"Сәтбаев қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Жаңа

Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2022 жылғы 11 тамыздағы № 61/01 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 қаулысына сәйкес Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Сәтбаев қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қоса беріліп отырған Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қосымша қаулыға қоса берілмеген.

      2. "Сәтбаев қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы (З.Даумбаев) Ережесін әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 27 сәуірдегі "Сәтбаев қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы №13/94 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау "Сәтбаев қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы З.Даумбаевқа жүктелсін.

      Сәтбаев қаласының әкімі А. Ыдырысов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады