"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Қарғалы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. Қарғалы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 16 шілдедегі № 120 қаулысы 2 тармағының күші жойылды деп танылсын.
3. "Қарғалы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) жоғарыда көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақтөбе облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қарғалы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарғалы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Жүсібалиев |
Жобаны енгізуші: Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы |
А. Алгартов |
Аудан әкімдігінің 2022 жылғы 25 тамыздағы № 162 қаулысымен БЕКІТІЛГЕН |
"Қарғалы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. "Қарғалы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі экономика және бюджеттік жоспарлау саласында (ларында) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. "Қарғалы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомствалары жоқ.
3. "Қарғалы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексіне және өзге де заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. "Қарғалы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі"мемлекеттік мекемесі ұйымдық- құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген Үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. "Қарғалы аудандық экономикажәне бюджеттік жоспарлау бөлімі"мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. "Қарғалы аудандық экономикажәне бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне егер заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. "Қарғалы аудандық экономикажәне бюджеттік жоспарлау бөлімі"мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелерібойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қарғалы аудандық экономикажәне бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. "Қарғалы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі"мемлекеттік мекемесініңқұрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 030500, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы, Әбілқайыр Хан көшесі, 38 үй.
10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Қарғалы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі"мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже "Қарғалы аудандық экономикажәне бюджеттік жоспарлау бөлімі"мемлекеттік мекемесініңқұрылтай құжаты болып табылады.
12. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы және басқару жөніндегі уәкілетті органы Қарғалы ауданының әкімдігі болып табылады.
13. "Қарғалы аудандық экономикажәне бюджеттік жоспарлаубөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
14. "Қарғалы аудандық экономикажәне бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен Қарғалы аудандық экономика және бюджеттікжоспарлау бөлімінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
15. "Қарғалы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ-нің миссиясы:
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын, ауданның аумақтық даму бағдарламасын, ауданның индустриалдық даму саласындамемлекеттік саясатты жүзеге асыру функцияларын әзірлеуге, экономиканың шикізаттық емес секторында жеке инвестицияларды ынталандыру үшін қолайлы жағдай жасауғабасшылық жасауды және салааралық үйлестіруді іске асырады.
16. Міндеттері:
Мемлекеттік мекеменің негізгі міндеттері:
1) ауданда әлеуметтік-экономикалық даму және салықтық-бюджеттік саясатының негізгі бағыттарын, стратегиялық мақсаттары мен басымдықтарын индустриалдық-инновациялық даму, аудандағы инвестициялық қызмет саласындағы мемлекеттік саясат бағыттарын қалыптастыру;
2) экономикалық талдау, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына макроэкономикалықболжау жасау, реформаларбарысын бағалау және индустриалдық-инновациялық дамудың, аудандағы инвестициялық қызметтің даму жағдайына талдау жасау;
3) Қарғалы ауданы экономикасының стратегиялық және ортамерзімдік жоспарлау жүйесін жетілдіру және қалыптастыру, аудан аумақтарын дамыту бағдарламасы, индустриалдық-инновациялық даму, ауданның инвестициялық қызмет саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысу;
4) салық және басқа да қаржы органдарымен әрекеттестікте мемлекеттің бюджеттік және салықтық саясатын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
5) бюджеттік бағдарламалау әдістерін енгізу, аудандық бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау;
6) мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, әлеуетті инвесторларды тарту және инвестициялық жобаларды іске асыру жөнінде ұйымдарға жәрдемдесу;
7) аудан бюджетінің даму басымдықтарын қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;
8) мемлекеттік коммуналдық меншік объектілеріне қатысты мемлекеттік саясатты әзірлеуге, іске асыруға және жүзеге асыруға қатысу.
17. Функциялары:
Мемлекеттік мекеме заңнамада белгіленген тәртіппен және өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) аудан аумағын дамыту бағдарламаларын және дамудың стратегиялық жоспарларын әзірлеуді іске асырады, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жоғарыдағы аталған бағдарламаларды жүзеге асыру жөніндегі қызметін үйлестіреді;
2) аудан аумақтарын дамыту бағдарламасын, аудандық бюджеттерді, салалық (секторлық) және аймақтық бағдарламаларды әзірлеуді және іске асыруды әдістемелік қамтамасыз етеді;
3) жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен мемлекеттік инвестициялардың басымды бағыттарын қалыптастырады және индустриалдық-инновациялық дамудың және аудандағы инвестициялық қызметтің дамуына талдау, болжам және мониторинг жасауды іске асырады;
4) аумақтық салық органымен бірлесіп, аудандық бюджеттің кірісін болжамдауды, индустриалдық-инновациялық дамуды және аудандағы инвестициялық қызметті дамытудың жалпы стратегиясы шегіндежергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктер мен өзге мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардың қызметін үйлестіруді іске асыру;
5) орта және ұзақ мерзімді болашаққа әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар мен нұсқаулар дайындау;
6) алдағы қаржы жылына аудандық бюджет жобасын, сонымен қатар алдағы үш жылдық кезеңге аудандық бюджеттің болжамдық көрсеткіштерін әзірлеу;
7) аудан бюджетінің жобасын қалыптастыру, ауданның қарыз лимиттері мен маңызды аудандық бюджеттік бағдарламалар бойынша ең аз шығыстарының мөлшерін, алдағы қаржы жылында аудан бюджетіне түсетін түсімдер көлемін жоғарғы тұрған органдармен келісу және есептерін жасау;
8) даму бюджетінің инвестициялық жобаларын қалыптастыру және олардың іске асырылуына мониторинг жүргізуге;
9) аудандық бюджеттен қаржыландыру үшін ұсынылатын инвестициялық жобаларға экономикалық сараптама жүргізу;
10) инвестициялық бағдарламаларды іске асырудың барысы және ауданның әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері туралы ақпараттық-талдау материалдарын дайындау;
11) бюджеттік бағдарламалардың тиімділігіне талдау және бағалау жүргізу;
12) ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламалары үшін аудандық бюджеттің шығыс лимиттерін қалыптастыру, экономиканы дамыту, инвестициалық қызметке қатысты мәселелердің бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын ұйымдастыру;
13) мақсатты бағдарламаларды қаржыландыру тәртібін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу және ақпараттық қамтамасыз етуді іске асыру;
14) жергілікті атқарушы органдар ұсынған ауданды дамытудың болжамдық көрсеткіштері белгіленген заңнама тәртібімен келісу;
15) мемлекеттік қаржы және мемлекеттік меншікті басқару саласында мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын анықтауға қатысу;
16) Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына сәйкес мемлекеттік коммуналдық меншік мәселесі бойынша ақшалай өтемді төлеу жөніндегі бюджеттік өтінімдерді қарау;
17) Жобалық менеджмент саласындағы жұмыстарды үйлестіру және бақылау жасау;
18) "Е-kyzmet", "Е-otinish", "Е-архив" ақпараттың жүйелерімен жұмыс жасау, ақпаратты уақытылы енгізу
19) мемлекеттік мекемеге заңнамамен жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асыру.
18. Құқықтары мен міндеттері:
Мемлекеттік мекеме өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды жүзеге асыру үшін:
1) заңмен және өзге де нормативтік құқықтық актілермен белгіленген тәртіпте аудан әкімдігіне ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары жөніндегі ұсыныстаренгізуге және мемлекеттік мекемемен белгіленген мерзімде аудандық және селолық мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік емес құрылымдардан мемлекеттік мекеменің құзырына кіретін мәселелер бойынша қажетті материалдарды алуға және тиісті хат алмасу жүргізуге;
2) аудан аумақтарын дамыту бағдарламасын және аймақтық, салалық бағдарламаларды жүзеге асыруға, өз құзыры шегінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарды тексеруді, аталған органдар мен ұйымдардың лауазымды тұлғаларын мемлекеттік мекеменің құзырына кіретін мәселелер бойынша тыңдауды іске асыруға;
3) өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы органдардан, шаруашылық етуші субъектілерден қажетті ақпаратты сұрату және алу;
4) қажет болған жағдайда кеңес беру және сараптамалар жүргізу үшін жергілікті атқарушы органдардың мамандарын, сондай-ақтәуелсіз сарапшылардытартуға және іскер қатынасты қалыптастыру, ақпаратжәне
жұмыс тәжірибесімен алмасу мақсатында басқа аудандар мен облыстың тиісті құрылымдарымен өзара қарым-қатынас жасауға құқылы;
3. Мемлекеттікорганныңқызметінұйымдастыру
19. "Қарғалы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіндегі басшылықты Қарғалы аудандық экономикажәне бюджеттік жоспарлау бөлімінежүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
20. "Қарғалы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкіміқызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
21. "Қарғалы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:
1) бөлімнің жұмысын ұйымдастыру және басшылық жасау;
2) бөлімге жүктелген міндеттерді орындауда жеке жауапкершілікте болу;
3) бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен құзырларын анықтау;
4) бөлім қызметкерлерін қызмет лауазымына тағайындау және босату;
5) заңмен белгіленген тәртіп бойынша бөлім қызметкерлерін көтермелейді және тәртіптік жаза қолданады;
6) барлық мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда бөлімнің мүддесін білдіру;
7) жұмысты болжау, жоспарлау және ұйымдастыра білу;
8) ақпараттық – талдау жұмыстарының түрлері мен әдістерін білу;
9) аудан бюджетін қалыптастыруға, нақтылауға қатысты мемлекеттік саясатты жүзеге асырумен байланысты жұмыстарға басшылық жасау және бақылауға алу;
10) ауданда кәсіпкерлік, индустриалдық –инновациялықдаму, инвестициялық қызмет саласында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, стратегиялық мақсаттар мен басымдықтарды қалыптастыру;
11) барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда мемлекеттік мекеме атынан сөйлеу;
12) сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауап беру;
13) заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
"Қарғалы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесініңбірінші басшысыболмаған кезеңдеоның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. "Қарғалы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесініңаппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын
Қарғалы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы басқарады.
4. Мемлекеттікорганның мүлкі
23. "Қарғалы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
"Қарғалы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесініңмүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
24. "Қарғалы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлкікоммуналдық меншікке жатады.
25. Мемлекеттік мекеменің мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органы (бұдан әрі мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган) Қарғалы аудандық қаржы бөлімі болып табылады.
26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Қарғалы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіөзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыружоспары бойынша өзіне бөлінгенқаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. Мемлекеттік органды қайта құру және тарату
27. "Қарғалы аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінқайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.