"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" РМҚК көлік құралдары, телефон байланысы, кеңсе жиһаздары және оларды орналастыруға арналған алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1648 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2022 жылғы 9 қарашадағы № 920 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" РМҚК көлік құралдары, телефон байланысы, кеңсе жиһаздары және оларды орналастыруға арналған алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1648 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18144 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет Вице-министріне жүктелсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Қ. Мусин

  Бұйрыққа №1 қосымша

"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны үшін тиісті көлік құралдарының заттай нормалары

Атауы

Функционалдық мақсаты

Автокөлік құралдарын пайдалану құқықтары бар Мемлекеттік қазыналық кәсіпорны және оның филиалдары

Автомобильдер санының шегі

қозғалтқыш көлемі куб. см.

1 а/м бір айдағы жүретін жолы

Орталық аппарат

Кезекші автомобиль: - директордың басқару қызметі үшін; - басшыларды құқық қорғау органдарымен, арнайы органдарымен және соттармен өзара іс-қимылды етуді көлікпен қамтамасыз үшін; - Орталық аппараттыңтұрмыс тіршілігін қамтамасыз етуде қалалық коммуналдық қызметімен айсайынғы жұмыстар

"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" Республикалық мемлекеттік қазналық кәсіпорны

1

3000 артық емес

2100

Сот сараптамалары институттары

Кезекші автомобиль: - басшылардың басқару қызметі үшін; - сот сараптамасы қызметінің ерекшелігіне байланысты басшыларды құқық қорғау органдарымен, арнайы органдарымен және соттармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету үшін; - сот сараптамасы өндірісінің үздіксіз қызметін қамтамасыз ету үшін аумақтық бөлімшелердің коммуналдық қызметімен тұрақты жұмыс үшін; - аумақтық бөлімшелердің кезекші сарапшысының жұмыс орнына уақтылы келуін қамтамасыз ету үшін; - мәйіттерге, алыстағы елді мекендергетергеу изоляторларына және уақытша ұстауизоляторларына шыға отырып сот-медициналық сараптама өндірісін жүзеге асыру үшін.

"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын филиалдары

2

3000 артық емес

2100

Арнайы автокөлік- Жылжымалы зертхана жол-көлік оқиғаларына сот сараптама және экологиялық сараптамалар өндірісі үшін зерттеу нысандарын қарау үшін сот сарапшыларының оқиға орнына шұғыл түрде шығу үшін

  2

-

-

Арнайы автокөлік төтенше жағдайлар кезінде елді мекендерден тыс жерлерге сараптама өндірісі үшін жедел түрде шыға отырып

1 (сот-медициналық сараптаманы жүргізуге арналған арнайы жабдықпен жабдықталған)

-

-

Арнайы автокөлік шұғыл шығу үшін арнайы жабдықталған санитарлық көлікзембілмен

  1

-

-

Сот сараптамасының ғылыми-зерттеу институты

Кезекші автомобиль Директордың басқару функцияларына,

  1

3000 артық емес

2100

Кезекші автомобиль қаржы-шаруашылық қызметіне қызмет көрсету

  1

      Ескерту: Орталық аппарат және оның аумақтық бөлімшелерінің бұйрық қолданысқа енген сәтінде не кейіннен көлік құралдарыныңнақты санының шегінен артуы, Орталық аппараттың және оның аумақтық бөлімшелерінің құрылымы өзгерген жағдайда, осы заттай көлік құралдары нормасына сәйкес,көлік құралдарының тозуына байланысты көлік құралдарын есептен шығару арқылыне оларды Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің басқа ведомствлық бағынысты ұйымдарының теңгеріміне өткізу арқылы жүргізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады