БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің аумақтық органдарының ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 9 тамыздағы № 190/НҚ бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің аумақтық бөлімшелері туралы ережелер осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрық бекітілген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсiн.
4. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министрдің м.а. | А. Оразбек |
"Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Инспекция) байланыс саласында, сондай-ақ "Телерадио хабарларын тарату туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабында көзделген талаптарды сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуын іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық органы болып табылады.
2. Инспекция өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Инспекция республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысандағы заңды тұлғасы болып табылады, өз атауымен мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері бар.
4. Инспекция өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түсе алады.
5. Инспекция азаматтық-құқықтық қатыныстарға, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті болса, мемлекет атынан тарап болуға құқығы бар.
6. Инспекция заңнамада белгіленген тәртіппен өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Инспекция басшысының бұйрықтарымен ресімделген шешімдер қабылдайды.
7. Құрылымы және штаттық санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Инспекцияның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 110000, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Темірбаев көшесі, 14, 6-т.е.б.
9. Инспекцияның толық атауы – "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Инспекцияның құрылтай құжаты болып табылады.
11. Инспекцияның қызметін қаржыландыру республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.
12. Инспекцияға кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Инспекцияның функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Инспекцияға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2-тарау. Инспекцияның негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары және міндеттемелері
13. Инспекцияның міндеті:
тиісті аумақтық бірліктерде Қазақстан Республикасының байланыс саласында, сондай-ақ "Телерадио хабарларын тарату туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабында көзделген талаптарды сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасын сақтауды мемлекеттік бақылау.
14. Инспекцияның функциялары:
1) тиісті аумақтық бірліктерде Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
2) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылар белгіленген стандарттар мен техникалық нормаларға сәйкес келмеген, азаматтардың қауіпсіздігіне, қоршаған ортаға қауіп төндірген жағдайда, сондай-ақ аса маңызды жұмыстар мен іс-шараларды орындаған кезде оларды пайдалануды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тоқтата тұру;
3) радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны туралы хабарлама болмаған және (немесе) техникалық сипаттамалары белгіленген нормаларға сәйкес келмеген жағдайда, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды өшіру;
4) электрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың орындалуын бақылау;
5) радиобақылауды жүзеге асыру және байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиiлiк спектрiн пайдалануына және байланыс операторларының байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын және байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын сақтауына тексеру жүргiзу;
6) байланыс операторларының байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын бiлiктiлiк талаптарын, байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын, пошта байланысы қызметтерін көрсету қағидаларын және Қазақстан Республикасының аумағындағы пошта жөнелтiлiмдеріне пошта штемпелiн қолдану қағидаларын сақтауын бақылау;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес телекоммуникациялар желiлерi мен құрылғылары құрылыстарының және пошта байланысының техникалық нормалар мен оларды техникалық пайдалануды ұйымдастыру жөнiндегi талаптарға сәйкестiгiн тексеру;
8) Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын бұза отырып, жұмыс істеп тұрған радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды анықтау және оларды пайдаланудың жолын кесу;
9) пошта желiсi объектiлерiн пайдалануды ұйымдастыру және байланыс қызметiн пайдаланушыларға қызмет көрсету жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын сақтауды қамтамасыз ету;
10) Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінде белгіленген тәртіппен хаттамаларды толтыру, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкiмшiлiк жазалар қолдану;
11) радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдары мен жоғары жиілікті құрылғыларын қоса алғанда, радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдау;
12) "Телерадио хабарларын тарату туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабында көзделген талаптарды сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
13) Қазақстан Республикасының байланыс туралы заңнамасы талаптарының бұзушылықтары анықталған кезде нұсқамалар жіберу;
14) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де мәселелер жатады.
15. Инспекцияның құқықтары:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардан Инспекцияға жүктелген функциялар мен міндеттерді жүзеге асыруға қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
2) заңды және жеке тұлғаларға байланыс желілері мен ақпараттық жүйелерінің жұмыстарын анықтайтын нормативтік құқықтық актілер, стандарттар мен нормалардың талаптар бұзушылықтарын жою туралы нұсқамалар енгізуге;
3) байланыс желісі мен құралдарының жұмысына тексеруді жүргізуге;
4) сотқа талап-арыздармен жүгінуге, оның қаралуына қатысуға;
5) өз құзыреті шегінде сараптамалар мен кеңестер жүргізу үшін сарапшылардың, мамандардың, сондай-ақ өзге мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдар қызметкерлерін тартуға;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
16. Инспекцияның міндеттемелеріне мыналар кіреді:
1) Инспекцияға жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруды қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;
3) Инспекцияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер дайындау;
4) өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде Комитеттің құрылымдық бөлімшелері мен мемлекеттік органдардың ресми сұрау салуы жағдайында қажетті материалдар мен анықтамалар беру;
5) Қазақстан Республикасының делегация құқығынсыз байланыс туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде нұсқама береді.
3-тарау. Инспекция қызметін ұйымдастыру
17. Инспекцияны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің аппарат басшысы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын басшы басқарады.
18. Инспекция басшысы Инспекцияның жұмысын ұйымдастырады және басқарады және өз қызметтерін жүзеге асыруға және Инспекцияға жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады.
19. Осы мақсатта Инспекцияның басшысы:
1) өз құзыреті шеңберінде бұйрықтар шығарады;
2) Инспекция қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Инспекцияның қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
4) мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдарда Инспекцияның мүддесін білдіреді;
5) заңнамада белгіленген тәртіппен Инспекцияның қызметкерлерін көтермелейді, сондай-ақ тәртіптік жаза қолданады;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
20. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Инспекцияда лауазымдық жалақыны белгілеуге құқық беретін мемлекеттік қызмет өтілін есептеу жөніндегі комиссия құрылады.
Жоғарыда көрсетілген комиссияның дербес құрамын инспекция басшысы айқындайды. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді.
5-тарау. Инспекцияны қайта ұйымдастыру және тарату
21. Инспекцияны қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 9 тамыздағы № 190/НҚ бұйрығымен бекітілген |
"Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шығыс Қазақстан, Павлодар және Абай облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шығыс Қазақстан, Павлодар және Абай облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Инспекция) байланыс саласында, сондай-ақ "Телерадио хабарларын тарату туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабында көзделген талаптарды сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуын іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық органы болып табылады.
2. Инспекция өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Инспекция республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысандағы заңды тұлғасы болып табылады, өз атауымен мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері бар.
4. Инспекция өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түсе алады.
5. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, Инспекция мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Инспекция заңнамада белгіленген тәртіппен өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Инспекция басшысының бұйрықтарымен ресімделген шешімдер қабылдайды.
7. Құрылымы және штаттық санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Инспекцияның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 070000, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Карл Либкнехт көшесі, 19.
9. Инспекцияның толық атауы – "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шығыс Қазақстан, Павлодар және Абай облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Инспекцияның құрылтай құжаты болып табылады.
11. Инспекцияның қызметін қаржыландыру республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.
12. Инспекцияға кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Инспекцияның функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Инспекцияға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2-тарау. Инспекцияның негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары және міндеттемелері
13. Инспекцияның міндеті:
тиісті аумақтық бірліктерде Қазақстан Республикасының байланыс саласында, сондай-ақ "Телерадио хабарларын тарату туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабында көзделген талаптарды сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасын сақтауды мемлекеттік бақылау.
14. Инспекцияның функциялары:
1) тиісті аумақтық бірліктерде Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
2) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылар белгіленген стандарттар мен техникалық нормаларға сәйкес келмеген, азаматтардың қауіпсіздігіне, қоршаған ортаға қауіп төндірген жағдайда, сондай-ақ аса маңызды жұмыстар мен іс-шараларды орындаған кезде оларды пайдалануды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тоқтата тұру;
3) радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны туралы хабарлама болмаған және (немесе) техникалық сипаттамалары белгіленген нормаларға сәйкес келмеген жағдайда, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды өшіру;
4) электрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың орындалуын бақылау;
5) радиобақылауды жүзеге асыру және байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиiлiк спектрiн пайдалануына және байланыс операторларының байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын және байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын сақтауына тексеру жүргiзу;
6) байланыс операторларының байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын бiлiктiлiк талаптарын, байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын, пошта байланысы қызметтерін көрсету қағидаларын және Қазақстан Республикасының аумағындағы пошта жөнелтiлiмдеріне пошта штемпелiн қолдану қағидаларын сақтауын бақылау;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес телекоммуникациялар желiлерi мен құрылғылары құрылыстарының және пошта байланысының техникалық нормалар мен оларды техникалық пайдалануды ұйымдастыру жөнiндегi талаптарға сәйкестiгiн тексеру;
8) Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын бұза отырып, жұмыс істеп тұрған радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды анықтау және оларды пайдаланудың жолын кесу;
9) пошта желiсi объектiлерiн пайдалануды ұйымдастыру және байланыс қызметiн пайдаланушыларға қызмет көрсету жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын сақтауды қамтамасыз ету;
10) Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінде белгіленген тәртіппен хаттамаларды толтыру, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкiмшiлiк жазалар қолдану;
11) радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдары мен жоғары жиілікті құрылғыларын қоса алғанда, радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдау;
12) "Телерадио хабарларын тарату туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабында көзделген талаптарды сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
13) Қазақстан Республикасының байланыс туралы заңнамасы талаптарының бұзушылықтары анықталған кезде нұсқамалар жіберу;
14) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де мәселелер жатады.
15. Инспекцияның құқықтары:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардан Инспекцияға жүктелген функциялар мен міндеттерді жүзеге асыруға қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
2) заңды және жеке тұлғаларға байланыс желілері мен ақпараттық жүйелерінің жұмыстарын анықтайтын нормативтік құқықтық актілер, стандарттар мен нормалардың талаптар бұзушылықтарын жою туралы нұсқамалар енгізуге;
3) байланыс желісі мен құралдарының жұмысына тексеруді жүргізуге;
4) сотқа талап-арыздармен жүгінуге, оның қаралуына қатысуға;
5) өз құзыреті шегінде сараптамалар мен кеңестер жүргізу үшін сарапшылардың, мамандардың, сондай-ақ өзге мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдар қызметкерлерін тартуға;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
16. Инспекцияның міндеттемелеріне мыналар кіреді:
1) Инспекцияға жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруды қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;
3) Инспекцияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер дайындау;
4) өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде Комитеттің құрылымдық бөлімшелері мен мемлекеттік органдардың ресми сұрау салуы жағдайында қажетті материалдар мен анықтамалар беру;
5) Қазақстан Республикасының делегация құқығынсыз байланыс туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде нұсқама береді.
3-тарау. Инспекция қызметін ұйымдастыру
17. Инспекцияны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің аппарат басшысы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын басшы басқарады.
18. Инспекция басшысы Инспекцияның жұмысын ұйымдастырады және басқарады және өз қызметтерін жүзеге асыруға және Инспекцияға жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады.
19. Осы мақсатта Инспекцияның басшысы:
1) өз құзыреті шеңберінде бұйрықтар шығарады;
2) Инспекция қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Инспекцияның қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
4) мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдарда Инспекцияның мүддесін білдіреді;
5) заңнамада белгіленген тәртіппен Инспекцияның қызметкерлерін көтермелейді, сондай-ақ тәртіптік жаза қолданады;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
20. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Инспекцияда лауазымдық жалақыны белгілеуге құқық беретін мемлекеттік қызмет өтілін есептеу жөніндегі комиссия құрылады.
Жоғарыда көрсетілген комиссияның дербес құрамын инспекция басшысы айқындайды. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді.
5-тарау. Инспекцияны қайта ұйымдастыру және тарату
21. Инспекцияны қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 9 тамыздағы № 190/НҚ бұйрығымен бекітілген |
"Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Инспекция) байланыс саласында, сондай-ақ "Телерадио хабарларын тарату туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабында көзделген талаптарды сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуын іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық органы болып табылады.
2. Инспекция өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Инспекция республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысандағы заңды тұлғасы болып табылады, өз атауымен мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері бар.
4. Инспекция өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түсе алады.
5. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, Инспекция мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Инспекция заңнамада белгіленген тәртіппен өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Инспекция басшысының бұйрықтарымен ресімделген шешімдер қабылдайды.
7. Құрылымы және штаттық санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Инспекцияның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 030002, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Маресьев көшесі, 95/1-үй.
9. Инспекцияның толық атауы – "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Инспекцияның құрылтай құжаты болып табылады.
11. Инспекцияның қызметін қаржыландыру республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.
12. Инспекцияға кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Инспекцияның функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Инспекцияға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2-тарау. Инспекцияның негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары және міндеттемелері
13. Инспекцияның міндеті:
тиісті аумақтық бірліктерде Қазақстан Республикасының байланыс саласында, сондай-ақ "Телерадио хабарларын тарату туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабында көзделген талаптарды сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасын сақтауды мемлекеттік бақылау.
14. Инспекцияның функциялары:
1) тиісті аумақтық бірліктерде Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
2) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылар белгіленген стандарттар мен техникалық нормаларға сәйкес келмеген, азаматтардың қауіпсіздігіне, қоршаған ортаға қауіп төндірген жағдайда, сондай-ақ аса маңызды жұмыстар мен іс-шараларды орындаған кезде оларды пайдалануды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тоқтата тұру;
3) радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны туралы хабарлама болмаған және (немесе) техникалық сипаттамалары белгіленген нормаларға сәйкес келмеген жағдайда, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды өшіру;
4) электрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың орындалуын бақылау;
5) радиобақылауды жүзеге асыру және байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиiлiк спектрiн пайдалануына және байланыс операторларының байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын және байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын сақтауына тексеру жүргiзу;
6) байланыс операторларының байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын бiлiктiлiк талаптарын, байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын, пошта байланысы қызметтерін көрсету қағидаларын және Қазақстан Республикасының аумағындағы пошта жөнелтiлiмдеріне пошта штемпелiн қолдану қағидаларын сақтауын бақылау;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес телекоммуникациялар желiлерi мен құрылғылары құрылыстарының және пошта байланысының техникалық нормалар мен оларды техникалық пайдалануды ұйымдастыру жөнiндегi талаптарға сәйкестiгiн тексеру;
8) Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын бұза отырып, жұмыс істеп тұрған радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды анықтау және оларды пайдаланудың жолын кесу;
9) пошта желiсi объектiлерiн пайдалануды ұйымдастыру және байланыс қызметiн пайдаланушыларға қызмет көрсету жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын сақтауды қамтамасыз ету;
10) Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінде белгіленген тәртіппен хаттамаларды толтыру, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкiмшiлiк жазалар қолдану;
11) радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдары мен жоғары жиілікті құрылғыларын қоса алғанда, радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдау;
12) "Телерадио хабарларын тарату туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабында көзделген талаптарды сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
13) Қазақстан Республикасының байланыс туралы заңнамасы талаптарының бұзушылықтары анықталған кезде нұсқамалар жіберу;
14) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де мәселелер жатады.
15. Инспекцияның құқықтары:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардан Инспекцияға жүктелген функциялар мен міндеттерді жүзеге асыруға қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
2) заңды және жеке тұлғаларға байланыс желілері мен ақпараттық жүйелерінің жұмыстарын анықтайтын нормативтік құқықтық актілер, стандарттар мен нормалардың талаптар бұзушылықтарын жою туралы нұсқамалар енгізуге;
3) байланыс желісі мен құралдарының жұмысына тексеруді жүргізуге;
4) сотқа талап-арыздармен жүгінуге, оның қаралуына қатысуға;
5) өз құзыреті шегінде сараптамалар мен кеңестер жүргізу үшін сарапшылардың, мамандардың, сондай-ақ өзге мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдар қызметкерлерін тартуға;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
16. Инспекцияның міндеттемелеріне мыналар кіреді:
1) Инспекцияға жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруды қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;
3) Инспекцияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер дайындау;
4) өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде Комитеттің құрылымдық бөлімшелері мен мемлекеттік органдардың ресми сұрау салуы жағдайында қажетті материалдар мен анықтамалар беру;
5) Қазақстан Республикасының делегация құқығынсыз байланыс туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде нұсқама береді.
3-тарау. Инспекция қызметін ұйымдастыру
17. Инспекцияны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің аппарат басшысы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын басшы басқарады.
18. Инспекция басшысы Инспекцияның жұмысын ұйымдастырады және басқарады және өз қызметтерін жүзеге асыруға және Инспекцияға жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады.
19. Осы мақсатта Инспекцияның басшысы:
1) өз құзыреті шеңберінде бұйрықтар шығарады;
2) Инспекция қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Инспекцияның қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
4) мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдарда Инспекцияның мүддесін білдіреді;
5) заңнамада белгіленген тәртіппен Инспекцияның қызметкерлерін көтермелейді, сондай-ақ тәртіптік жаза қолданады;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
20. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Инспекцияда лауазымдық жалақыны белгілеуге құқық беретін мемлекеттік қызмет өтілін есептеу жөніндегі комиссия құрылады.
Жоғарыда көрсетілген комиссияның дербес құрамын инспекция басшысы айқындайды. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді.
5-тарау. Инспекцияны қайта ұйымдастыру және тарату
21. Инспекцияны қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 9 тамыздағы № 190/НҚ бұйрығымен бекітілген |
"Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шымкент қаласы және Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шымкент қаласы және Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Инспекция) байланыс саласында, сондай-ақ "Телерадио хабарларын тарату туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабында көзделген талаптарды сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуын іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық органы болып табылады.
2. Инспекция өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Инспекция республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысандағы заңды тұлғасы болып табылады, өз атауымен мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері бар.
4. Инспекция өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түсе алады.
5. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, Инспекция мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Инспекция заңнамада белгіленген тәртіппен өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Инспекция басшысының бұйрықтарымен ресімделген шешімдер қабылдайды.
7. Құрылымы және штаттық санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Инспекцияның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 160011, Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Дулати көшесі, 3.
9. Инспекцияның толық атауы – "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шымкент қаласы және Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Инспекцияның құрылтай құжаты болып табылады.
11. Инспекцияның қызметін қаржыландыру республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.
12. Инспекцияға кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Инспекцияның функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Инспекцияға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2-тарау. Инспекцияның негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары және міндеттемелері
13. Инспекцияның міндеті:
тиісті аумақтық бірліктерде Қазақстан Республикасының байланыс саласында, сондай-ақ "Телерадио хабарларын тарату туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабында көзделген талаптарды сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасын сақтауды мемлекеттік бақылау.
14. Инспекцияның функциялары:
1) тиісті аумақтық бірліктерде Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
2) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылар белгіленген стандарттар мен техникалық нормаларға сәйкес келмеген, азаматтардың қауіпсіздігіне, қоршаған ортаға қауіп төндірген жағдайда, сондай-ақ аса маңызды жұмыстар мен іс-шараларды орындаған кезде оларды пайдалануды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тоқтата тұру;
3) радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны туралы хабарлама болмаған және (немесе) техникалық сипаттамалары белгіленген нормаларға сәйкес келмеген жағдайда, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды өшіру;
4) электрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың орындалуын бақылау;
5) радиобақылауды жүзеге асыру және байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиiлiк спектрiн пайдалануына және байланыс операторларының байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын және байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын сақтауына тексеру жүргiзу;
6) байланыс операторларының байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын бiлiктiлiк талаптарын, байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын, пошта байланысы қызметтерін көрсету қағидаларын және Қазақстан Республикасының аумағындағы пошта жөнелтiлiмдеріне пошта штемпелiн қолдану қағидаларын сақтауын бақылау;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес телекоммуникациялар желiлерi мен құрылғылары құрылыстарының және пошта байланысының техникалық нормалар мен оларды техникалық пайдалануды ұйымдастыру жөнiндегi талаптарға сәйкестiгiн тексеру;
8) Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын бұза отырып, жұмыс істеп тұрған радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды анықтау және оларды пайдаланудың жолын кесу;
9) пошта желiсi объектiлерiн пайдалануды ұйымдастыру және байланыс қызметiн пайдаланушыларға қызмет көрсету жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын сақтауды қамтамасыз ету;
10) Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінде белгіленген тәртіппен хаттамаларды толтыру, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкiмшiлiк жазалар қолдану;
11) радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдары мен жоғары жиілікті құрылғыларын қоса алғанда, радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдау;
12) "Телерадио хабарларын тарату туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабында көзделген талаптарды сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
13) Қазақстан Республикасының байланыс туралы заңнамасы талаптарының бұзушылықтары анықталған кезде нұсқамалар жіберу;
14) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де мәселелер жатады.
15. Инспекцияның құқықтары:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардан Инспекцияға жүктелген функциялар мен міндеттерді жүзеге асыруға қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
2) заңды және жеке тұлғаларға байланыс желілері мен ақпараттық жүйелерінің жұмыстарын анықтайтын нормативтік құқықтық актілер, стандарттар мен нормалардың талаптар бұзушылықтарын жою туралы нұсқамалар енгізуге;
3) байланыс желісі мен құралдарының жұмысына тексеруді жүргізуге;
4) сотқа талап-арыздармен жүгінуге, оның қаралуына қатысуға;
5) өз құзыреті шегінде сараптамалар мен кеңестер жүргізу үшін сарапшылардың, мамандардың, сондай-ақ өзге мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдар қызметкерлерін тартуға;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
16. Инспекцияның міндеттемелеріне мыналар кіреді:
1) Инспекцияға жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруды қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;
3) Инспекцияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер дайындау;
4) өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде Комитеттің құрылымдық бөлімшелері мен мемлекеттік органдардың ресми сұрау салуы жағдайында қажетті материалдар мен анықтамалар беру;
5) Қазақстан Республикасының делегация құқығынсыз байланыс туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде нұсқама береді.
3-тарау. Инспекция қызметін ұйымдастыру
17. Инспекцияны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің аппарат басшысы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын басшы басқарады.
18. Инспекция басшысы Инспекцияның жұмысын ұйымдастырады және басқарады және өз қызметтерін жүзеге асыруға және Инспекцияға жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады.
19. Осы мақсатта Инспекцияның басшысы:
1) өз құзыреті шеңберінде бұйрықтар шығарады;
2) Инспекция қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Инспекцияның қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
4) мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдарда Инспекцияның мүддесін білдіреді;
5) заңнамада белгіленген тәртіппен Инспекцияның қызметкерлерін көтермелейді, сондай-ақ тәртіптік жаза қолданады;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
20. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Инспекцияда лауазымдық жалақыны белгілеуге құқық беретін мемлекеттік қызмет өтілін есептеу жөніндегі комиссия құрылады.
Жоғарыда көрсетілген комиссияның дербес құрамын инспекция басшысы айқындайды. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді.
5-тарау. Инспекцияны қайта ұйымдастыру және тарату
21. Инспекцияны қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 9 тамыздағы № 190/НҚ бұйрығымен бекітілген |
"Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Алматы қаласы және Алматы, Жетісу облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Алматы қаласы және Алматы, Жетісу облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Инспекция) байланыс саласында, сондай-ақ "Телерадио хабарларын тарату туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабында көзделген талаптарды сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуын іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық органы болып табылады.
2. Инспекция өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Инспекция республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысандағы заңды тұлғасы болып табылады, өз атауымен мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері бар.
4. Инспекция өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түсе алады.
5. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, Инспекция мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Инспекция заңнамада белгіленген тәртіппен өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Инспекция басшысының бұйрықтарымен ресімделген шешімдер қабылдайды.
7. Құрылымы және штаттық санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Инспекцияның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050026, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Жұмалиев көшесі, 108.
9. Инспекцияның толық атауы – "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Алматы қаласы және Алматы, Жетісу облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Инспекцияның құрылтай құжаты болып табылады.
11. Инспекцияның қызметін қаржыландыру республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.
12. Инспекцияға кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Инспекцияның функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Инспекцияға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2-тарау. Инспекцияның негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары және міндеттемелері
13. Инспекцияның міндеті:
тиісті аумақтық бірліктерде Қазақстан Республикасының байланыс саласында, сондай-ақ "Телерадио хабарларын тарату туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабында көзделген талаптарды сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасын сақтауды мемлекеттік бақылау.
14. Инспекцияның функциялары:
1) тиісті аумақтық бірліктерде Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
2) радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылар белгіленген стандарттар мен техникалық нормаларға сәйкес келмеген, азаматтардың қауіпсіздігіне, қоршаған ортаға қауіп төндірген жағдайда, сондай-ақ аса маңызды жұмыстар мен іс-шараларды орындаған кезде оларды пайдалануды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тоқтата тұру;
3) радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны туралы хабарлама болмаған және (немесе) техникалық сипаттамалары белгіленген нормаларға сәйкес келмеген жағдайда, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды өшіру;
4) электрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылардың электромагниттік үйлесімділігін қамтамасыз ету жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шаралардың орындалуын бақылау;
5) радиобақылауды жүзеге асыру және байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиiлiк спектрiн пайдалануына және байланыс операторларының байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын және байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын сақтауына тексеру жүргiзу;
6) байланыс операторларының байланыс саласында қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын бiлiктiлiк талаптарын, байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын, пошта байланысы қызметтерін көрсету қағидаларын және Қазақстан Республикасының аумағындағы пошта жөнелтiлiмдеріне пошта штемпелiн қолдану қағидаларын сақтауын бақылау;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес телекоммуникациялар желiлерi мен құрылғылары құрылыстарының және пошта байланысының техникалық нормалар мен оларды техникалық пайдалануды ұйымдастыру жөнiндегi талаптарға сәйкестiгiн тексеру;
8) Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасын бұза отырып, жұмыс істеп тұрған радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды анықтау және оларды пайдаланудың жолын кесу;
9) пошта желiсi объектiлерiн пайдалануды ұйымдастыру және байланыс қызметiн пайдаланушыларға қызмет көрсету жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын сақтауды қамтамасыз ету;
10) Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодексінде белгіленген тәртіппен хаттамаларды толтыру, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау және әкiмшiлiк жазалар қолдану;
11) радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдары мен жоғары жиілікті құрылғыларын қоса алғанда, радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдау;
12) "Телерадио хабарларын тарату туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабында көзделген талаптарды сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
13) Қазақстан Республикасының байланыс туралы заңнамасы талаптарының бұзушылықтары анықталған кезде нұсқамалар жіберу;
14) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де мәселелер жатады.
15. Инспекцияның құқықтары:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардан Инспекцияға жүктелген функциялар мен міндеттерді жүзеге асыруға қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
2) заңды және жеке тұлғаларға байланыс желілері мен ақпараттық жүйелерінің жұмыстарын анықтайтын нормативтік құқықтық актілер, стандарттар мен нормалардың талаптар бұзушылықтарын жою туралы нұсқамалар енгізуге;
3) байланыс желісі мен құралдарының жұмысына тексеруді жүргізуге;
4) сотқа талап-арыздармен жүгінуге, оның қаралуына қатысуға;
5) өз құзыреті шегінде сараптамалар мен кеңестер жүргізу үшін сарапшылардың, мамандардың, сондай-ақ өзге мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдар қызметкерлерін тартуға;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.
16. Инспекцияның міндеттемелеріне мыналар кіреді:
1) Инспекцияға жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыруды қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сақтау;
3) Инспекцияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер дайындау;
4) өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде Комитеттің құрылымдық бөлімшелері мен мемлекеттік органдардың ресми сұрау салуы жағдайында қажетті материалдар мен анықтамалар беру;
5) Қазақстан Республикасының делегация құқығынсыз байланыс туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде нұсқама береді.
3-тарау. Инспекция қызметін ұйымдастыру
17. Инспекцияны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің келісімі бойынша Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің аппарат басшысы лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын басшы басқарады.
18. Инспекция басшысы Инспекцияның жұмысын ұйымдастырады және басқарады және өз қызметтерін жүзеге асыруға және Инспекцияға жүктелген міндеттердің орындалуына дербес жауапты болады.
19. Осы мақсатта Инспекцияның басшысы:
1) өз құзыреті шеңберінде бұйрықтар шығарады;
2) Инспекция қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Инспекцияның қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
4) мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдарда Инспекцияның мүддесін білдіреді;
5) заңнамада белгіленген тәртіппен Инспекцияның қызметкерлерін көтермелейді, сондай-ақ тәртіптік жаза қолданады;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
20. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Инспекцияда лауазымдық жалақыны белгілеуге құқық беретін мемлекеттік қызмет өтілін есептеу жөніндегі комиссия құрылады.
Жоғарыда көрсетілген комиссияның дербес құрамын инспекция басшысы айқындайды. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді.
5-тарау. Инспекцияны қайта ұйымдастыру және тарату
21. Инспекцияны қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 9 тамыздағы № 190/НҚ бұйрығымен бекітілген |
"Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Астана қаласы және Ақмола, Қарағанды, Ұлытау облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Астана қаласы және Ақмола, Қарағанды, Ұлытау облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Инспекция) байланыс саласында, сондай-ақ "Телерадио хабарларын тарату туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабында көзделген талаптарды сақтау бөлігінде Қазақстан Республикасының телерадио хабарларын тарату туралы заңнамасының сақталуын іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық органы болып табылады.
2. Инспекция өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Инспекция республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдастыру-құқықтық нысандағы заңды тұлғасы болып табылады, өз атауымен мемлекеттік тілде жазылған мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері бар.
4. Инспекция өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түсе алады.
5. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, Инспекция мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Инспекция заңнамада белгіленген тәртіппен өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Инспекция басшысының бұйрықтарымен ресімделген шешімдер қабылдайды.
7. Құрылымы және штаттық санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. Инспекцияның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа ауданы, Республика даңғылы, 13-үй, 1-т.е.ү-ж
9. Инспекцияның толық атауы – "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Астана қаласы және Ақмола, Қарағанды, Ұлытау облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.