Ойыл аудандық мәслихатының 2018 жылғы 26 наурыздағы № 182 "Ойыл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 наурыздағы № 132 шешімі

      Ойыл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Ойыл аудандық мәслихатының "Ойыл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемелекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы" 2018 жылғы 26 наурыздағы № 182 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-11-126 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген "Ойыл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесінің "Б" корпусы мемелекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесінде:

      5 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Бағалауды өткізу үшін "Б" корпусы қызметшісін мемлекеттік лауазымға тағайындауға және мемлекеттік лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлғамен (бұдан әрі – уәкілетті тұлға) персоналды басқару қызметі немесе ол болмаған жағдайда персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) міндеттерін атқару жүктелген өзге құрылымдық бөлімше (тұлға) жұмыс органы болып табылатын Бағалау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.

      Комиссия құрамы уәкілетті тұлғамен анықталады, комиссия мүшелерінің саны 5 адамнан кем болмауы тиіс.";

      9 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Бағалау кезеңі басталғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде "Б" корпусы әкімшілік мемлекеттік қызметшісінің НМИ тікелей басшымен жеке жұмыс жоспарында үлгілік Әдістеменің 1-қосымшасына сәйкес нысанда анықталады.";

      17 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Бағалауды өткізу үшін "Б" корпусы қызметшісінің тікелей басшысы үлгілік Әдістеменің 2-қосымшасына сәйкес нысанда НМИ бойынша бағалау парағын толтырады және оған қол қояды.";

      25 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Құзыреттерді бағалау тікелей басшымен жүргізіледі және оның нәтижесі бойынша үлгілік Әдістеменің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бағалау парағы толтырылады.";

      26 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Бағалау парағын толтыру барысында әр құзырет бойынша "Б" корпусы мемлекеттік лауазымдар санаттары үшін үлгілік Әдістеменің 4-қосымшасымен көзделген мінез-құлық индикторларының жиынтығын басшылыққа алу қажет. Бір құзырет бойынша мінез-құлық индикаторларының саны 10-нан аспайды.";

      36 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Құрылымдық бөлімше басшысы Комиссияның отырысына келесі құжаттарды ұсынады:

      1) толтырылған бағалау парақтарын;

      2) үлгілік Әдістеменің 5-қосымшасына сәйкес Комиссия отырысының хаттамасының жобасын".;

      41 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. "Б" корпусының қызметшісін бағалау нәтижелерімен таныстыру жазбаша түрде жүргізіледі. Қызметші танысудан бас тартқан жағдайда, еркін түрде акт құрылып, мәслихат аппаратының бас маманымен және мемлекеттік органның басқа екі қызметшісімен қол қойылған акт толтырылады.

      Бұл ретте танысудан бас тартқан қызметшілерге бағалау нәтижелері мемлекеттік органдардың интранет-порталы және/немесе мемлекеттік қызмет персоналы бойынша автоматтандырылған бірыңғай дерекқор (ақпараттық жүйенің) не электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы 1 жұмыс күні ішінде жолданады.";

      42 тармақ алынып тасталсын;

      "Б" корпусы мемелекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесінің 1,2,3,4 және 5 қосымшалары алынып тасталсын.

      2. "Ойыл аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жариялауды;

      2) осы шешімді оны ресми жариялағаннан кейін Ойыл аудандық мәслихатының интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ойыл аудандық
мәслихатының хатшысы:
С. Ғ. Займолдин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады