Шалқар ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 30 шілдедегі № 229 "Қауымдық сервитут белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы әкімдігінің 2022 жылдың 11 шілдедегі № 237 қаулысы

      Шалқар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Шалқар ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 30 шілдедегі № 229 "Қауымдық сервитут белгілеу туралы" қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Шалқар ауданы, Кішіқұм ауылдық округі аумағында орналасқан жалпы алаңы 31376 гектар жер учаскесіне жер пайдаланушылардан алып қоймай, "Тау-Кен Самұрық" ұлттық тау-кен компаниясы" акционерлік қоғамымен (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес мөлшері 20 % (жиырма пайыз)) және "Қазақстан Фортескью" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен (жер қойнауын пайдалану құқығындағы үлес мөлшері 80 % (сексен пайыз)) пайдалы қазбаларды барлау үшін 2026 жылдың 21 ақпанына дейінгі мерзімге қауымдық сервитуті белгіленсін.".

      2. "Шалқар аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны, оны ресми жариялағаннан кейін Шалқар ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Шалқар ауданы
әкімінің міндетін атқарушы
Қ. Ақшолақ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады