Мәртөк ауданы Мәртөк ауылдық округі Мәртөк ауылының құрамдас бөлігіне атау беру туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Мәртөк ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 16 қарашадағы № 10 шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 21 қарашада № 30638 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына сәйкес, Мәртөк ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының 2021 жылғы 26 наурыздағы № 1 қорытындысы негізінде, ШЕШТІМ:

      1. Мәртөк ауданы Мәртөк ауылдық округінің Мәртөк ауылындағы атауы жоқ тұйық көшесіне Ақсу тұйық көшесі деп атау берілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәртөк ауылдық округінің әкімі О. Қонысбай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады