Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2022 жылғы 26 сәуірдегі № 29/01 "Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2022 жылғы 11 тамыздағы № 61/02 қаулысы

      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 26 сәуірдегі № 29/01 "Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      "Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереженің 7-тармағында мемлекеттік тілде "Қарағанды облысы" деген сөздер "Ұлытау облысы" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тілінде "Карагандинская область" деген сөздер "область Ұлытау" деген сөздермен ауыстырылсын.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Сәтбаев қаласының әкімдігінің 26.04.2022 № 29/01 қаулысы түскен жоқ.

      2. "Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы (Сүттібаева Н.С.) Ережеде өзгерістердің уәкілетті тіркеуші органда тіркелуін қамтамасыз етсін және заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Сәтбаев қаласының құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Н.С.Сүттібаеваға жүктелсін.

      Сәтбаев қаласы әкімінің міндетін атқарушы Ш.Әубәкір

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады