"Мемлекеттік кірістер органының Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне құпия ақпарат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 2020 жылғы 22 қаңтардағы № 32 және Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 12 ақпандағы № 21-НҚ бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 2022 жылғы 3 мамырдағы № 283 және Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция бірінші вице-министрінің 2022 жылғы 6 мамырдағы № 218-НҚ бірлескен бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Мемлекеттік кірістер органының Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігіне құпия ақпарат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының 2020 жылғы 22 қаңтардағы № 32 және Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 12 ақпандағы № 21-НҚ бірлескен бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кірістер органының Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігіне құпия ақпаратты ұсынуы қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік кірістер органы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті жағында sftp серверін құру жолымен мемлекеттік органдардың Бірыңғай көліктік ортасы арқылы:

      1) апта сайынғы негізде осы Қағидаларға 2-қосымшаның 1

      2) ай сайынғы негізде осы Қағидаларға 2-қосымшаның 2;

      3) Министрліктің сұрау салуы бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаның 3, 4, 5-тармақтарында көрсетілген салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді ұсынады.

      Мемлекеттік кірістер органы Министрлік көрсеткен кезең үшін осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы бойынша ақпаратты, сұрау салуды алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кеш емес мерзімде береді.".

      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы бұйрық оған мемлекеттік орган басшыларының соңғысы қол қойған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің
төрағасы
_______________Ә. Алтынбаев
Қазақстан РеспубликасыныңСауда және интеграциябірінші вице-министрі__________________ Е. Баттақов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады