"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 489 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 12 шілдедегі № 695 бұйрығына cәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Төрағасы міндетін атқарушының 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 934 бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 19), 20), 21)-тармақшалармен толықтырылсын:
"19) осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң Абай облысы бойынша мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
20) осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң Жетісу облысы бойынша мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
21) осы бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiнiң Ұлытау облысы бойынша мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже;
көрсетілген бұйрыққа "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Алматы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті" мемлекеттік мекемесі туралы ереже" деген 3-қосымшада:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Департаменттің заңды мекенжайы: 040800, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Д. Қонаев көшесі, 1.";
көрсетілген бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес 19, 20, 21-қосымшаларымен толықтыру.
2. Алматы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің, Абай, Жетісу, Ұлытау облыстары бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменттерінің басшылары:
1) "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен көзделген шараларды қабылдауды;
2) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (Сейтахметов М.И.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Төраға | Б. Тәшенов |
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Абай облысы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Абай облысы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Абай облысының аумағында өз құзыреті шегінде республикалық мүлікті басқару саласында басшылықты, республикалық мүлікке мемлекеттің құқықтарын іске асыруды, жекешелендіру мен экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыратын аумақтық органы болып табылады.
Департамент Қазақстан Республикасы "Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Шығыс Қазақстан мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті" мемлекеттік мекемесінің бөлу балансына сәйкес берілетін барлық құқықтары мен міндеттерінің, оның ішінде тараптармен даулы міндеттемелердің құқық мирасқоры болып табылады.
2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Департамент мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Департамент, егер заңнамаға және осы Ережеге сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Департамент басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Департаменттің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Департаменттің заңды мекенжайы: 071400, Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Семей қаласы, Абай алаңы, 3.
9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Абай облысы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Департаменттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Департаментке Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларды қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерімен Департаменттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Департаментке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2-тарау. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. Департаменттің міндеті Департаменттің құзыреті шегінде республикалық мүлікті басқару саласында басшылықты, республикалық мүлікке мемлекеттің құқықтарын іске асыруды, жекешелендіруді жүзеге асыру болып табылады.
14. Департаменттің функциялары:
1) орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерін қайта ұйымдастыру және тарату кезінде бөлу, аралық тарату және тарату баланстарын, сондай-ақ тапсыру актілерін бекіту;
2) республикалық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға беру;
3) жекешелендіру объектісінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары болған жағдайда, сату туралы шешім қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға және тиісті орталық атқарушы органдарға олар объектіні жекешелендiргенге дейін осы материалдық құндылықтарды бұдан әрі орналастыру туралы шешім қабылдау үшін хабарлау;
4) республикалық мүлікті, сондай-ақ нарықта үстем немесе монополиялық жағдайға ие табиғи монополия субъектілері немесе нарық субъектілері болып табылмайтын мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіруді жүзеге асыру, объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде республикалық мүліктің сақталуын қамтамасыз ету, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тарту, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз ету, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
5) сатып алушының талап етуі бойынша жекешелендiру объектiлерiнiң ауыртпалықтары туралы, сондай-ақ кредиторлық және дебиторлық берешектер сомасы, егер жекешелендiру объектiсi мүлiктiк кешен ретіндегі кәсiпорын болып табылса, жекешелендірілетін кәсіпорынның жасасқан шарттары туралы ақпаратты дайындауды және ұсынуды жүзеге асыру;
6) республикалық мүлiк мәселелерi бойынша мемлекеттiң мүдделерiн бiлдiру, Қазақстан Республикасына тиесiлi мүлiктiк құқықтарды қорғауды жүзеге асыру;
7) "Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы" 2003 жылғы 4 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттiк мониторингiн жүзеге асыруға қатысу;
8) экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында болып жатқан өзгерiстердi талдау және өндiргiш күштердiң дамуын болжау мақсатында негiзгi өндiрiстiк-техникалық, технологиялық, қаржы-экономикалық, құқықтық және өзге де параметрлері бойынша мониторинг объектiлерiн қадағалауға қатысу;
9) республикалық меншіктегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістерді республикалық бюджетке алу;
10) концессия және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары негізінде құрылған объектілерді республикалық меншікке қабылдауға қатысу;
11) мемлекеттiк мүлiктiң мақсатқа сай пайдаланылуын бақылауды және артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын мүлiктi алып қоюды республикалық мүлiкке қатысты үш жылда кемiнде бiр рет жүзеге асыру;
12) сыйға тарту шарттарын жасасу, мемлекеттік емес заңды және жеке тұлғалардың мүлкі бойынша қабылдап алу-беру актілеріне қол қою мен бекіту;
13) оларға меншік құқығын мемлекет сыйға тарту шарты бойынша иеленген мүлiктi есепке алуды мемлекеттiк мүлік тізіліміне ол туралы мәліметтер енгізу жолымен жүргізу;
14) орталық атқарушы орган мен оның ведомствосының, республикалық мемлекеттік кәсіпорынның мүлкін қоспағанда, республикалық мүлікті тиісті саланың уәкілетті органымен келісім бойынша алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асыру;
15) мемлекеттік мүліктің нысаналы пайдаланылуын бақылау нәтижелері бойынша анықталған артық, пайдаланбайтын не мақсатына сай пайдаланбаған республикалық мүлікті бақылауды жүзеге асырған кезден бастап алты ай өткен соң тиісті саланың уәкілетті органының келісімінсіз алып қоюды жүзеге асыру;
16) сатып алу-сату шартын, оның iшiнде өзiнiң қолданысын тоқтатқан шартты орындауға байланысты бақылауды жүзеге асыру кезінде жұмысқа сарапшыларды, сондай-ақ консультациялық, бағалау, аудиторлық және өзге де ұйымдарды тарту;
17) республикалық мүліктің нысаналы және тиiмдi пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру;
18) зерттеу жүргiзу тапсырылған тұлғаларды және танысу үшiн ұсынылуға тиiс ақпарат тiзбесiн көрсете отырып, мониторинг объектiсiнiң басшыларын зерттеу жүргiзiлетiнi туралы хабардар ету;
19) орталық атқарушы органның аумақтық органының, ведомствоның аумақтық бөлімшесінің, оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің мүлкін пайдалануға беру жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру;
20) республикалық меншікке жекелеген негіздер бойынша айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
21) меншiктің мемлекеттiк мониторингiн жүргізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыруға қатысу;
22) меншiктiң мемлекеттiк мониторингінің нысанасы бойынша анық және объективтi талдау үшiн қажеттi ақпаратты сұратуды және алуды жүзеге асыру;
23) мониторинг объектiлерiн тiкелей зерттеуге, меншiктiң мемлекеттiк мониторингi нысанасына жатқызылатын ақпаратты жинау мен талдауға қатысу үшiн Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының өкiлдерiн тарту;
24) Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарынан, сондай-ақ мониторинг объектiлерiнен меншiктiң мемлекеттiк мониторингiн жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi сұрату мен алуды жүзеге асыру;
25) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;
26) мемлекеттік материалдық резервті және жедел басқарудағы мүлікті қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерін, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарын, Қарулы Күштерін, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті мүлікпен қамтамасыз ету;
27) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес Департаменттің активтерін мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторға сенімгерлік басқаруға беру;
28) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган аумақтық бөлімшелерінің мүлкін басқару мен күтіп ұстау үшін мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторды қаржыландыруды жүзеге асыру;
29) орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының мүлкін қоспағанда, республикалық мемлекеттік мекемелердің мүлкін коммуналдық меншікке беру;
30) коммуналдық заңды тұлғалардың мүлкін республикалық меншікке орталық атқарушы органның аумақтық органының, ведомствоның аумақтық бөлімшесінің, оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің теңгеріміне беруге келісім беру;
31) жекелеген негіздер бойынша республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті орталық атқарушы органның аумақтық органының, ведомствоның аумақтық бөлімшесінің, оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің теңгеріміне бекіту;
32) жекелеген негіздер бойынша республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті коммуналдық меншікке беру;
33) жекелеген негіздер бойынша коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті орталық атқарушы органның аумақтық органының, ведомствоның аумақтық бөлімшесінің, оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің теңгеріміне беруге келісім беру;
34) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
15. Департаменттің құқықтары мен міндеттері:
1) мемлекеттік органдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан және өзге де тұлғалардан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату, алу және оларға беру;
2) Еңбек кодексімен және мемлекеттік қызмет туралы заңнамамен көзделген жағдайларда және тәртіпте қызметкерлерді көтермелеу, оларға тәртіптік жаза қолдану, қызметкерлерді материалдық жауапкершілікке тарту;
3) Қазақстан Республикасының соттарында республикалық мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіру;
4) басқа мемлекеттік органдардағы кеңестерге, келіссөздерге, отырыстарға Комитеттің атынан және оның тапсырмасы бойынша қатысу;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
3-тарау. Департаменттің қызметін ұйымдастыру
16. Департаментке басшылықты Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
17. Департамент басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
18. Департамент басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болуы мүмкін.
19. Департамент басшысының өкілеттіктері:
1) өз орынбасарларының (бар болған жағдайда) және Департаменттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) заңнамаға сәйкес Департаменттің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен Департаменттің қызметкерлеріне тәртіптік жазалар қолданады;
4) Департаменттің бұйрықтарына қол қояды;
5) Департаменттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
6) заңнамаға сәйкес барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Департамент мүддесін білдіреді;
7) белгіленген тәртіпте Департаменттің қызметкерлерін іссапарға жіберу, оларға демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;
8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша дербес жауапты болады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Департамент басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
20. Департамент басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
4-тарау. Департаменттің мүлкі
21. Департаменттің заңнамамен көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Департамент мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Департаментке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
23. Егер заңнамамен өзгеше белгіленбесе, Департаменттің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату
24. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Төрағасы міндетін атқарушының 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 934 бұйрығына 20-қосымша |
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Жетісу облысы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Жетісу облысы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Жетісу облысының аумағында өз құзыреті шегінде республикалық мүлікті басқару саласында басшылықты, республикалық мүлікке мемлекеттің құқықтарын іске асыруды, жекешелендіру мен экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыратын аумақтық органы болып табылады.
Департамент Қазақстан Республикасы "Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Алматы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті" мемлекеттік мекемесінің бөлу балансына сәйкес берілетін барлық құқықтары мен міндеттерінің, оның ішінде тараптармен даулы міндеттемелердің құқық мирасқоры болып табылады.
2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Департамент мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Департамент, егер заңнамаға және осы Ережеге сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Департамент басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Департаменттің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Департаменттің заңды мекенжайы: 040000, Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Біржан сал көшесі, 130.
9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Жетісу облысы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Департаменттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Департаментке Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген жағдайларды қоспағанда, кәсіпкерлік субъектілерімен Департаменттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Департаментке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2-тарау. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. Департаменттің міндеті Департаменттің құзыреті шегінде республикалық мүлікті басқару саласында басшылықты, республикалық мүлікке мемлекеттің құқықтарын іске асыруды, жекешелендіруді жүзеге асыру болып табылады.
14. Департаменттің функциялары:
1) орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерін қайта ұйымдастыру және тарату кезінде бөлу, аралық тарату және тарату баланстарын, сондай-ақ тапсыру актілерін бекіту;
2) республикалық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен сатып алу құқығымен немесе кейіннен өтеусіз негізде беру құқығымен мүліктік жалдауға (жалға алуға), сенімгерлік басқаруға беру;
3) жекешелендіру объектісінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтары болған жағдайда, сату туралы шешім қабылданғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға және тиісті орталық атқарушы органдарға олар объектіні жекешелендiргенге дейін осы материалдық құндылықтарды бұдан әрі орналастыру туралы шешім қабылдау үшін хабарлау;
4) республикалық мүлікті, сондай-ақ нарықта үстем немесе монополиялық жағдайға ие табиғи монополия субъектілері немесе нарық субъектілері болып табылмайтын мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды жекешелендіруді жүзеге асыру, объектіні жекешелендіруге дайындау процесінде республикалық мүліктің сақталуын қамтамасыз ету, жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тарту, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз ету, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
5) сатып алушының талап етуі бойынша жекешелендiру объектiлерiнiң ауыртпалықтары туралы, сондай-ақ кредиторлық және дебиторлық берешектер сомасы, егер жекешелендiру объектiсi мүлiктiк кешен ретіндегі кәсiпорын болып табылса, жекешелендірілетін кәсіпорынның жасасқан шарттары туралы ақпаратты дайындауды және ұсынуды жүзеге асыру;
6) республикалық мүлiк мәселелерi бойынша мемлекеттiң мүдделерiн бiлдiру, Қазақстан Республикасына тиесiлi мүлiктiк құқықтарды қорғауды жүзеге асыру;
7) "Экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингі туралы" 2003 жылғы 4 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншiктiң мемлекеттiк мониторингiн жүзеге асыруға қатысу;
8) экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында болып жатқан өзгерiстердi талдау және өндiргiш күштердiң дамуын болжау мақсатында негiзгi өндiрiстiк-техникалық, технологиялық, қаржы-экономикалық, құқықтық және өзге де параметрлері бойынша мониторинг объектiлерiн қадағалауға қатысу;
9) республикалық меншіктегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістерді республикалық бюджетке алу;
10) концессия және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары негізінде құрылған объектілерді республикалық меншікке қабылдауға қатысу;
11) мемлекеттiк мүлiктiң мақсатқа сай пайдаланылуын бақылауды және артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай пайдаланылмайтын мүлiктi алып қоюды республикалық мүлiкке қатысты үш жылда кемiнде бiр рет жүзеге асыру;
12) сыйға тарту шарттарын жасасу, мемлекеттік емес заңды және жеке тұлғалардың мүлкі бойынша қабылдап алу-беру актілеріне қол қою мен бекіту;
13) оларға меншік құқығын мемлекет сыйға тарту шарты бойынша иеленген мүлiктi есепке алуды мемлекеттiк мүлік тізіліміне ол туралы мәліметтер енгізу жолымен жүргізу;
14) орталық атқарушы орган мен оның ведомствосының, республикалық мемлекеттік кәсіпорынның мүлкін қоспағанда, республикалық мүлікті тиісті саланың уәкілетті органымен келісім бойынша алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асыру;
15) мемлекеттік мүліктің нысаналы пайдаланылуын бақылау нәтижелері бойынша анықталған артық, пайдаланбайтын не мақсатына сай пайдаланбаған республикалық мүлікті бақылауды жүзеге асырған кезден бастап алты ай өткен соң тиісті саланың уәкілетті органының келісімінсіз алып қоюды жүзеге асыру;
16) сатып алу-сату шартын, оның iшiнде өзiнiң қолданысын тоқтатқан шартты орындауға байланысты бақылауды жүзеге асыру кезінде жұмысқа сарапшыларды, сондай-ақ консультациялық, бағалау, аудиторлық және өзге де ұйымдарды тарту;
17) республикалық мүліктің нысаналы және тиiмдi пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру;
18) зерттеу жүргiзу тапсырылған тұлғаларды және танысу үшiн ұсынылуға тиiс ақпарат тiзбесiн көрсете отырып, мониторинг объектiсiнiң басшыларын зерттеу жүргiзiлетiнi туралы хабардар ету;
19) орталық атқарушы органның аумақтық органының, ведомствоның аумақтық бөлімшесінің, оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің мүлкін пайдалануға беру жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыру;
20) республикалық меншікке жекелеген негіздер бойынша айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
21) меншiктің мемлекеттiк мониторингiн жүргізу жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыруға қатысу;
22) меншiктiң мемлекеттiк мониторингінің нысанасы бойынша анық және объективтi талдау үшiн қажеттi ақпаратты сұратуды және алуды жүзеге асыру;
23) мониторинг объектiлерiн тiкелей зерттеуге, меншiктiң мемлекеттiк мониторингi нысанасына жатқызылатын ақпаратты жинау мен талдауға қатысу үшiн Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының өкiлдерiн тарту;
24) Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарынан, сондай-ақ мониторинг объектiлерiнен меншiктiң мемлекеттiк мониторингiн жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi сұрату мен алуды жүзеге асыру;
25) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу;
26) мемлекеттік материалдық резервті және жедел басқарудағы мүлікті қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерін, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарын, Қарулы Күштерін, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жүктелген функцияларды орындау үшін қажетті мүлікпен қамтамасыз ету;
27) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес Департаменттің активтерін мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторға сенімгерлік басқаруға беру;
28) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбеге сәйкес мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган аумақтық бөлімшелерінің мүлкін басқару мен күтіп ұстау үшін мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай операторды қаржыландыруды жүзеге асыру;
29) орталық мемлекеттік органдар мен олардың ведомстволарының мүлкін қоспағанда, республикалық мемлекеттік мекемелердің мүлкін коммуналдық меншікке беру;
30) коммуналдық заңды тұлғалардың мүлкін республикалық меншікке орталық атқарушы органның аумақтық органының, ведомствоның аумақтық бөлімшесінің, оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің теңгеріміне беруге келісім беру;
31) жекелеген негіздер бойынша республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті орталық атқарушы органның аумақтық органының, ведомствоның аумақтық бөлімшесінің, оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің теңгеріміне бекіту;
32) жекелеген негіздер бойынша республикалық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті коммуналдық меншікке беру;
33) жекелеген негіздер бойынша коммуналдық меншікке айналдырылған (түскен) мүлікті орталық атқарушы органның аумақтық органының, ведомствоның аумақтық бөлімшесінің, оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің теңгеріміне беруге келісім беру;
34) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
15. Департаменттің құқықтары мен міндеттері:
1) мемлекеттік органдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан және өзге де тұлғалардан заңнамада белгіленген тәртіппен қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату, алу және оларға беру;
2) Еңбек кодексімен және мемлекеттік қызмет туралы заңнамамен көзделген жағдайларда және тәртіпте қызметкерлерді көтермелеу, оларға тәртіптік жаза қолдану, қызметкерлерді материалдық жауапкершілікке тарту;
3) Қазақстан Республикасының соттарында республикалық мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету мәселелері бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіру;
4) басқа мемлекеттік органдардағы кеңестерге, келіссөздерге, отырыстарға Комитеттің атынан және оның тапсырмасы бойынша қатысу;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
3-тарау. Департаменттің қызметін ұйымдастыру
16. Департаментке басшылықты Департаментке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
17. Департамент басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
18. Департамент басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болуы мүмкін.
19. Департамент басшысының өкілеттіктері:
1) өз орынбасарларының (бар болған жағдайда) және Департаменттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) заңнамаға сәйкес Департаменттің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен Департаменттің қызметкерлеріне тәртіптік жазалар қолданады;
4) Департаменттің бұйрықтарына қол қояды;
5) Департаменттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
6) заңнамаға сәйкес барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Департамент мүддесін білдіреді;
7) белгіленген тәртіпте Департаменттің қызметкерлерін іссапарға жіберу, оларға демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақы төлеу және сыйлықақы беру мәселелерін шешеді;
8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша дербес жауапты болады;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Департамент басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
20. Департамент басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.
4-тарау. Департаменттің мүлкі
21. Департаменттің заңнамамен көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Департамент мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
22. Департаментке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
23. Егер заңнамамен өзгеше белгіленбесе, Департаменттің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату
24. Департаментті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы | |
Қаржы министрлігі | |
Мемлекеттік мүлік және | |
жекешелендіру комитетінің | |
Төрағасы міндетін атқарушының | |
2018 жылғы 27 қыркүйектегі | |
№ 934 бұйрығына | |
21-қосымша |
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Ұлытау облысының аумағында өз құзыреті шегінде республикалық мүлікті басқару саласында басшылықты, республикалық мүлікке мемлекеттің құқықтарын іске асыруды, жекешелендіру мен экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларындағы меншіктің мемлекеттік мониторингін жүзеге асыратын аумақтық органы болып табылады.
Департамент Қазақстан Республикасы "Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Қарағанды мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті" мемлекеттік мекемесінің бөлу балансына сәйкес берілетін барлық құқықтары мен міндеттерінің, оның ішінде тараптармен даулы міндеттемелердің құқық мирасқоры болып табылады.
2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Департамент мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлғасы болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Департамент, егер заңнамаға және осы Ережеге сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Департамент басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Департаменттің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Департаменттің заңды мекенжайы: 100602, Қазақстан Республикасы, Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Мира даңғылы, 26.
9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Ұлытау облысы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі.