық қалдықтардың басқа қалдықтардан араласуын болдырмауы тиіс.

      17. Қалдықтардың жинақталуын анықтаған кезде бірдей сыйымдылықтағы стандартты контейнерлер пайдаланылады. Қалдықтарды барынша толық есепке алу және біркелкі емес түзілу мен жинақталу коэффициентін анықтауға қосымша контейнерлер орнату көзделеді, оларды орнату қажеттілігі мен олардың саны тандап алынған учаскелерді тексерген кезде нақтыланады.

      Барлық контейнерлер толығымен тазалануы керек:

      1) күн сайын әкету кезінде – өлшеу басталғанға дейін бір тәулік бұрын;

      2) кесте бойынша әкету кезінде күн сайын – кесте бойынша әкетудің соңғы күні өлшеу аптасының алдында.

      18. Өлшеу басталғанға дейін бір тәулік бұрын коммуналдық қалдықтарды жинау мен шығаруды жүзеге асыратын ұйым барлық контейнерлерді толық тазартуы тиіс.

      19. Өлшеу бойынша бастапқы материалдарды өңдеу олар жүргізілгеннен кейін келесі күннен кешіктірілмей жүргізіледі.

3-тарау. Коммуналдық қалдықтардың түзілуі және жинақталуы нормаларын есептеу

      20. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу былайша жүргізіледі:

      1) бір тәулікте объектіде коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған бір контейнерде түзілген және жинақталған қалдықтардың көлемін анықтау (Vконт., М3):

      V конт=h*S

      мұндағы һ - контейнердің түбінен бастап жинақталған коммуналдық қалдықтардың жоғарғы нүктесіне дейінгі биіктік, м;

      S – контейнер түбінің алаңы, м2;

      2) контейнерлік алаңда коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жалпы көлемін анықтау (Vтәу, м3), егер контейнерлік алаңда коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған контейнерлердің саны бірден артық болса:

      Vтәу=Vконт1+Vконт2+Vконт3...

      мұндағы Vконт1, Vконт2, Vконт3 – контейнерлік алаңда орналасқан әрбір контейнер бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының тәуліктік көлемі. Есептеу контейнерлік алаңда орналасқан контейнердің санына байланысты жүргізіледі;

      3) коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған контейнерде жинақталған коммуналдық қалдықтардың тәуліктік массасын анықтау (mконт., кг) мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      mконт=m3- mп

      мұндағы m3– қалдықтар тиелген контейнердің массасы, кг;

      mп– қалдықтардан бос контейнердің массасы, кг;

      4) объектіде түзілген коммуналдық қалдықтардың тәуліктік массасын анықтау (mтәу., кг) мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      mтәу=mконт1+mконт2+mконт3...

      мұндағы mконт1, mконт2, mконт3 - контейнерлік алаңда орналасқан әрбір контейнер бойынша коммуналдық қалдықтардың тәуліктік массасы. Есептеу контейнерлік алаңда орналасқан контейнерлердің санына байланысты жүргізіледі;

      5) өлшеулер контейнерлік алаңнан қалдықтарды шығарғанға дейін тәуліктің бір уақытында жүргізіледі. Өлшеулерді жүргізу кезеңі: жеті күн (үзіліссіз).

      Өлшеулерді жүргізу мерзімдері: қыс-желтоқсан, қаңтар, ақпан; көктем-наурыз, сәуір, мамыр; жаз-маусым, шілде, тамыз; күз-қыркүйек, қазан, қараша.

      Маусымдық кезең ішінде объектіде түзілген коммуналдық қалдықтардың көлемін анықтау (Vмаус, м3) мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      Vмаус=Vтәу1+ Vтәу2+....+ Vтәу7

      мұндағы Vтәу1, Vтәу2 – белгілі бір маусымда әр тәулік ішінде объектіде пайда болған коммуналдық қалдықтардың көлемі;

      6) маусымдық кезең ішінде объектіде пайда болған коммуналдық қалдықтардың көлемін анықтау (mмаус, кг) мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      mмаус=mтәу1+ mтәу2+...+ mтәу7

      мұндағы mтәу1 mтәу2 – белгілі бір маусымда тәулік ішінде объектідегі коммуналдық қалдықтардың массасы;

      7) объектіде коммуналдық қалдықтардың түзілу көздерінің санынан коммуналдық қалдықтардың орташа маусымдық нормасын анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      көлемі бойынша (Vтм, м3):

      Vтм = Vмаус/(nxa)

      массасы бойынша (mтм, кг):

      mтм = mмаус/(nxa)

      мұндағы n - маусымдық кезең ішінде бақылау тәулігінің саны;

      а – есептік бірліктің саны.

      8) объектіде есептік бірлікке коммуналдық қалдықтардың тәуліктік орташа жылдық нормасын анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      көлемі бойынша (Vтом, м3):

      Vтом= (Vктм + Vктм + Vжтм +Vкү тм)/n

      массасы бойынша (mтом, кг):

      mтом= (mктм + mктм + mжтм +mкү тм)/n

      мұндағы жоғарғы индекстер "қ", "к", "ж", "кү" – қыста – "қ", көктемде – "к", жазда – "ж", күзде "кү" – есептік бірлікте тиісінше қалдықтар пайда болуының тәуліктік орташа маусымдық нормативтерін білдіреді;

      n – қалдықтар пайда болған маусымның саны (n=4).

      9) Объектіде есептік бірлікте коммуналдық қалдықтардың пайда болуымен жинақталуының жылдық нормасын анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      көлемі бойынша (Vж, м3):

      Vж= Vтожх nк

      массасы бойынша (mж, кг):

      mж= mтожX nк

      мұндағы nк – жылдағы күннің саны.

      21. Коммуналдық қалдықтардың орташа тығыздығын анықтау, коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының маусымдық және тәуліктік біртекті емес коэффициентін анықтауға қосымша мынадай есеп жүргізіледі:

      1) коммуналдық қалдықтардың орташа тығыздығын анықтау (gop, кг/м3) мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      qcp = m/V,

      мұндағы m және V - есептік бірлікте тиісінше массасы мен көлемі бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жылдық немесе орташа маусымдық нормативтері;

      2) коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының маусымдық біртекті емес коэффициентін (kбе) анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      көлемі бойынша: Кбе = Vом/Vж

      массасы бойынша:

      Кбе = mом/mж

      3) коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының тәуліктік

      маусымдық біртекті емес коэффициентін анықтау мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      көлемі бойынша:

      Кмбе= Vmax.тәу./Voм

      мұндағы Vmax.тәу. – маусымда объектідегі коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының ең жоғарғы тәуліктік көлемі, м3

      массасы бойынша:

      kсн= mmaxтәу./moм

      мұндағы mmax.тәу.– маусымда объектідегі коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының ең жоғарғы тәуліктік массасы, кг.

      22. Нақты және есептік жылдық көлемді салыстыру үшін коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуының есептік бірлікте белгіленген жылдық нормативтері есептік бірліктің санына көбейтіледі. Алынған коммуналдық қалдықтардың түзілуінің есептік жылдық көлемінің айырмасы олардың дәл сол объектіде бір жыл ішінде нақты жинақталуының бес пайызынан аспауға тиіс. Есепті және нақты деректерде бес пайыздан артық айырма болған жағдайда коммуналдық қалдықтардың түзілуінің сараланған нормативтері олар түзілетін негізгі объектілер бойынша талап етілген қателіктермен нәтижеге шыққанға дейін түзетіледі.

  Коммуналдық қалдықтардың
түзілуі және
жинақталуы нормаларын
есептеудің қағидаларына
1-қосымша

Тұрғын үй қоры мен тұрғын емес үй-жайлар нысандарының түрлері

Коммуналды қалдықтар
жинақталатын нысандар

Есеп айырысу бірлігі

Жылына коммуналды қалдықтардың жиналу нормасы

1

Абаттандырылған иеліктегі үй.

1 тұрғын

1,73

Абаттандырылған иеліктегі үй
(ірі габаритті қалдықтар).

1 тұрғын

0,02

Абаттандырылған емес иеліктегі үй.

1 тұрғын

1,73

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және басқа ұқсас нысандар.

1 орын

0,50

3

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері.

1 орын

1,32

4

Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер.

1 орын

0,33

5

Мекемелер, ұйымдар, кеңселар, басқармалар, банктер, байланыс бөлімшелері.

1 қызметкер

0,42

6

Емханалар, медициналық орталықтар.

1 келіп кету

0,0013

7

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері.

1 төсек-орын

1,50

8

Мектептер және өзге де оқу орындары.

1 оқушы

0,12

9

Мейрамханалар, дәмханалар, басқада көніл көтеретін ғимараттар мен қоғамдық тамақтану мекемелері.

1 отыратын орын

1,45

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залдары, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар.

1 отыратын орын

0,04

11

Мұражайлар, көрмелер.

Жалпы алаңы 1 м2

0,06

12

Стадиондар, спорт алаңдары.

Жоба бойынша 1 орын

0,009

13

Спорт, би және ойын залдары.

Жалпы алаңы 1 м2

0,05

14

Азық-түлік, өнеркәсіптік-тауар дүкендері, аралас дүкендер.

сауда алаңы 1 м2

0,42

15

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, көшедегі далба дүкен.

Сауда алаңы 1 м2

0,21

16

Өнеркәсіптік, азық-түлік тауарларының көтерме базалар, қоймалар.

Жалпы алаңы 1 м2

0,13

17

Сапаржайлар, автовокзалдар, әуежайлар.

Жалпы алаңы 1 м2

0,08

18

Жағажайлар, жолдардан көше сметалар.

Жалпы алаңы 1 м2

0,14

19

Дәріханалар.

Сауда алаңы 1 м2

0,12

20

Автотұрақтар, автожуулар, АҚС.

1 машина-орын

3,45

21

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

3,26

22

Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер.

1 гаражға

0,24

23

Шаштараздар, косметикалық салондар.

1 жұмыс орны

1,37

24

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі.

Жалпы алаңы 1 м2

0,05

25

Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,19

26

Кішігірім жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және т.б.).

1 жұмыс орны

0,13

27

Моншалар, сауналар.

Жалпы алаңы 1 м2

0,16

 
  Коммуналдық қалдықтардың
түзілуі
және жинақталуы нормаларын
есептеудің қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Тұрғын үй қоры объектісінің коммуналдық паспорты

      Елді мекен, аудан, облыс ____________________________________________

      1. Мекенжайы _____________________________________________________

      2. Қабаттылығы ___________________________________________________

      3. Үйдің нөмірі ____________________________________________________

      4. Тұрып жатқан адамдардың саны, адам _______________________________

      5. Жайлылық деңгейі: ______________________________________________

      а) су құбырының, газдың, кәріздің болуы ______________________________

      б) жылу беру түрі (орталықтан, пешпен, жергілікті) ______________________

      в) отынның түрі - көмір (тас көмір, қоңыр темір), ағаш отын, газ ___________

      г) қоқыс құбырының болуы __________________________________________

      д) аула аумағының алаңы, м2 ________________________________________

      жасыл екпелер бар _________________________________________________

      жабыны қатты _____________________________________________________

      оның ішінде жаяусоқпақтар _________________________________________

      6. Контейнерлердің түрі, олардың саны және сыйымдылығы ______________

      7. Қалдықтарды шығару кезеңділігі___________________________________

      8. Тамақ қалдықтары мен қайталама шикізатты бөлек жинау жүргізіле ме (қандай және қанша) ____________________________________________________

      9. Қайталама шикізатты шығару кезеңділігі ____________________________

      10. Тамақ қалдықтарын шығару кезеңділігі_____________________________

      11. Қауіпті қалдықтарды бөлек жинау жүргізіле ме (қандай және қанша фракция) ______________________________________________________________

      Қолдары:

      Т.А.Ә. (болған жағдайда), лауазымы

      Тұрғын емес үй-жайлар объектілерінің коммуналдық паспорты

      Елді мекен, аудан, облыс ____________________________________________

      1. Объектінің атау__________________________________________________

      2. Мекенжайы _____________________________________________________

      3. Жапсарлас салынған немесе жеке тұрған (соңғысының қабатын көрсету қажет) ________________________________________________________________

      4. Есеп айырысу бірліктерінің саны (қызметкерлер және т. б.) _____________

      5. Тәулігіне өткізу қабілеті: __________________________________________

      ойын-сауық кәсіпорындары үшін (орын саны) __________________________

      қоғамдық тамақтану кәсіпорындары үшін (тағам түрі) ___________________

      6. Қызмет көрсететін персоналдың саны, адам __________________________

      7. Үй-жайдың жалпы алаңы, м2 ______________________________________

      сауда алаңы _______________________________________________________

      қоймалық және қосалқы алаң ________________________________________

      8. Аула аумағының алаңы, м2 ________________________________________

      жасыл екпелер бар _________________________________________________

      жабын қатты ______________________________________________________

      9. Контейнерлердің типі, олардың саны және сыйымдылығы ______________

      10. Қалдықтарды шығару кезеңділігі __________________________________

      11. Тамақ қалдықтары мен қайталама шикізатты бөлек жинау жүргізіле ме (қандай және қанша) ____________________________________________________

      12. Қайталама шикізатты шығару кезеңділігі ___________________________

      13. Тамақ қалдықтарын шығару кезеңділігі _____________________________

      14. Қауіпті қалдықтарды бөлек жинау жүргізіле ме (қандай және қанша фракция) ______________________________________________________________

      Қолдары:

      Т.А.Ә. (болған жағдайда), лауазымы

 
  Коммуналдық қалдықтардың
түзілуі
және жинақталуы нормаларын
есептеудің қағидалары
3-қосымша

      Нысан

Бастапқы жазба бланкісі

      (күні) объектісі бойынша

      _____________________________________________________(атауы, мекенжайы)

Контейнердің р/с №

Жиналған қалдықтар қабатының биіктігі, һ, м

Контейнер негізінің алаңы, S, м2

Контейнердегі қалдықтардың көлемі, V, h*S, м3

Қалдықтар тиелген контейнердің массасы (қоқыс тасығыш), m3, кг

Бос контейнердің массасы (қоқыс тасығыш), mп, кг

Контейнердегі қалдықтардың массасы, mконт, m3 - mп

1







2







...







Тәулік ішіндегі жиыны



Vтәу



Мтәу

 
  Коммуналдық алдықтардың
түзілуі
және жинақталуы нормаларын
есептеудің қағидалары
4-қосымша

      Нысан

Объектілердің топтары бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жиналуының жиынтық айлық (маусымдық) ведомосі

      20__жылғы "___" ___________бастап "____" _______________ дейін

      Жайлылық типі ___________________________________________

Аптаның күндері

Объектінің атауы

Объектінің қызмет түрі

Есептік бірліктің саны

Жинақталған коммуналдық қалдықтардың көлемі/массасы

Орташа тығыздығы, кг/м3

Барлығы қайта өңделетін шикізат таңдалды (бөлек жинау кезінде)

жалпы

1 есептік
бірлікке

кг

м3

кг

м3

кг

м3

Дүйсенбі











Сейсенбі











Сәрсенбі











Бейсенбі











Жұма











Сенбі











Жексенбі











      Қолдары

      Т.А.Ә. (болған жағдайда), лауазымы

  Коммуналдық қалдықтардың
түзілуі
және жинақталуы нормаларын
есептеудің қағидалары
5-қосымша

      Нысан

ҚағидаларыКоммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталуының жиынтық жылдық ведомосі

      Жайлылық типі ______________________________________________

Объект

Ай

Өлшенетін бірліктің саны

Қалдықтардың жиналуы

Біртекті емес коэффициент

Бөлек жинау, кг

жалпы

өлшенетін 1 бірлікке

жалпы

1 өлшенетін бірлікке

м3

кг

м3

кг

м3

кг

м3

кг

м3

кг

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13


































































      Барлығы ____________

      Тәулігіне орташа _______________

      Қолдары ______________

      Т.А.Ә. (болған жағдайда), лауазымы __________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады