Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2013 жылғы 11 қыркүйектегі № 21/27 "Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2022 жылғы 16 тамыздағы № 62/08 қаулысы

      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 11 қыркүйектегі № 21/27 "Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы" қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      "Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереженің 8 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      мемлекеттік тілде "8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Ұлытау облысы, 101302, Сәтбаев қаласы, Академик Қаныш Сәтбаев даңғылы, 108 үй";

      орыс тілінде "8. Местонахождение юридического лица: область Ұлытау, 101302, город Сатпаев, проспект Академика Каныша Сатпаева, дом 108".

      2. "Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы (А.Е. Карабекова) Ережеде өзгерістердің уәкілетті тіркеуші органда тіркелуін қамтамасыз етсін және заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы А.Е. Карабековаға жүктелсін.

      Сәтбаев қаласы әкімінің міндетін атқарушы Ш.М. Әубәкір

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады