"Сәтбаев қаласының Баубек Бұлқышев атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің № 1 кітапхана-филиалының Ережесін бекіту туралы

Жаңа

Ұлытау облысы Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2022 жылғы 31 тамыздағы № 65/02 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 "Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" қаулысына сәйкес, Сәтбаев қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Сәтбаев қаласының Баубек Бұлқышев атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің №1 кітапхана-филиалының қоса беріліп отырған Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қосымша қаулыға қоса берілмеген.

      2. "Сәтбаев қаласының Баубек Бұлқышев атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің №1 кітапхана-филиалының Ережесін "Сәтбаев қаласының Баубек Бұлқышев атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры (Г.С. Қожахметова) әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Сәтбаев қаласының әкімдігінің 2022 жылғы 3 наурыздағы № 15/01 "Сәтбаев қаласының Баубек Бұлқышев атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің №1 кітапхана-филиалының Ережесін бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау "Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Сәтбаев қаласының Баубек Бұлқышев атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Г.С. Қожахметоваға жүктелсін.

      Сәтбаев қаласының әкімі А.А. Ыдырысов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады