Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық- атқару кодексінің 18 бабы 1 тармағының 2) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 7), 8) тармақшаларына, "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота, ұйым жұмысшыларының тізімдік санынан бір пайыз мөлшерінде қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Аягөз ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 31 желтоқсандағы № 988 "Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М.Татеновке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аягөз ауданының әкімі | С. Ысқақов |
Аягөз ауданы әкімдігінің 2022 жылғы "27" қазан № 595 қаулысына қосымша |
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі
№р/с | Ұйымның атауы | Жұмысшылар саны | Квота мөлшері (% ұйым жұмысшыларының тізімдік санынан) | Жұмыс орындарының саны, адамдар |
1 | "Қазығұл" мекемесі | 138 | 1 | 1 |
2 | "Аягөз Су" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | 75 | 1 | 1 |
3 | "Су" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны | 49 | 1 | 1 |
4 | "Alina GM" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі | 95 | 1 | 1 |
5 | "ҚТЖ" ҰК" Акционерлік қоғамының "Алматы магистральдық желі бөлімшесі филиалы Ақтоғай жол дистанциясы" | 361 | 1 | 1 |
6 | Абай облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының "Аягөз ауданының балалар- жасөспірімдер мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 115 | 1 | 1 |
Барлығы | 833 | 1 | 6 |