Қордай ауданы бойынша 2022 жылға арналған мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 83 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 31-бабының 1) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9-бабының 6) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Қордай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қордай ауданы бойынша 2022 жылға арналған мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2022 жылға арналған мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота бойынша жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

      3. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялауын және Қордай ауданы әкімдігінің интернет ресурстарында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындауын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.М.Сүгірбайға жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi және 2022 жылдың 01 қаңтарынан туындайтын қатынастарға таралады.

      Аудан әкімі М. Мусаев

  Қордай ауданы әкімдігінің
2022 жылғы "21" ақпандағы
№83 қаулысы қосымша

Қордай ауданы бойынша 2022 жылға арналған мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымның атауы

Жыл басындағы қызметкерлердің тізімдік саны (адам)

Квота мөлшері (қызметкерлердің тізімдік санынан) %

Жұмыс орында рының саны (бірлік)

1

"Қордай аудандық мәдениет үй" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

98

2%

2

2

"Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жөніндегі кәсіпорыны" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

94

2%

2

3

"Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

51

2%

1

4

"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімінің №39 Үлкен Сұлутөр орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

57

2%

1

5

"Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімінің №12 Масанчи орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

83

2%

1


Барлығы

383


7


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады