Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Ақтоғай ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 222 шешімі. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 15 қыркүйектегі № 94 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 15.09.2023 № 94 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Ақтоғай ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Ақтоғай ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Қотыртас, Ақтан батыр, Қорғанжар ауылдарының тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шалқар аудандық
мәслихатының хатшысы
С. Бигеев

  Шалқар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 222 шешіміне 1 қосымша

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Ақтоғай ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Ақтоғай ауылдық округінің жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және Ақтоғай ауылдық округінің ауылдар тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны-ауылдық округтің тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, көшелер) бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Ақтоғай ауылдық округінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Ақтоғай ауылдық округінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

      7. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Ақтоғай ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.

      Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті учаскеден қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы учаскеде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Ақтоғай ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Ақтоғай ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

      10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын аудандық мәслихат бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.

      11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Ақтоғай ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.

  Шалқар аудандық мәслихатының 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 222 шешіміне 2 қосымша

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Ақтоғай ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Қотыртас, Ақтан батыр, Қорғанжар ауылдарының тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Елді мекеннің атауы

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерінің саны (адам)

1.

Ақтоғай ауылдық округі Қотыртас ауылының Бейбітшілік көшесі тұрғындары үшін

1

2.

Ақтоғай ауылдық округі Қотыртас ауылының Саябақ, Мектеп көшелері тұрғындары үшін

1

3.

Ақтоғай ауылдық округі Қотыртас ауылының Наурыз көшесі тұрғындары үшін

1

4.

Ақтоғай ауылдық округі Қотыртас ауылының Теміржолшылар, Желтоқсан көшелері тұрғындары үшін

1

5.

Ақтоғай ауылдық округі Қотыртас ауылының Казарма көшесі тұрғындары үшін

1

6.

Ақтоғай ауылдық округі Ақтан батыр ауылының тұрғындары үшін

1

7.

Ақтоғай ауылдық округі Қорғанжар ауылының тұрғындары үшін

1

Барлығы:

7


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады