"Апелляциялық комиссия туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 4 тамыздағы № 1221 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2022 жылғы 5 шiлдедегi № 549 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Апелляциялық комиссия туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2018 жылғы 4 тамыздағы № 1221 бұйрығына келесі өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Селекциялық жетiстiктердi қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-1 бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Патент Заңы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына, "Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 2-тармағының 2) тармақшасына және "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      Апелляциялық комиссия туралы ережеде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Апелляциялық комиссия туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңына, "Қазақстан Республикасының Патент заңы" Қазақстан Республикасы Заңына, "Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, географиялық нұсқамалар және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы" Қазақстан Республикасы Заңына және "Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес әзірленді".";

      12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасының ұсынысы бойынша немесе патенттік сенім білдірілген өкілдің әрекеттеріне жеке және (немесе) заңды тұлғаның шағымы келіп түскен жағдайда уәкілетті орган уәкілетті орган қызметкерлерінің тақ санынан апелляциялық комиссия құрады. Патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасының ұсынысы бойынша немесе патенттік сенім білдірілген өкілдің әрекеттеріне жеке және (немесе) заңды тұлғаның шағымы келіп түскен шағымын қарау кезеңінде патенттік сенім білдірілген өкіл куәлігінің қолданылуы тиісті шешім қабылданғанға дейін мән-жайларды анықтау мақсатында аттестаттау комиссиясының хаттамалық шешімімен үш ай ішінде тоқтатыла тұрады, бұл туралы патенттік сенім білдірілген өкілдер тізілімінде белгі жасалады.

      Жеке және (немесе) заңды тұлғаның шағымын қарау немесе патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасының ұсынуы нәтижелері бойынша апелляциялық комиссия мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) патенттік сенім білдірілген өкілдің куәлігін кері қайтарып алу және патенттік сенім білдірілген өкілдер тізіліміне тиісті жазба енгізу;

      2) жеке және (немесе) заңды тұлғаның шағымын немесе патенттік сенім білдірілген өкілдер палатасының ұсынысын қанағаттандырудан бас тарту.

      13. Апелляциялық комиссияның шешімі жай көпшілік дауыспен қабылданады, хаттамамен ресімделеді және сотқа шағым жасалуы мүмкін.".

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр юстиции
Республики Казахстан
Қ. Мусин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады