"Қарғалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 26 тамыздағы № 163 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Қарғалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Қарғалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.

      2. Қарғалы ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 306 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. "Қарғалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) көрсетілген Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақтөбе облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қарғалы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарғалы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Жүсібалиев

  Қарғалы аудан әкімдігінің
2022 жылғы 26 тамыздағы
№ 163 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН

"Қарғалы ауданыдық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. "Қарғалы ауданыдық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi (Бұдан әрі - жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі) жұмыспен қамту және Қарғалы ауданының халқын әлеуметтік қорғау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнің ведомствосы бар:

      "Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің "Қарғалы ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы"коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      3. Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтік құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбасы, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан жасайды.

      6. Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Қарғалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

      8. Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

      9. Қарғалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің орналасқан жері: 030500, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Қарғалы ауданы, Бадамша ауылы, Айтеке би көшесі, 32 үй .

      10. Осы ереже жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнің каржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергiлiктi бюджеттерден, Қазақсан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен жүзеге асырылады.

      12. Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнің өкілекттіктері болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары:

      1) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің құзыретіне жататын әлеуметтік әріптестік, халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету;

      3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтары мен әлеуметтік кепілдіктерін қамтамасыз ету;

      4) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттер.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүдделерін білдіреді;

      ведомстволық бағыныстағы мекемеге қатысты мемлекеттік басқару органының функцияларын жүзеге асыру;

      Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан және өзге де ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және басқа материалдарды сұрату және алу;

      аудандағы қызметтің тиімділігін арттыру мәселелері бойынша басқа мемлекеттік органдармен, қоғамдық өзін-өзі басқару органдарымен және басқа да ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтауға;

      Президенттің, Үкіметтің және басқа да орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ облыс және аудан әкімінің және әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы, мерзімінде орындауға;

      2) міндеттері:

      мемлекеттік мекеме құзыретінің мәселелері бойынша аудан әкімі және әкімдігі қабылдайтын нормативтік-құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар енгізу;

      қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

      15. Функциялары:

      1) Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, мәслихаттың, әкімдіктің актілері мен тапсырмаларына сәйкес халықты әлеуметтік қорғау саласындағы жергілікті мемлекеттік органдардың ауданда жүзеге асыруын қамтамасыз ету және жүзеге асыру; аудан әкімі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша;

      2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету;

      3) жеке және заңды тұлғалардың өкілдерінің өтініштерін қарау, қабылдау және кеңес беру;

      4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бюджет қаражаты қажеттілігін болжау және әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру;

      5) коммерциялық емес (үкіметтік емес) ұйымдармен өзара әрекет ету;

      6) еңбек нарығының сұраныс пен ұсынысты талдау және болжау;

      7) мемлекеттік, үкіметтік бағдарламаларды іске асырылатын жобаларда сұранысқа ие мамандықтар бойынша ағымдағы бос орындар және құрылатын жұмыс орындарының болжамы туралы әлеуметтік – еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің дерекқорын қалыптастыруға қатысу;

      8) жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту шараларын әзірлейді, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын ұйымдастыру;

      9) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      10) жергілікті атқарушы органдардың білім мәселелері жөніндегі құрылымдық бөлімшелерінен, білім жөніндегі ұйымдардан, түлектердің жұмысқа орналасуы туралы мәліметтер, оқыту жүргізілетін кәсіптер (мамандықтар) туралы және нақты кәсіптер (мамандықтар) бойынша даярланған және даярлау жоспарланып отырған және бітіріп шығатын мамандар саны туралы ақпарат сұрау;

      11) жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аударуы үшін елді мекендерді айқындау бойынша ұсыныстарды жергілікті атқарушы органдарға енгізу;

      12) халықты жұмыспен қамту орталықтарының жұмысын үйлестіру;

      13) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау және төлеу, жергілікті бюджет қаражаты есебінен басқа да әлеуметтік көмек түрлерін көрсету;

      14) мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламаларының әлеуметтік бөлігін орындау;

      15) Еңбек мигранттарына рұқсат беру және ұзарту, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету;

      16) халықтың өмір деңгейін көтеру және тұрақтандыруға бағытталған нормативтік - құқықтық актілерді дайындауға қатысу, олардың орындалуын талдау;

      17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

3. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттігі

      16. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне басшылықты Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.

      17. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының өкілеттігі:

      1) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуына дербес жауапты;

      2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін дербес жауапты;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектерде Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мүлкіне иелік етеді;

      4) шарттар жасайды;

      5) сенімхаттар береді;

      6) банк мекемелерінде шоттар ашады;

      7) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қызметкерлерінің барлығы орындауға міндетті өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      8) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мүддесін барлық ұйымдарда қорғайды;

      9) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, сонымен қатар мадақтау шараларын және тәртіптік жаза қолданады;

      10) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік шеңберін белгілейді;

      11) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі іссапарлар, тағылымдамалар, қызметкерлерді қазақстандық оқу орталықтарында оқыту және

      қызметкерлердің біліктілігін арттырудың өзге де түрлері бойынша тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

      12) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады;

      Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы болмаған кезеңдеоның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

      19. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздері есебінен қалыптастырылады.

      20. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      21. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Қарғалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      22. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімін қайта ұйымдастыру және қайта тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады