Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 28 қыркүйектегі № 1000 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:

      бюджет түсімдерінің сыныптамасында:

      2 "Салықтық емес түсiмдер" санатында:

      04 "Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар" сыныбында:

      1 "Мұнай секторы ұйымдарынан және Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар" кіші сыныбында:

      мынадай мазмұндағы 20 және 21 ерекшеліктермен толықтырылсын:

      "20 Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын оның аумақтық бөлімшелері салатын  әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

      21 Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі салатын  әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар";

      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:

      01 "Жалпы сипаттағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер" функционалдық тобында:

      3 "Сыртқы саяси қызмет" функционалдық кіші тобында:

      мынадай мазмұндағы 164 бюджеттік бағдарламасымен 224 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "224 Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі

      164 Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы мен ынтымақтастығы шеңберінде Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бастамалары мен құралдарына қатысуын қамтамасыз ету";

      мынадай мазмұндағы 164 бюджеттік бағдарламасымен 227 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "227 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

      164 Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен ынтымақтастығы шеңберінде Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бастамалары мен құралдарына қатысуын қамтамасыз ету";

      4 "Iргелi ғылыми зерттеулер" функционалдық кіші тобында:

      мынадай мазмұндағы 002 және 131 бюджеттік бағдарламаларымен 224 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "224 Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі

      002 Оқу-ағарту саласында ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер жүргізуді қамтамасыз ету

      131 Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыруды қамтамасыз ету";

      мынадай мазмұндағы 130 және 131 бюджеттік бағдарламаларымен 227 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "227 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

      130 Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыру";

      131 Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін базалық қаржыландыруды қамтамасыз ету";

      227 "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі" бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 217 бюджеттік бағдарламасымен 100, 101, 102, 103, 105, 106, 107, 108, 109, 119 және 120 бюджеттік кіші бағдарламаларымен толықтырылсын:

      "217 Ғылымды дамыту

      100 Мемлекеттік сыйақылар және стипендиялар

      101 Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілердің бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру

      102 Ғылыми зерттеулерді грантпен қаржыландыру

      103 Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы жүргізу

      105 Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға гранттар беру жөніндегі қызметтер

      106 Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру

      107 Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың қызметін жалғастыру туралы келісімді іске асыруды қамтамасыз ету

      108 ЮНЕСКО қамқорлығындағы орталық Азия аймақтық гляциологиялық орталықтың қызметін қамтамасыз ету

      109 Ведомстволық бағыныстағы ғылыми ұйымдардың күрделі шығыстары

      119 Іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру

      120 Қазақстанның қазіргі тарихы бойынша зерттеулер жүргізу";

      04 "Бiлiм беру" функционалдық тобында:

      1 "Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту" функционалдық кіші тобында:

      мынадай мазмұндағы 003 бюджеттік бағдарламасымен 100, 101, 102, 103, 104, 105 және 106 және бюджеттік кіші бағдарламалары 224 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "224 Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі

      003 Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруге қолжетімділікті қамтамасыз ету

      100 Мектепке дейінгі білім беру саласындағы әдіснамалық қамтамасыз ету

      101 "Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы" РМҚК-да мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру

      102 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне мектепке дейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

      103 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының дене шынықтыру педагогтеріне сабақтан тыс іс-шараларды өткізгені үшін қосымша ақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

      104 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне мемлекеттік мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

      105 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне үш жастан алты жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

      106 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының медицина қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";

      2 "Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру" функционалдық кіші тобында:

      мынадай мазмұндағы 004 бюджеттік бағдарламасымен 100, 101, 102, 103, 104, 105, 106, 107, 108, 109, 110, 111, 112, 113, 114, 116, 117, 118 және 119 бюджеттік кіші бағдарламалары 224 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "224 Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі

      004 Сапалы мектеп біліміне қолжетімділікті қамтамасыз ету

      100 Балаларды республикалық білім беру ұйымдарында оқыту және тәрбиелеу

      101 Назарбаев Зияткерлік мектептерінде мемлекеттік білім беру тапсырысын іске асыру

      102 Орта білім беру саласындағы әдіснамалық қамтамасыз ету

      103 Республикалық мектеп олимпиадаларын, конкурстар, мектептен тыс республикалық маңызы бар іс-шаралар өткізу

      104 Балалар мен оқушы жастарға адамгершілік-рухани білім беру

      105 Оператордың жан басына шаққандағы қаржыландыру жөніндегі көрсететін қызметтеріне ақы төлеу

      106 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында жан басына шаққандағы қаржыландыруды іске асыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

      107 Білім сапасына сырттай бағалау жүргізу

      108 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

      109 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

      110 Жеке орта білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру

      111 Білім беру ұйымдарының күрделі шығыстары

      112 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру педагогтеріне сабақтан тыс іс-шараларды өткізгені үшін қосымша ақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

      113 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының әдістемелік орталықтарының (кабинеттерінің) әдіскерлеріне магистр дәрежесі үшін қосымша ақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

      114 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне ересектерге арналған қосымша білім беру ұйымдарын қоспағанда, мемлекеттік білім беру ұйымдарының медицина қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

      116 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне қаржы лизингі шарттарында мектеп автобустарын сатып алуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

      117 Облыстық бюджеттерге мұғалімдер тапшылығы бар өңірлерге тартылған, бастауыш, негізгі және жалпы орта білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының үздік педагогтеріне қосымша ақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

      118 Алматы, Атырау және Маңғыстау облысының облыстық бюджеттеріне орта білім беру объектілерінің құрылысына берілетін нысаналы даму трансферттері

      119 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне мемлекеттік орта білім беру ұйымдары педагогтерінің нормативтік оқу жүктемесінің төмендеуіне байланысты төмен тұрған бюджеттердің шығындарын өтеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";

      224 "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі" бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 005 бюджеттік бағдарламасымен 004 және 016 бюджеттік кіші бағдарламаларымен толықтырылсын:

      "005 Орта білім беруді жаңғырту

      004 Cыртқы қарыздар есебiнен

      016 Республикалық бюджеттен сыртқы қарыздарды бірлесіп қаржыландыру есебінен";

      4 "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру" функционалдық кіші тобында:

      мынадай мазмұндағы 006 бюджеттік бағдарламасымен 100, 101, 102, 103, 104, 105, 106, 107 және 108 бюджеттік кіші бағдарламалары 224 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "224 Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі

      006 Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрлармен қамтамасыз ету

      100 Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандар даярлау және білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету

      101 Техникалық және кәсіптік білім беру сапасына сырттай бағалау жүргізу

      102 Халықаралық тәжірибе негізінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту бойынша қызметтер

      103 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың мемлекеттік стипендиясының мөлшерін ұлғайтуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

      104 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының дене шынықтыру педагогтеріне сабақтан тыс іс-шараларды өткізгені үшін қосымша ақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

      105 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне сұранысқа ие мамандықтар бойынша жастарды тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамтамасыз етуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

      106 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

      107 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне біліктілік санаты үшін қосымша ақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

      108 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы медицина қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуді ұлғайтуға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";

      5 "Мамандарды қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру" функционалдық кіші тобында:

      мынадай мазмұндағы 007, 008, 009 және 138 бюджеттік бағдарламаларымен 224 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "224 Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі

      007 Мектепке дейінгі мемлекеттік білім беру ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау

      008 Мемлекеттік орта білім беру ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау

      009 Техникалық және кәсіптік білім беру мемлекеттік ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау

      138 Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруын қамтамасыз ету";

      мынадай мазмұндағы 138 бюджеттік бағдарламасымен 227 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "227 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

      138 Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыруын қамтамасыз ету";

      6 "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейін бiлiм беру" функционалдық кіші тобында:

      мынадай мазмұндағы 204 бюджеттік бағдарламасымен 100, 101, 102, 103, 104, 109, 110, 112, 113, 116, 118, 122, 125, 134 және 135 бюджеттік кіші бағдарламалары 227 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "227 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

      204 Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрлармен қамтамасыз ету

      100 Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлау және білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету

      101"Болашақ" бағдарламасы шеңберінде шетелдегі жоғары оқу орындарында мамандар даярлау және ғалымдардың шетелде ғылыми тағылымдамасы

      102 Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандарды даярлау және "Назарбаев университеті" ДБҰ қызметін ұйымдастыру жөніндегі қызметтер

      103 Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім саласындағы әдіснамалық қамтамасыз ету

      104 Сенім білдірілген агенттердің білім беру кредиттерін қайтару жөніндегі қызметтеріне ақы төлеу

      109 Білім сапасына сырттай бағалау жүргізу

      110 Білім беру жинақтарына салымдар бойынша сыйлықақылар төлеу

      112 Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі операторының қызметтеріне ақы төлеу

      113 Республикалық мектеп олимпиадаларын, конкурстар, мектептен тыс республикалық маңызы бар іс-шаралар өткізу

      116 Студенттерді, магистранттарды және докторанттарды жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етуге мемлекеттік білім беру тапсырысын жан басына шаққандағы қаржыландыру принципі бойынша орналастыру жөніндегі оператордың қызметтеріне ақы төлеу

      118 Шетел азаматтарын, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын қазақ ұлтының өкілдерін (диаспора) оқыту үшін стипендиялық бағдарламалар

      122 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары үшін жоғары білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

      125 Солтүстік Қазақстан облысының бюджетіне М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің екі студенттік жатақханасын салуға берілетін нысаналы даму трансферттер

      134 Солтүстік Қазақстан облысының облыстық бюджетіне М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті "Kozybaev University Teaching and research center" оқу-зертханалық корпусының құрылысына берілетін нысаналы даму трансферттері

      135 Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға және атаулы стипендияларды қоспағанда , стипендиялар төлеуге, сондай-ақ жан басына шаққандағы қаржыландыруға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі оператордың қызметтері";

      227 "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі" бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 234 бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:

      "234 "Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайту";

      9 "Бiлiм беру саласындағы өзге де қызметтер" функционалдық кіші тобында:

      мынадай мазмұндағы 001 бюджеттік бағдарламасымен 100, 103, 104, 105 және 123 бюджеттік кіші бағдарламалары 224 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "224 Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі

      001 Оқу-ағарту саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру

      100 Оқу-ағарту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету

      103 Әлеуметтанушылық, талдамалық зерттеулер жүргізу және консалтингтік қызметтер көрсету

      104 Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету

      105 Колледж студенттерін жатақханаларда жаңа енгізілетін орындармен қамтамасыз ету

      123 Ағымдағы әкімшілік шығыстар";

      224 "Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі" бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 010, 011, 100, 101, 102, 105, 109, 114, 116, 133, 139, 165, 166, 167, 168 және 169 бюджеттік бағдарламарымен толықтырылсын:

      "010"Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДБҰ-ға нысаналы салым

      011 Нұрсұлтан Назарбаев Қорының "EL UMITI" таланттарды анықтау және қолдау бастамасын іске асыру

      100 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізу

      101 Өкілдiк шығындарға арналған қаражат есебiнен іс-шаралар өткізу

      102 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер

      105 Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалардың, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларды, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу

      109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен ағымды іс-шаралар өткізу

      114 Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінің қаражаты есебінен соттардың шешімдері бойынша орталық мемлекеттік органдардың міндеттемелерін орындау

      116 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

      133 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін нысаналы даму трансферттер

      139 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен дамуға бағытталған іс-шаралар өткізу

      165 Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервінің есебінен ағымды іс-шаралар өткізу

      166 Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервінің есебінен заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту

      167 Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервінің есебінен бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру

      168 Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

      169 Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін нысаналы даму трансферттері";

      мынадай мазмұндағы 001 бюджеттік бағдарламасымен 100, 103, 104, 105, және 123 бюджеттік кіші бағдарламалары 227 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "227 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

      001 Жоғары білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру

      100 Жоғары білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету

      103 Әлеуметтанушылық, талдамалық зерттеулер жүргізу және консалтингтік қызметтер көрсету

      104 Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету

      105 Жатақханаларда жаңа енгізілетін орындармен студенттерді, магистранттарды және докторанттарды қамтамасыз ету

      123 Ағымдағы әкімшілік шығыстар";

      227 "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі" бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 092, 100, 101 ,102, 105, 109, 114, 116, 133, 139, 165, 166, 167, 168 және 169 бюджеттік бағдарламаларымен толықтырылсын:

      "092 "Назарбаев Университеті" ДБҰ-ға нысаналы салым

      100 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізу

      101 Өкілдiк шығындарға арналған қаражат есебiнен іс-шаралар өткізу

      102 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер

      105 Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалардың, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларды, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу

      109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен ағымды іс-шаралар өткізу

      114 Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінің қаражаты есебінен соттардың шешімдері бойынша орталық мемлекеттік органдардың міндеттемелерін орындау

      116 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

      133 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін нысаналы даму трансферттер

      139 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен дамуға бағытталған іс-шаралар өткізу

      165 Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервінің есебінен ағымды іс-шаралар өткізу

      166 Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервінің есебінен заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту

      167 Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервінің есебінен бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру

      168 Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер

      169 Қазақстан Республикасы Президентінің бастамаларына арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін нысаналы даму трансферттері";

      мынадай мазмұндағы 230 бюджеттік бағдарламасымен 100 және 101 бюджеттік кіші бағдарламалары толықтырылсын:

      "230 Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту

      100 Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамытуды қамтамасыз ету

      101 Қазақстан Республикасы азаматтарының қазақ тілін білу деңгейін бағалау";

      мынадай мазмұндағы 231 бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:

      "231 Түркі академиясын орналастыру шарттары мен тәртібі туралы келісімнің іске асырылуын қамтамасыз ету";

      05 "Денсаулық сақтау" функционалдық тобында:

      2 "Халықтың денсаулығын қорғау" функционалдық кіші тобында:

      мынадай мазмұндағы 012 бюджеттік бағдарламасымен 224 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "224 Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі

      012 Балаларды сауықтыру, оңалту және олардың демалысын ұйымдастыру";

      08 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк" функционалдық тобында:

      1 "Мәдениет саласындағы қызмет" функционалдық кіші тобында:

      240 "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі" бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша:

      049 "Ономастикалық және геральдикалық қызметті дамыту" бюджеттік бағдарлама бойынша:

      мынадай мазмұндағы 111 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "111 Геральдикалық қызмет саласындағы мемлекеттік ұйымдардың күрделі шығыстары";

      3 "Ақпараттық кеңiстiк" функционалдық кіші тобында:

      мынадай мазмұндағы 013 бюджеттік бағдарламасымен 224 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "224 Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі

      013 Ғылыми-тарихи құндылықтарға, ғылыми-педагогикалық ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету";

      мынадай мазмұндағы 219 бюджеттік бағдарламасымен 100 және 101 бюджеттік кіші бағдарламалары 227 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "227 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

      219 Ғылыми-тарихи құндылықтарға, ғылыми-техникалық және ғылыми-педагогикалық ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету

      100 Ғылыми-тарихи құндылықтарға қолжетімділікті қамтамасыз ету

      101 Ғылыми, ғылыми-техникалық және ғылыми-педагогикалық ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету";

      13 "Басқалар" функционалдық тобында:

      9 "Басқалар" функционалдық кіші тобында:

      мынадай мазмұндағы 120 бюджеттік бағдарламасымен 224 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "224 Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі

      120 Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау";

      мынадай мазмұндағы 120 бюджеттік бағдарламасымен 227 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "227 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

      120 Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау".

      2.  "Бюджет түсімдерін бюджеттердің деңгейлері, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшаны бақылау шоты мен Жәбірленушілерге өтемақы қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесі" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 404 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9760) бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:

      2 "Салықтық емес түсiмдер" санатында:

      04 "Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар" сыныбында:

      1 "Мұнай секторы ұйымдарынан және Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар" кіші сыныбында:

      мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:

      "

Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын оның аумақтық бөлімшелері салатын  әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

2

04

1

20

100







Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі салатын  әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар

2

04

1

21

100







      ".

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрық 2022 жылдың 29 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады