"Сәтбаев қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2020 жылғы 11 наурыздағы № 14/10 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2022 жылғы 16 тамыздағы № 62/05 қаулысы

      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Сәтбаев қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 11 наурыздағы № 14/10 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      "Сәтбаев қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Ереженің 8-тармағында мемлекеттік тілде "Қарағанды облысы" деген сөздер "Ұлытау облысы" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тілінде "Карагандинская область" деген сөздер "область Ұлытау" деген сөздермен ауыстырылсын.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Сәтбаев қаласы әкімдігінің 11.03.2020 № 14/10 қаулысы түскен жоқ.

      2. "Сәтбаев қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы (Ж.Н. Данекеева) Ережеде өзгерістердің уәкілетті тіркеуші органда тіркелуін қамтамасыз етсін және заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Сәтбаев қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы Ж.Н. Данекееваға жүктелсін.

      4. Осы қаулы тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Сәтбаев қаласы әкімінің міндетін атқарушы Ш. Әубәкір

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады