ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес Қарғалы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2023 жылға арналған пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. "Қарғалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақтөбе облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Қарғалы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарғалы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Жүсібалиев |
Қарғалы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № 236 қаулысына қосымша |
2023 жылға Қарғалы ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін үшін ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота
№ р/н | Ұйымдардың атауы | Жұмыскерлердің тізімдік саны | Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санынан %) | Жұмыс орындарының саны (бірлік) |
1 | "Степное Алтын Астық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 40 | 3 | 1 |
2 | "Велиховка" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 35 | 3 | 1 |