Облыстық мәслихаттың 2018 жылғы 11 сәуірдегі № 283 ""Ақтөбе облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы мәслихатының 2022 жылғы 25 мамырдағы № 134 шешімі

      Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Ақтөбе облыстық мәслихатының 2018 жылғы 11 сәуірдегі № 283 ""Ақтөбе облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5912 тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген "Ақтөбе облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесінде (бұдан әрі - Әдістеме):

      5-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "5. Бағалауды өткізу үшін "Б" корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғамен (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген тұлға (бұдан әрі - персоналды басқару қызметі) жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.

      Комиссияның құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады. Комиссия мүшелерінің саны кемінде 5 адамды құрайды.";

      41-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "41. "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, персоналды басқару қызметімен және мемлекеттік органның өзге екі қызметшісімен қол қойылады.

      Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері осы Әдістеменің 40-тармағында көрсетілген мерзімдерде мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша бірыңғай автоматтандырылған деректер базасы (ақпараттық жүйе) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы жіберіледі.";

      42-тармақ алынып тасталсын.

      "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесіне 4-қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтөбе облыстық мәслихаты аппаратының басшысына жүктелсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихатының хатшысы А. Нугманов

  Ақтөбе облыстық мәслихатының
2022 жылғы 25 мамырдағы
№ 134 шешіміне қосымша
  "Б" корпусы мемлекеттік
әкімшілік қызметшілерінің
қызметін бағалау әдістемесіне
4-қосымша

Құзыреттердіңмінез-құлықиндикаторлары

Құзыреттер атауы

Мемлекеттік әкімшілік лауазымдар санаты

Тиімді мінез-құлық индикаторлары

Тиімсіз мінез-құлық индикаторлары

Қызметтік басқару

D-1

•Стратегиялық бағыттарға сәйкес нақты міндеттер қояды және тапсырмалар береді.
• Бөлімшенің берілген міндеттердісапалыжәнеуақтылыорындауынаұжымдыбағыттайдыжәнежағдайжасайды.
•Бөлімшежұмысынбасымдылығынақарайтиімдіұйымдастырады.

• Стратегиялық бағыттарға сәйкес нақты міндеттер қоя алмайды және тапсырмалар бере алмайды.
• Берілген міндеттерді сапалы және уақтылы орындауына ұжымды бағыттамайды және жағдай жасамайды.
• Бөлімше жұмысын басымдылығына мән бермей тиімсіз ұйымдастырады.

D-2; D-3 (құрылымдық бөлімше басшысы).

• Бөлімшенің қызметін жоспарлау мен қамтамасыз етуге қажетті ақпараттарды жинақтап, талдайды және басшылыққа енгізеді.
• Сеніп тапсырылған ұжымның жұмысын жоспарлайды және ұйымдастырады, олардың жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуіне ықпал етеді.
• Қызметкерлердің қойылған міндеттердің орындалуы барысындағы қызметіне бақылау жүргізеді.
• Бөлімше жұмысының нәтижелелілігін және сапасын қамтамасыз етеді.

• Бөлімшенің қызметін жоспарлау мен қамтамасыз етуге қажетті ақпараттарды жинақтап, талдамайды және басшылыққа енгізбейді.
• Сеніп тапсырылған ұжымның жұмысын жоспарламайды және ұйымдастырмайды, олардың жоспарланған нәтижелерге қол жеткізуіне ықпал етпейді.
• Қызметкерлердің қойылған міндеттердің орындалуына бақылау жүргізбейді.
• Бөлімше жұмысының нәтижелелілігін және сапасын қамтамасыз етпейді.

D-3; * D-4; D-5. * За исключением лиц, указанных в вышестоящей строке данной графы

• Басымдылығына қарайтапсырмалардымаңыздылығыретіменқояды.
• Басшылыққа сапалы құжаттар дайындайды және енгізеді.
• Өлшеулі уақыт жағдайында жұмыс жасайалады.
• Белгіленген мерзімдерді сақтайды.

• Тапсырмаларды жүйесіз орындайды;
• Сапасыз құжаттар әзірлейді;
• Жедел жұмыс жасамайды;
• Белгіленген мерзімдерді сақтамайды.

Ынтымақтастық

D-1

• Өз құзыреті шегінде қызметкерлердімемлекеттікоргандарменжәнеұйымдарментиімдіқарым-қатынасқабағдарлайды.
• Қойылған міндеттерге қолжеткізуүшінәрбірқызметкердіңәлеуетінпайдаланады.
• Басқа бөлімшелерменбірлесіпжоспардыжүзегеасырадыжәнеортақнәтижегеқолжеткізеді.

• Өз құзыреті шегінде қызметкерлерді мемлекеттік органдармен және ұйымдармен тиімді қарым-қатынасқа бағдарламайды.
• Қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін кейбір қызметкерлердің әлеуетін пайдаланады.
• Басқа бөлімшелермен бірлесіп жоспарды жүзеге асыра алмайды және ортақ нәтижеге қол жеткізбейді.

D-2; D-3 (құрылымдық бөліише басшысы). * Осы бағанның жоғары тұрған жолында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда

• Ұжымда сенімді қарым-қатынас орнатады.
• Бөлімшенің қоғаммен тиімді жұмысын ұйымдастыру бойынша ұсыныс жасайды.
• Бірлесіп жұмыс атқару үшін әріптестерімен тәжірибесімен және білімімен бөліседі.
• Әрқайсысының нәтижеге жетуге қосқан үлесін анықтайды.

• Ұжымда өзара сенімсіз қарым-қатынас орнатады.
• Бөлімше және қоғаммен тиімді жұмыс ұйымдастыру бойынша ұсыныс жасамайды.
• Бірлесіп жұмыс атқару үшін әріптестерімен тәжірибесімен және білімімен бөліспейді.
• Бағыныстағы тұлғалардың нәтижеге жетуге қосқан үлесін анықтамайды.

D-3; D-4; D-5. * Осы бағанның жоғары тұрған жолында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда

• Ұжымның жұмысынаүлесінқосадыжәнеқажетболғанжағдайдатүсіндірмеүшін аса тәжірибеліәріптестерінежүгінеді.
• Мемлекеттікоргандар мен ұжымдардың өкілдеріменжәнеәріптестеріменқарым-қатынастыдамытады.
• Талдау барысында пікіралмасадыжәнеталқылаунәтижесінескереотырып, тапсырмалардыорындайды.

• Жұмыста тұйықтық ұстанымын білдіреді және түсіндірме үшін аса тәжірибелі әріптестеріне жүгінбейді.
• Әртүрлі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өкілдерімен және әріптестерімен өзара әрекеттеспейді.
• Әріптестерімен мәселелерді талқыламайды.

Шешім қабылдау

D-1

• Міндеттерді дұрысбөлеалады.
• Шешім қабылдау барысындамүмкінболатынқауіптертуралыхабарлайды.
• Шешім қабылдау барысындаальтернативтіұсынысжасайды.
• Тиімді және жүйелі шешім қабылдайды.
• Жеке тәжірибесіне, басқа да маңызды болып табылатын мәліметтерге негізделген шешім қабылдайды.

• Бөлімшеде міндеттерді дұрыс бөле алмайды.
• Орын алуы мүмкін қауіптер туралы хабарламайды.
• Шешім қабылдау барысында альтернативті ұсыныс жасамайды.
• Тиімсіз және жүйесіз шешім қабылдайды.
• Шешім қабылдау барысында тек өзінің жеке тәжірибесіне және көзқарасына сенеді.

D-2; D-3 (құрылымдық бөлімше басшысы) * Осы бағанның жоғары тұрған жолында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда

• Бөлімше қызметін ұйымдастыруда тапсырмаларды дұрыс бөле алады.
• Шешім қабылдауда қажетті ақпараттарды жинауды ұйымдастырады.
• Шешім қабылдаудағы тәсілдерді ұжыммен талқылайды.
• Әртүрлі дереккөздерден алынған мағлұматтарды ескере отырып, мүмкін болатын қауіптерді талдайды және болжамдайды.
• Мүмкін болатын қауіптер мен салдарларды ескере отырып, құзыреті шегінде шешім қабылдайды.

• Бөлімше қызметін ұйымдастыруда тапсырмаларды дұрыс бөле алмайды.
• Шешім қабылдауда қажетті ақпараттарды жинауды сирек ұйымдастырады.
• Шешім қабылдаудағы тәсілдерді ұжыммен талқылаудан бас тартады және басқалардың пікірін ескермейді.
• Әртүрлі дереккөздерден алынған мағлұматтарды ескермейді, мүмкін болатын қауіптерді талдамайды және болжамайды.
• Шешім қабылдау барысында мүмкін болатын қауіптер мен салдарларды ескермейді.

D-3; * D-4; D-5. * Осы бағанның жоғары тұрған жолында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда

• Қажетті мәліметтерді табаалады.
• Мүмкін болатын қауіптерді ескереотырып, мәселелердішешудіңбірнешежолынұсынады.
• Өзініңпікіріннегіздейалады.

• Қажетті мәліметтерді табаалмайды.
• Мүмкінболатынқауіптердіескермейдінемесемәселелердішешудіңальтернативасынұсынбайды.
• Негізсізпікірбілдіреді.

Қызметті тұтынушыға бағдарлану

D-1

• Стратегиялықмақсаттар мен басымдылықтардыескеріп, нақты міндеттер қояалады.
• Қызмет көрсетудіңтиімдіәдістерінбіледі.
• Көрсетілетін қызметтердіңқолжетімділілігінқамтамасызетеді.
• Қызметтұтынушылардыңқанағаттанушылығынаталдаужүргізедіжәнеқызметкөрсетудіжетілдірудіңжолдарынқарастырады.

• Стратегиялық мақсаттар мен басымдылықтарды ескермей, анық емес міндеттер қоя алады.
• Қызмет көрсетудің әдістері туралы шала-шарпы біледі.
• Көрсетілетін қызметтердің қолжетімділілігін қамтамасыз етпейді.
• Көрсетілетін қызмет бойынша тұтынушылардың қанағаттанушылығына талдау жүргізбейді және қызмет көрсетуді жетілдірудің жолдарын қарастырмайды.

D-2; D-3 (құрылымдық бөлімше басшысы) * Осы бағанның жоғары тұрған жолында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда

• Сапалы қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады және туындаған мәселелерді шешеді.
• Кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында қанағаттанушылық дейгейін анықтауға жағдай жасайды.
• Қызмет көрсетудің сапасын бақылайды, сондай-ақ жеке үлгі болу арқылы көрсетеді.

• Сапалы қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырмайды және туындаған мәселелерді шешпейді.
• Кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында қанағаттанушылық дейгейін анықтауға жағдай жасамайды.
• Сапасыз қызмет көрсетуге жол береді, қызықпаушылық білдіреді.

D-3; * D-4; D-5. * Осы бағанның жоғары тұрған жолында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда

• Сыпайыжәнетілектестікпенқызметкөрсетеді.
• Қызметкөрсетугеқанағаттанушылықдеңгейінталдайдыжәнеолардыжетілдірудіңжөніндеұсыныстаренгізеді.
• Қызметкөрсетусапасынжақсартубойыншаұсынысенгізеді.

• Қызмет алушыға дөрекілік және немқұрайлылық білдіреді.
• Тұтынушының сұрақтары мен мәселелеріне мән бермейді.
• Қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша белсенділік танытпайды.

Қызметті тұтынушыға ақпараттандыру

D-1

• Ұжымғақызметалушытұтынушыларарасындакөрсетілетінқызметтертуралыақпараттардыжеткізуқажеттілігітуралыүнемітүсіндіреді.
• Көрсетілетінқызметтертуралыақпараттандырудыңтиімдітәсілінқұрастырады.

• Ұжымғақызметалушытұтынушыларарасындакөрсетілетінқызметтертуралыақпараттардыжеткізуқажеттілігітуралытүсіндірмейді.
• Көрсетілетінқызметтертуралыақпараттандырудыңтиімсізтәсілінқұрастырады.

D-2; D-3 (құрылымдық бөлімше басшысы) * Осы бағанның жоғары тұрған жолында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда

• Бағыныстағылардықызметалушылардықолжетімдіақпараттандыруғабағдарлайды.
• Тұтынушығаақпараттардықұрметпенжәнеигілікпенжеткізеді.
• Қызметтұтынушыларыныңпікірінқұрметтейді.

• Бағыныстағылармен қызмет алушыларды ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізбейді.
• Тұтынушыға ақпараттарды жеткізбейді немесе немқұрайлы және жақтырмай жеткізеді.
• Қызмет тұтынушыларының пікірін елемейді.

D-3; * D-4; D-5. * Осы бағанның жоғары тұрған жолында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда

• Қызметалушылардыақпараттандырудыңтиімдітәсілдерінқолданады.
• Тұтынушығаақпараттықолжетімдіауызшажәнежазбашатүрдежеткізеді.
• Көрсетілетінқызметтертуралыақпараттыуақтылықабылдайжәнежібереалады.

• Қызмет алушыларды ақпараттандырудың тиімсіз тәсілдерін қолданады.
• Тұтынушыға ақпаратты ауызша және жазбаша түрде жеткізбейді немесе түсініксіз жеткізеді.
• Көрсетілетін қызметтер туралы ақпаратты уақтылы қабылдай және жібере алмайды.

Жеделділік

D-1.

• Ұжымғажаңабасымдықтардыуақтылыжеткізеді.
• Өзгерістердіуақтылыелеуүшінтиімдішараларқабылдайды.
• Бөлімшенітиімдібасқарадыжәнеішкіжәнесыртқыөзгерістеркезінденәтижегеқолжеткізеді.
• Жұмыстыңжаңабағыттарынқолданубойыншаұсыныстарынталдайдыжәнебасшылыққаенгізеді.

• Ұжымға жаңа басымдықтарды жеткізбейді немесе мерзімнен кеш жеткізеді.
• Өзгерістерді уақтылы елеу үшін шаралар қабылдамайды немесе тиімсіз шаралар қабылдайды.
• Бөлімшені тиімсіз басқарады және ішкі және сыртқы өзгерістер кезінде нәтижеге қол жеткізбейді.
• Жұмыстың жаңа бағыттарын қолдану бойынша ұсыныстарын талдамайды және басшылыққа енгізбейді.

D-2; D-3 (құрылымдық бөлімше басшысы) * Осы бағанның жоғары тұрған жолында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда

• Жұмыстың жаңа бағыттарын пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қарайды және басшылыққа енгізеді.
• Болып жатқан өзгерістерге талдау жасайды және жұмысты жақсарту бойынша уақтылы шаралар қабылдайды.
• Өзгерістерді дұрыс қабылдауды өзінің үлгі өнегесімен көрсетеді.

• Жұмыстың жаңа бағыттарын пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қарамайды және басшылыққа енгізбейді.
• Болып жатқан өзгерістерге талдау жасамайды және жұмысты жақсарту бойынша шаралар қабылдамайды.
• Болып жатқан және күтілмеген өзгерістер кезінде өзін-өзі бақыламайды.

D-3; * D-4; D-5. * Осы бағанның жоғары тұрған жолында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда

• Жұмыстыжақсартужөніндеұсыныстаренгізеді.
• Олардыенгізудіңжаңабағыттары мен әдістерінүйренеді.
• Өзгерісжағдайларындаөзін -өзібақылайды.
• Өзгерісжағдайларында тез бейімделеді.

• Жұмыстың қолданыстағы рәсімдері мен әдістерін ұстанады.
• Жаңа бағыттар мен әдістерді зерттеп оларды енгізбейді.
• Өзгеріс жағдайларында өзін-өзі бақылай алмайды.
• Өзгеріс жағдайларында бейімделмейді немесе баяу бейімделеді.

Өздігінен даму

D-1

• Үлгіліқызметкерлердіжоғарылатутуралыұсыныстардықарастырады және енгізеді.
• Қызметкерлердідамытубойыншажүйелішаралардықабылдайды.
• Әріптестеріменжинақталғантәжірибесімен, біліміменбөліседі, сондай-ақ, олардың даму деңгейінанықтайды.
• Өздігінендамуғаұмтылысынөзініңжекеүлгісіндекөрсетеді.

• Үлгілі қызметкерлерді анықтамайды және оларды жоғарылату туралы ұсыныстарды қарастырмайды.
• Қызметкерлерді дамыту бойынша жүйелі шараларды қабылдамайды немесе жүйесіз шараларды қабылдайды.
• Әріптестерімен жинақталған тәжірибесімен, білімімен бөліспейді, сондай-ақ, олардың даму деңгейін анықтамайды.
• Өздігінен дамуға ұмтылысын өзінің жеке үлгісінде көрсетуге көңіл бөлмейді.

D-2; D-3 (құрылымдық бөлімше басшысы) * Осы бағанның жоғары тұрған жолында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда

• Бағыныстылардың құзыреттер деңгейін жоғарылату бойынша іс-шаралар ұсынады.
• Мақсатқа жету үшін өзінің құзыреттерін дамытады және оларды бағыныстыларда дамыту үшін шаралар қабылдайды.
• Бағыныстылармен олардың құзыреттерін, оның ішінде дамуды қажет ететін құзыреттерді талқылайды.

• Бағыныстылардың құзыреттер деңгейінің жоғарылауына қызығушылық танытпайды.
• Мақсатқа жету үшін өзінің және бағыныстыларының құзыреттерін дамытпайды.
• Бағыныстылармен олардың құзыреттерін талқыламайды.

D-3; * D-4; D-5. * Осы бағанның жоғары тұрған жолында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда

• Жаңабілімдер мен технологияларғақызығушылықтанытады.
• Өзіндігінендамуғаұмтылады, жаңаақпараттар мен оны қолданудыңәдістерінізденеді.
• Тәжірибедетиімділіктіарттыратынжаңадағдылардықолданады.

• Жаңа білімдер мен технологияларға қызығушылық танытпайды.
• Өзіндігінен дамуға ұмтылмайды, жаңа ақпараттар мен оны қолдану әдістерімен қызықпайды.
• Өзінде бар дағдылармен шектеледі.

Адалдық

D-1

• Жұмыскерлерменәдептілікнормалары мен стандарттарыныңсақталуынқамтамасызетеді.
• Ұжымдамемлекеттікқызметтіңәдептілікнормалары мен стандарттарынаберілгендікдеңгейіндамытады.
• Басқалардыңжетістіктерінмойындайды, әріптестерініңнамысы мен абыройынанұқсанкелтіретінолардыңжекежәнекәсібиқасиеттерінталқылаудантартынады.
• Әдептілікнормалардыңбұзылғандығынелепескередіжәнеанықтайды.
• Риясыздық, әділдік, адалниеттілік, сондай-ақ, жекетұлғаныңнамысы мен абыройынақұрметтанытаотырып, бағыныстыларыүшінәдептімінез-құлықтыңүлгісіболады.
• Өзініңбөлімшежұмысыныңтәжірибесіндеашықтық, шынайылықжәнеәділдіккебағытталғанәдепнормалары мен құндылықтардыбіріктіреді.

• Жұмыскерлермен әдептілік нормалары мен стандарттарының сақталуын қамтамасыз етпейді.
• Мемлекеттік қызмет жолын ұстаушылық әркімнің жеке ісі деп есептейді.
• Басқалардың жетістіктерін мойындамайды, әріптестерінің намысы мен абыройына нұқсан келтіретін олардың жеке және кәсіби қасиеттерін талқылауға жол береді.
• Әдептілік нормалардың бұзылғандығын елеп ескермейді.
• Риясыздық, әділдік, адал ниеттілік, сондай-ақ, жеке тұлғаның намысы мен абыройына құрмет танытпайды.
• Өзінің бөлімше жұмысының тәжірибесінде ашықтық, шынайылық және әділдікке бағытталған әдеп нормалары мен құндылықтарды біріктірмейді.

D-2; D-3 (құрылымдық бөлімше басшысы) * Осы бағанның жоғары тұрған жолында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда

• Белгіленген стандарттар мен нормалардың, шектеулер мен тыйымдардың сақталуын бақылайды.
• Ұжымның мүддесін өз мүддесінен жоғары қояды.
• Жұмыста табандылық танытады.
• Ұжымдағы сыйластық пен сенім ахуалын қалыптастырады.
• Бағыныстылардың іс-әрекетінде шынайылық және әділеттілік принциптерін сақтауды қамтамасыз етеді.
• Риясыздық, әділдік, адал ниеттілік, сондай-ақ, жеке тұлғаның намысы мен абыройына құрмет таныта отырып, бағыныстылары үшін әдепті мінез-құлықтың үлгісі болады.

• Ұжымда белгіленген стандарттар мен нормалардың, шектеулер мен тыйымдардың орын алуына жол береді.
• Өз мүддесін ұжым мүддесінен жоғары қояды.
• Жұмыста табандылық танытпайды.
• Ұжымдағы сыйластық пен сенім ахуалын қалыптастырмайды.
• Бағыныстылардың іс-әрекетінде шынайылық және әділеттілік принциптерін сақтауды қамтамасыз етпейді.

D-3; * D-4; D-5. * Осы бағанның жоғары тұрған жолында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда

• Белгіленгенәдептілікнормалары мен стандарттарынасүйенеді.
• Өзініңжұмысынадалорындайды.
• Өзінадал, қарапайым, әділұстайды, басқаларғасыпайылықжәнебиязылықтанытады.

• Белгіленген әдептілік нормалары мен стандарттарына сай келмейтін мінез-құлықтар танытады.
• Өзінің жұмысын орындау барысында немқұрайлылық білдіреді.
• Өзін адалсыз, шамданған және басқаларға дөрекілік және менсізбеушілік қасиеттерін танытады.

Стресске орнықтылық

D-1

• Сынғасабырлықпенқарайдыжәненегіздіболғанжағдайда, кемшіліктердіжоюжөніндешараларқабылдайды.

• Сынға сабырсыз қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдамайды.

D-2; D-3 (құрылымдық бөлімше басшысы) * Осы бағанның жоғары тұрған жолында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда

• Сынға сабырлықпен қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды.

• Сынғасабырсызқарайдыжәненегіздіболғанжағдайда, кемшіліктердіжоюжөніндешараларқабылдамайды.

D-3; * D-4; D-5. * Осы бағанның жоғары тұрған жолында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда

• Сынға сабырлықпен қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдайды.

• Сынға сабырсыз қарайды және негізді болған жағдайда, кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылдамайды.

Жауапкершілік

D-1

• Құрылымдықбөлімшеніңқызметінұйымдастырудыжекежауапкершілігінеалады.

• Құрылымдықбөлімшеніңқызметінұйымдастыружауапкершілігінбасқалауазымдытұлғағаартады.

D-2; D-3 (құрылымдық бөлімше басшысы) * Осы бағанның жоғары тұрған жолында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда

• Құрылымдықбөлімшеніңқызметінұйымдастырудыжекежауапкершілігінеалады.

• Құрылымдықбөлімшеніңқызметінұйымдастыружауапкершілігінбасқалауазымдытұлғағаартады.

D-3; * D-4; D-5. * Осы бағанның жоғары тұрған жолында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда

• Өзісі мен нәтижелеріүшінжауаптылықтаболады.

• Өзісі мен нәтижелеріүшінжауаптылықтыбасқатұлғағаартады.

Бастамашылдық

D-1

• Қызметтиімділігінжоғарылатуғабағытталғанинновациялықтәсілдер мен шешімдеренгізужөніндегіұсыныстардытүзедіжәнеқарастырады.

• Қызмет тиімділігін жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдер мен шешімдер енгізу жөніндегі ұсыныстарды әзірлемейді және қарастырмайды.

D-2; D-3 (құрылымдық бөлімше басшысы) * Осы бағанның жоғары тұрған жолында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда

• Қызмет тиімділігін жоғарылатуға бағытталған инновациялық тәсілдерін және шешімдерін ендіру бойынша ұсыныстарды талдайды және енгізеді.

• Қызметтиімділігінжоғарылатуғабағытталғанинновациялықтәсілдерінжәнешешімдерінендірубойыншаұсыныстардыталдамайдыжәнеенгізбейді.

D-3; * D-4; D-5. * Осы бағанның жоғары тұрған жолында көрсетілген тұлғаларды қоспағанда

• Ұсыныстар мен бастамаларыненгізедіжәнеөзініңнегізгіміндеттеріненбасқақосымшажұмыстардыорындайды.

• Ұсыныстар мен бастамаларыненгізбейдіжәнеөзініңнегізгіміндеттеріненбасқақосымшажұмыстардыорындамайды.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады