2023 жылға арналған Әйтеке би ауданында мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 1 желтоқсандағы № 251 қаулысы. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 30 қарашадағы № 337 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы әкімдігінің 30.11.2023 № 337 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9, 27 баптарына, Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31 бабына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы", Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 28 шілдеде № 14010 болып тіркелген бұйрығына сәйкес, Әйтеке би ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2023 жылға арналған Әйтеке би ауданы бойынша ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарының квотасы осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. "Әйтеке би аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Әйтеке би ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Әйтеке би ауданының әкімі Д. Ермаганбетов

  Әйтеке би ауданы
әкімдігінің 2022 жылғы "01"
желтоқсандағы № 251
қаулысына қосымша

2023 жылға арналған Әйтеке би ауданында мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйымдардың атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері (қызметкерлердің тізімдік санынан% )

Жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

"Ақтөбе облысының білім басқармасы Әйтеке би ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі

212

3

6

2

"Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Әйтеке би аудандық ауруханасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

194

3

6

3

"Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Әйтеке би аудандық "Целинник" мәдениет үйі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

100

2

2

4

"Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Қарабұтақ орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

55

2

1

5

"Ақтөбе облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесінің "Әйтеке би көпсалалы колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

60

2

1

6

"Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Әйтеке би аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

52

2

1

7

"Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы" мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Әйтеке би аудандық ветеринариялық стансасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны

60

2

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады