"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің және олардың аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 522 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2022 жылғы 3 ақпандағы № 42 бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша мемлекеттік кірістер департаменттерінің және олардың аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 522 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 218-1) қосымшаға сәйкес бекітілген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік кірістер комитеті Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Сауран ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы туралы ережеде:

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Басқарманың заңды мекенжайы: пошта индексі 161221, Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Сауран ауданы, Шорнақ ауылдық округі, Шорнақ ауылы, Ы. Алтынсарин көшесі, №4 Г құрылыс.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Заң басқармасы (О.А. Әбдірахманов) Қазақстан Республикасы заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізілуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Қазақстан Республикасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың іске асырылуы үшін қажетті шараларды қабылдасын;

      2) осы бұйрық Департаментінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Кадр және ішкі әкімшілендіру департаментінің Ұйымдастыру-бақылау басқармасы (Ә.Ы. Қабдуақасов) осы бұйрықты Департаментінің назарына жеткізсін.

      5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі Мемлекеттік
кірістер комитетінің төрағасы
Ә. Алтынбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады