Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 16 мамырдағы № 191 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17, 69 баптарына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына сәйкес, Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Қауылжыр ауылдық округі аумағында орналасқан жалпы көлемі 0,3075 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, "QazaqGaz" Ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамымен талшықты оптикалық байланыс желісін ТОБЖ және газ өлшеу станциясы ГӨС құрылысын салу үшін 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитуті белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Шалқар ауданының әкімі Ж. Жидеханов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады