2023 жылға Темір ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айрылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Темір ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 255 қаулысы. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 288 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір ауданы әкімдігінің 26.12.2023 № 288 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9, 27 баптарына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік дамыту министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген) бұйрығына сәйкес Темір ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2023 жылға Темір ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымның жұмыскерлерінің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан жұмыс орындарына квоталар белгіленсін.

      2. "Темір ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіліенген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберу;

      2) осы қаулыны Темір ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3.Осы қаулының орындалуына бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Темір ауданының әкімі С. Аманбаев

  Темір ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 05 желтоқсандағы № 255 қаулысына қосымша

2023 жылға Темір ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айрылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота

№ р/н

Ұйымдардың атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квота мөлшері (Жұмыскерлердің тізімдік санынан %)

Жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

"Темір аудандық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Н.Байғанин атындағы Темір аудандық мәдениет үй" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

96

2

2


Барлығы

96

2

2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады