Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің 29.11.2023 № 525 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37-баптарға және "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 7), 8) тармақшаларына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды,пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Меншік түріне және меншіктің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанына қарамастан ұйымдарда жұмыс орындары квота белгіленсін:
1) пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін;
2) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін;
2. Іле ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 18 мамырда №170 "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. "Іле ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдык мемлекеттік мекемесі пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды белгілінген квота бойынша жұмысқа орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б. Қарасаев |
Аудан әкімдігінің 2022 жылғы "__"_______ №____ қаулысына 1 қосымша |
Іле ауданы бойынша 2023 жылға мекемелер мен кәсіпорындарда пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша квота
Рет саны | Мекеме, кәсіпорын атауы | Қызметкерлердің тізімдік саны |
Квотаның мөлшері | Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | "Бент" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 130 | 1% | 1 |
2 |
"АЛЭС" | 164 | 0,8% | 1 |
3 |
"Іле коммуналдық шаруашылығы" | 133 | 1% | 1 |
4 | "Медиатекс" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 121 | 0,9% | 1 |
| "Первомайские деликатесы" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 132 | 1,1% | 1 |
6 | "Bimbo QSR Kazakhstan" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 64 | 2% | 1 |
7 | "Алатау Кус" Акционерлық коғам | 247 | 0,9% | 2 |
8 | ЖК "Карой" | 98 | % | 1 |
9 | "Galanz Botllers" Акционерлық коғам | 261 | 1% | 2 |
10 | "Первый пивзавод" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 184 | 0,8% | 1 |
11 | "Алель Агро" Акционерлық коғам | 154 | 1% | 1 |
12 | "QazaqGlassCompany" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 166 | 0,8% | 1 |
13 | "Берикап Казахстан" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 129 | 1% | 1 |
14 | "Ремстройтехника" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 197 | 0,6% | 1 |
Аудан бойынша | 1655 | 16 |
Аудан әкімдігінің №______қаулысына 2 қосымша |
Іле ауданы бойынша мекемелер мен кәсіпорындарда бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, жұмысқа орналастыру бойынша квота
№ п/п | Мекеме атауы | Қызметкерлердің адам саны | Квота өлшемі (қызметкерлердің жалпы санынан%) | жұмыс орындардың саны (бірлік) |
1 | "Бент" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 130 | 1% | 1 |
2 | "Ремстройтехника" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 97 | 1% | 1 |
3 | "QazaqGlassCompany" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 166 | 0,8% | 1 |
4 | "Первый пивзавод" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 184 | 0,8% | 1 |
5 | "Алель Агро" Акционерлық коғам | 154 | 1% | 1 |
6 | "Galanz Botllers" Акционерлық коғам | 261 | 1% | 2 |
7 | "Первомайские деликатесы" Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 132 | 1,1% | 1 |
8 | "Алатау Кус" Акционерлық коғам | 247 | 0,9% | 2 |
9 | "Карой" мал шаруашылық комплексі | 98 | 1% | 1 |
Аудан бойынша | 1189 | 9 |