2023 жылға Қарғалы ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № 237 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 9) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №13898 тіркелген бұйрығына сәйкес, Қарғалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2023 жылға Қарғалы ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. "Қарғалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Ақтөбе

      облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Қарғалы ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарғалы ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      Аудан әкімі А. Жүсібалиев

  Қарғалы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 2 желтоқсандағы № 237 қаулысына қосымша

2023 жылға Қарғалы ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота

№ р/н

Ұйымдардың атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санынан %)

Жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

"Степное Алтын Астық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

40

3

1

2

"Велиховка" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

35

3

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады