"Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Жаңартылған

Шымкент қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 318 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 37-бабының 1-тармағына, 39-бабына "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-1-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы үлгілік ережеге сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын барлық шараларды атқарсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исаховқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.

      Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов

  Шымкент қаласы әкімдігінің
2022 жылғы "22" ақпандағы
№ 318 қаулысына қосымша

"Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы (бұдан әрі-Басқарма) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында мемлекеттік бақылау және қадағалауды, тұрғын үй қорындағы тіркелген кондоминиум объектілеріне бақылауды, тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газды пайдалану жүйелерін және газ жабдықтарын бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Басқарманың ведомстволары жоқ.

      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Басқарма ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарына шоттары бар.

      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      6. Басқарма Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Нұрсәт шағын ауданы, Nursultan Nazarbaev даңғылы №10, индексі 160023.

      10. Осы Ереже Басқарма құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Басқарма қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырады.

      12. Басқарма кәсіпкерлік субьектілерімен Басқарманың өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамада өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

2-тарау.Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

      13. Мақсаттары: Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында мемлекеттік бақылау және қадағалауды, тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газды пайдалану жүйелерін және газ жабдықтарын бақылауды және тұрғын үй қорындағы тіркелген кондоминиум объектілеріне бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру болып табылады.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша тапсырыс беруші болу;

      Басқарманың құзіретіне кіретін өндірістік қызмет мәселелері бойынша жедел шешім қабылдауды қамтамасыз ету үшін Шымкент қаласы Әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерімен өзара қарым-қатынасқа түсу;

      өзге мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан Баскарманың құзыретіне кіретін мәселелерді шешу үшін кажетті ақпаратқа, құжаттар мен материалдарга сұрау салу және алу;

      Басқарманың кызметінің барлық мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;

      сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласы субъектілерінен салынып (қайта жаңғыртылып, кенейтіліп, жаңғыртылып, күрделi жөнделіп) жатқан объектілер мен кешендер туралы ақпаратқа сұрау салу және алу;

      танысу үшін тапсырыс берушілерден аталған құрылыс бойынша қажетті жобалау және атқарушы құжаттамаларын, сондай-ақ, тиісті жобалардың сараптамалық қорытындысын алуға сұрау салу және алу;

      салынып (қайта жаңартылып, кеңейтіліп жаңғыртылып, күрделi жөнделіп) жатқан объектілер мен кешендерге кедергісіз кіреді және онда жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаж жұмыстарына жедел инспекция жүргізу;

      бақылау және қадағалауды жүзеге асырған кезде объектілерге барады;

      мемлекеттік нормативтерді бұзуға және (немесе) бекітілген жобалардан (жобалық шешімдерден) ауытқуға жол берілгендігі аныкталған жағдайда мемлекеттік сәулет-құрылыс инспекциясы жол берілген бұзушылықтарды тапсырысшының (құрылыс салушының) және (немесе) мердігерлік құрылыс-монтаждау ұйымының (кәсіпорнының) беліленген мерзімде жоюы туралы нұсқама шығарады;

      сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнаманың белгіленген талаптарын, мемлекеттік нормативтік талаптарды, шарттар мен шектеулерді жол берілген бұзушылықтар мен ауытқұларға байланысты бұзушыларға көзделген шараларды колдану туралы шешім қабылдайды.

      нұсқаманың талаптарын орындамаған жағдайда азаматтық және әкімшілік ic жүргізу тәртібінде нұсқаманың талабын мәжбүрлеп орындау туралы, нұсқаманың талабын орындағанға дейін қызметін тоқтату және тыйым салу туралы.

      сәулет, қала құрылыс және құрылыс қызметі саласында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;

      сәулет, қала құрылыс және құрылыс қызметі саласында жүргізілген тексерістердің нәтижесі бойынша әкімшілік жазалауды колдану туралы қаулыны шығару;

      Қазақстан Республикасы тұрғын үй заңнамасының бұзылғаны үшін әкімшілік жазалау туралы қаулылар шығару;

      тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газды пайдалану жүйелерін және газ жабдықтары бойынша заңнамалардың бұзылғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартау туралы шаралар қолдану;

      өз құзыретіндегі мәселелер бойынша сот органдарына талап-арызбен жүгінуге;

      2) міндеттері:

      өз құзыреті шегінде Шымкент қаласы аумағында Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасы талаптарының орындалуын қамтамасыз ету;

      Шымкент қаласының аумағында лицензиялау мен аттестациялауды және аккредиттеу жүзеге асыру;

      тұрғын үй қорындағы тіркелген кондоминиум объектілеріне бақылау жүргізуді қамтамасыз ету;

      тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газды пайдалану жүйелерін және газ жабдықтары бойынша заңнамалардың сақталуын қамтамасыз ету;

      жергілікті мемлекеттік басқарудың мүдделері үшін жергілікті атқарушы органға Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген міндеттерді жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының нормаларын сақтау.

      15. Функциялары:

      1) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі мәселелері бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдармен өзара әрекет ету;

      2) объектілер құрылысының сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыру, осы объектілерді сәулет – қала құрылысы тәртібін бұзушылыраға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;

      3) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы лицензиялауды жүзеге асыру;

      4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы белгіленген заңнама нормаларын мемлекеттік нормативтік талаптарды, шарттар мен шектеулерге жол берілген бұзушылықтар мен ауытқуларға байланысты бұзушыларға көзделген заңнамалық шаралар қолдану туралы шешімдер қабылдау;

      5) сәулет, қала құрылысы және қызметі саласындағы сараптама жұмыстарын және инжинирингтік көрсетілген қызметтерді жүзеге асыру құқығына сарапшыларды аттестаттау;

      6) салынып жатқан объектілердің мониторингісі және салынып (реконструкцияланып, кеңейтіліп, жаңғыртылып, күрделі жөндеуден өткізіліп) жатқан объектілер мен кешендердің сапасын бақылау;

      7) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекетік нормативтік талаптар мен ауытқуларға байланысты бұзушыларға көзделген заңнамалық шараларды қолдану туралы шешімдер қабылдауға(нұсқама беру);

      8) сараптама жұмыстарын және инжинирингтік қызметтерді (электронды тестілеуді) көрсететін сарапшыларды аттестаттау жөніндегі ұйымдастыру іс-шараларын жүргізу;

      9) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы сарапшыларды аттестаттау;

      10) лицензия және лицензияға қосымша берген кезде өтініш берушінің біліктілік талаптарға сәйкестігін анықтау;

      11) лицензиялық бақылауды жүзеге асыру, оның ішінде тексерудің нәтижесі бойынша лицензиялау нормаларын бұзушыларға тісті шаралар қолдану;

      12) құрылыс-монтаждау жұмыстары өндірісінің басталуы туралы хабарламада көрсетілген деректердің анықтығын белгілеу бойынша тексеруді жүргізу;

      13) берілген хабарламаларды қабылдау туралы берілген талондарға, қол қойылған келіспеушілік актілерге, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізе бастағаны туралы келіп түскен хабарламаларға талдау және есеп жүргізу;

      14) сәулет, қала құрылыс және құрылыс қызметі саласында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;

      15) Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 320-бабының бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар толтырады.

      16) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында жүргізілген тексерістердің нәтижесі бойынша әкімшілік жазалауды колдану туралы қаулыны шығару;

      17) кондоминиум объектісі үй-жайларының (пәтерлерінің) меншік иелері өтініш берген кезде кондоминиум объектісіні басқару жөніндегі есептің бар- жоғын тексеруді жүргізу бойынша өкілеттіктерді жүзеге асырады;

      18) кондоминиум объектісінде және үй маңындағы аумақта үй-жай (пәтер) меншік иесінің ортақ мүлкін қолдану, күтіп ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      19) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша орындалған жұмыстың сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      20) тұрғын үй қорын қорындағы тіркелген кондоминиум обектілеріне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      21) кондоминиум объектісі үй-жайларының (пәтерлерінің) меншік иелері өтініш жасаған кезде кондоминиум объектісін басқару бойынша есептің бар-жоғына тексеру жүргізу;

      22) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілерінде және көтеруші құрылғыларда (лифтерде, эскалаторларда, фуниклерлерде) қазандық қондырғыларын қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      23) 0,07 Мегапаскальдан жоғары немесе судың 115 градус Цельсийден жоғары қызу температурасында жұмыс істейтін қауіпті техникалық құрылғылардың, жүк көтеретін механизмдердің, эскалаторлардың, траволаторлардың, аспалы жолдардың, фуниклерлердің, лифтердің қауіпсіз пайдаланылуын бақылау;

      24) Коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы объектілерде (тұрғын үй қоры, ойын сауық, сауда және конақ үй кешендері) орнатылған қауіпті техникалық құрылғыларды (жүк көтеретін механизмдерді, лифтерді, эскалаторларды, траволаторларды, аспалы жолдарды, фуниклерлерді), пайдаланушы ұйымдардың кондоминиум объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      25) Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 320 бабының төртінші, бесінші және алтыншы бөліктірінде көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды;

      26) тұрғын үй инспекция саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау;

      27) тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газды пайдалану жүйелерін және газ жабдықтарына мемлекеттік бақылау жүргізу;

      27-1) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінің 298-бабында (әлеуметтік инфрақұрылым объектілері бөлігінде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарау және әкімшілік жаза қолдану;

      27-2) Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінің 305-бабында (коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің күзет аймақтары бөлігінде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарау және әкімшілік жаза қолдану;

      28) Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінің 306 бабының бірінші және екінші бөліктерінде көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды;

      29) қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға, консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу.

      30) "Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі" талаптарымен (өз құзыреті шегінде) қарастырылған сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында және тұрғын үй саласындағы заңнамаларының сақталуы бойынша тексерудің барлық түрлерін жүзеге асыру;

      31) Басқарманың цифрландыру бойынша тиісті шараларды қабылдау;

      32) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      33) Басқарманың мүліктік және өзге де заңды құқықтары мен мүдделерін құқықтық құралдармен қорғау;

      34) құқықтық мәселелерді қарау кезінде Басқарманың мүддесін сотта және өзге де органдарда таныстыру;

      35) жүргізілген тексерістердің нәтижесі бойынша әкімшілік жазалауды колдану туралы қаулыны шығару.

      Ескерту. 15-тармаққа өзгерістер енгізілді - Шымкент қаласы әкімдігінің 05.02.2024 № 160 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

3-тарау.Мемлекеттік органның, басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

      16. Басқарманы басқаруды Басқарма басшысы жүзеге асырады, ол Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      17. Басқарманың басшысы мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасына сәйкес қала әкімімен лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.

      18. Басқарма басшысының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасары (орынбасарлары) болады.

      19. Басқарма басшысының өкілеттіктері:

      1) Басқарманың атынан сенімхатсыз әрекет етеді және басқарманың мемлекеттік мүдделерін барлық ұйымдарда білдіреді;

      2) заңнамада белгіленген тәртіп шегінде және жағдайларда басқарманың мүлігіне иелік етеді;

      3) Басқарманың қаржылық-шаруашылық қызметіне және мемлекеттік кәсіпорын мүлкінің сақталуы үшін жеке жауаптылықта болады;

      4) келісімшарттар жасасады, оның ішінде қайта сенім білдіру құқығымен, сенімхаттар береді, басқарманың іссапарлар мен тағылымдамалар, қызметкерлерінің оқу орталықтарында білім алу және өзге де біліктілігін арттыру түрлері бойынша жұмыс тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

      5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, қызметтік құжаттарға қол қояды;

      6) азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асырады;

      7) банк шоттарын ашады, басқарманың барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

      8) Басқарманың қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және босатады, мемлекеттік қызмет туралы, еңбек қатынастары заңнамаларына сәйкес, басқарма қызметкерлеріне көтермелеу шараларын және тәртіптік шара қолданады, өз орынбасарларының және басқарма қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттік аясын айқындайды;

      9) сыбайлас жемқорлық көрінісіне қарсы әрекеттерді күшейту бойынша шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылуына дербес жауапты;

      10) Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін бекітеді;

      11) заңнамамен, осы ережемен және қала әкімдігімен басқармаға жүктелген функцияларды жүзеге асырады;

      12) сенімхаттар береді;

      13) Басқарманың жұмыс жоспарын бекітеді;

      14) Басқарманың ішкі еңбек тәртібін бекітеді;

      15) Басқарманың Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

      15-1) Басқарма қарамағындағы мекеменің басшысын тағайындайды және лауазымынан босатады;

      16) Басқарма басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      Ескерту. 19-тармаққа өзгерістер енгізілді - Шымкент қаласы әкімдігінің 05.02.2024 № 160 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      20. Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

      21.Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығына құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырады.

      22. Басқармаға бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау.Мемлекеттік органдарды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      25. Басқарманың қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:

      Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы мемлекеттік мекемесінің "Шымкент қалалық газ техникалық қызметі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі".

      Ескерту. Ереже 25-тармақпен толықтырылды - Шымкент қаласы әкімдігінің 05.02.2024 № 160 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады