Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 75/05 "Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2022 жылғы 8 тамыздағы № 59/05 қаулысы

      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 75/05 "Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      "Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесіндегі 8 тармақтағы мемлекеттік тілдегі "Қарағанды облысы" сөздері "Ұлытау облысы" сөздеріне, орыс тіліндегі "Карагандинская область" сөздері "Ұлытау облысы" сөздеріне ауыстырылсын.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Сәтбаев қаласы әкімдігінің 30.12.2020 № 75/05 қаулысы түскен жоқ.

      2. "Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы (Кенжеғұлов Н.А.) уәкілетті тіркеуші органда Ережеге өзгерту енгізуді тіркеуді қамтамасыз етіп және бекітілген заңнама тәртібінде осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Н.А.Кенжеғұловқа жүктелсін.

      Сәтбаев қаласының әкімінің міндетін атқарушы Ш. Әубәкір

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады