2022 жылға Қордай ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 84 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабына және "Халықты жұмыспен қамту туралы" 9-бабының 7), 8), 9) тармақшаларына сәйкес, Қордай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қордай ауданы бойынша ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар үшін ұйым қызметкерлерінің тізімдік санының пайыздық көрсетілімі бойынша 2022 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2022 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталау жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

      3. "Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялауын және Қордай ауданы әкімдігінің интернет ресурстарында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындауын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.М.Сүгірбайға жүктелсін.

      5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi және 2022 жылдың 01 қаңтарынан туындайтын қатынастарға таралады.

      Қордай ауданының
      әкімі М. Мусаев

  Қордай ауданы әкімдігінің
2022 жылғы "21" ақпандағы
№ 84 қаулысы қосымша

2022 жылға Қордай ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар

Ұйымның атауы

Жыл басындағы қызметкерлердің тізімдік саны (адам)

Белгіленген квота мөлшері

Пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар үшін

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтар үшін

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтар үшін

Жұмыскер лердің тізімдік санынан %

Жұмыс орында рының саны (бірлік)

Жұмыскер лердің тізімдік санынан %

Жұмыс орында рының саны (бірлік)

Жұмыскерлердің тізімдік санынан %

Жұмыс орындарының саны (бірлік)

1

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Гвардейск аудандық пайдалану бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі

184

0,6%

1

-

-

-

-

2

Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің "24-ші жол-пайдалану учаскесі" республикалық мемлекеттік мекемесі

105

1%

1

-

-

-

-

3

"Мади" шаруа қожалығы

9

11,2%

1

-

-

-

-

4

"Чайзат" шаруа қожалығы

11

9,1%

1

-

-

-

-

5

"Оналбаева" шаурақожалығы

6

16,6%

1

-

-

-

-

6

"Дада и Ко" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

23

8,7%

2

4,4%

1

-

-

7

"Арман" шаруа қожалығы

11

-

-

9,1%

1

-

-

8

"Самғау" шаруа қожалығы

16

-

-

6,3%

1

-

-

9

"Мамутов и Компания" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

15

-

-

-

-

6,7%

1


Барлығы

380


7


3


1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады