Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 5 мамырдағы № 129 бұйрығына "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 24 наурыздағы № 84 бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2023 жылғы 27 қыркүйектегі № 378-НҚ бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 27.09.2023 № 378-НҚ бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1."Министрліктің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 5 мамырдағы № 129 бұйрығына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      Бекітілген бұйрықпен "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің лауазымы осы бұйрықтағы қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз ету үшін:

      1) осы бұйрықты ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамындағы ережені қайта тіркеуді жүзеге асыру;

      3) "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесіне өзгерістер енгізу туралы тіркеуші органның хабарламасы;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық даму министрі
А.Омаров

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму министрінің бұйрығына
қосымша
№______
  ____ ________ _____жыл
Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму министрінің
2020 жылғы 5 мамырдағы
№ 129 бұйрығымен
бекітілген

"Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің
ЕРЕЖЕСІ

1 тарау. Жалпы ережелер

      1."Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) мемлекеттік этносаралық саясат саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) ведомствосы болып табылады.

      2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Комитет республикалық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттар бар.

      4. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

      5. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, Комитет мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының немесе оны алмастыратын адамның бұйрықтарымен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Комитеттің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8 үй, № 15 кіреберіс.

      9. Комитеттің толық атауы – "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      10. Осы Ереже Комитеттің құрылтайшылық құжаты болып табылады.

      11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.

      12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілерімен Комитеттің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Комитетке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2 тарау. Комитет міндеттемелері,құқықтары мен міндеттері

      13. Комитеттің міндеттемелері:

      1) этносаралық қатынастар мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;

      2) Комитеттің құзыретіне жатқызылған қызмет салаларында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

      3) Комитетке жүктелген өзге де міндеттер.

      14. Құқықтары мен міндеттері:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен өз құзыреті шегінде құқықтық актілерді қабылдау;

      2) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды заңнамада белгіленген тәртіппен сұрату және алу;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға міндетті;

      4) Комитет жанынан консультативтік-кеңесші органдар құру;

      5) Комитеттің құзыреті шегінде іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

      6) азаматтық қоғамды дамытуға үлес қосқан адамдарды мемлекеттік наградаларға ұсыну туралы ұсыныстар енгізуге құқылы;

      7) халықаралық ұйымдар мен лауазымды тұлғаларды қоса алғанда, мемлекеттік органдармен, ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға міндетті;

      8) Комитетке берілген мүлікті басқаруды жүзеге асыруға міндетті;

      9) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

      15. Функциялары:

      Этносаралық қатынастар мониторингі басқармасы:

      стратегиялық:

      басқарма құзіреттілігіне қатысты стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды дайындау;

      реттеуші:

      адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;

      басқарма құзыреті шегінде құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу;

      жүзеге асырушы:

      республикадағы этносаралық қатынастарды зерделеу, талдау және мониторинг жүргізу;

      басқарма құзыреті шегінде талдау материалдарын дайындау;

      этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша талдамалық және өзге де зерттеулердің сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету және бақылау;

      басқарма құзыреті шеңберінде этносаралық жағдайға мониторинг, талдау және әлеуметтік зерттеулер жүргізуді жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      басқарма құзыреті шеңберінде этникалық топтар бөлінісінде статистикалық және өзге де деректерді жинау мен өңдеуді жүзеге асыру;

      демографиялық және этносаралық мәселелерді зерттеу саласындағы әлемдік тәжірибені талдау;

      басқарманың құзыреті шеңберінде ресми көздерден алынған деректерді мониторингілеу, талдау және салыстыру;

      басқарма құзыреті шеңберінде жергілікті атқарушы органдардың этносаралық қатынастар саласында талдамалық және әлеуметтік зерттеулер жүргізу барысына мониторингті қамтамасыз ету;

      жергілікті атқарушы органдарға талдамалық және әлеуметтік зерттеулер жүргізу жоспарын және басқарма құзыреті шеңберінде этносаралық қатынастар саласындағы есептерді ұсыну кестесін келісу;

      жергілікті атқарушы органдар ұсынған әлеуметтік есептердегі деректердің сәйкестігіне талдау, верификация және сараптама жүргізу;

      басқарманың құзыреті шеңберінде жергілікті атқарушы органдардың талдамалық және әлеуметтік зерттеулерінің басымдықтарын айқындау;

      этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      басқарма құзыреті шеңберінде мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау, нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету;

      комитеттің құзыреті шегінде этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

      ұлттың әлеуметтік-мәдени кодын, қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік жобаларды ұйымдастыру және үйлестіру;

      басқарманың құзыреті шегінде жастар арасында этносаралық келісім мен толеранттылықты нығайту мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асыру;

      басқарма құзыреті шеңберінде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтау және нығайту мәселелері бойынша әдістемелік қамтамасыз ету;

      Министрлік жетекшілік ететін салалар бойынша мамандардың қажеттілігі туралы кадр және әкімшілік жұмыс департаментіне ұсыныстар әзірлеу;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, коммерциялық емес ұйымдармен, кәсіптік одақтармен және өзге де ұйымдармен, сараптамалық қоғамның өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау;

      басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды түсіндіру және ілгерілету жөніндегі ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және сарапшылық кеңестерге кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжатты немесе тиісті нормативтік құқықтық актінің жобасын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы хабарламаны жіберу, сараптамалық қорытындылар алу;

      басқарманың құзыреті шегінде қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа талап қою;

      республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысу;

      басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;

      басқарманың құзыреті шегінде көрсетілген қызметтер актілерін қарау және келісу;

      ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыру;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, арыздарын және өзге де өтініштерді қарау;

      басқарманың құзыреті шегінде заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      Этносаралық қатынастар саласындағы жобаларды іске асыру жөніндегі басқармасы:

      стратегиялық:

      басқарма құзіреттілігіне қатысты стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды дайындау;

      реттеуші:

      адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;

      басқарма құзыреті шегінде құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу;

      жүзеге асырушы:

      басқарманың құзыреті шеңберінде нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу және Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақытылы орындау бойынша жұмысты үйлестіру;

      басқарманың құзыреті шеңберінде Даму жоспары және операциялық жоспарды пысықтауды және келісуді қамтамасыз ету;

      этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      басқарма құзыреті шеңберінде мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау, нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

      этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      әзірленетін стратегиялық құжаттарға талдау материалдарын жинау, мониторингілеу және ұсыну;

      басқарманың жетекшілік ететін мәселелері бойынша жиынтық-талдау қызметін жүзеге асыру;

      республиканың және оның өңірлерінің этностық топтарының әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы ақпараттық дерекқорды жинақтау, енгізу және жаңарту;

      демографиялық (көші-қон процестерін қоса алғанда) процестерді реттеу тетіктерін одан әрі жетілдіру бойынша, Қазақстандағы әлеуметтік-демографиялық даму мәселелерін шешу бойынша ұсынымдар әзірлеу;

      ұлттың әлеуметтік-мәдени кодын, қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға, этносаралық келісім мен бірлікті қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік және өзге де жобаларды ұйымдастыру және үйлестіру;

      басқарманың құзыреті шегінде жастар арасында этносаралық келісім мен толеранттылықты нығайту мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асыру;

      басқарма құзыреті шеңберінде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтау және нығайту мәселелері бойынша әдістемелік қамтамасыз ету;

      комитеттің құзыреті шегінде этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

      Министрлік жетекшілік ететін салалар бойынша мамандардың қажеттілігі туралы кадр және әкімшілік жұмыс департаментіне ұсыныстар әзірлеу;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, коммерциялық емес ұйымдармен, кәсіптік одақтармен және өзге де ұйымдармен, сараптамалық қоғамның өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау;

      мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және сарапшылық кеңестерге кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжатты немесе тиісті нормативтік құқықтық актінің жобасын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы хабарламаны жіберу, сараптамалық қорытындылар алу;

      басқарманың құзыреті шегінде қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа талап қою;

      Комитеттің құзыреті шеңберінде этносаралық қатынастар саласындағы ақпараттық-статистикалық жүйелерді қалыптастыру, сүйемелдеу және жаңарту;

      басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды түсіндіру және ілгерілету бойынша ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыру;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, арыздарын және өзге де өтініштерін қарау;

      басқарманың құзыреті шегінде заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру;

      Өңірлік жұмыс басқармасы:

      стратегиялық:

      басқарма құзіреттілігіне қатысты стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды дайындау;

      реттеуші:

      адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;

      басқарманың құзыреті шегінде құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу;

      жүзеге асырушы:

      жергілікті атқарушы органдардың этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі есептерін үйлестіру және талдау;

      басқарма құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

      басқарма құзыреті шеңберінде этносаралық салада мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметін мониторингілеу және талдау үшін өңірлерге шығуды ұйымдастыру;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды түсіндіру және ілгерілету бойынша ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, коммерциялық емес ұйымдармен, кәсіптік одақтармен және өзге де ұйымдармен, сараптамалық қоғамның өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау;

      Комитеттің құзыреті шегінде этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

      ұлттың әлеуметтік-мәдени кодын, қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік жобаларды ұйымдастыру және үйлестіру;

      басқарманың құзыреті шеңберінде жастар арасындағы этносаралық келісім мен толеранттылықты нығайту мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асыру;

      басқарма құзыреті шеңберінде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтау және нығайту мәселелері бойынша әдістемелік қамтамасыз ету;

      Министрлік жетекшілік ететін салалар бойынша мамандардың қажеттілігі туралы кадр және әкімшілік жұмыс департаментіне ұсыныстар әзірлеу;

      мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және сарапшылық кеңестерге кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжатты немесе тиісті нормативтік құқықтық актінің жобасын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы хабарламаны жіберу, сараптамалық қорытындылар алу;

      басқарманың құзыреті шегінде қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа талап қою;

      этносаралық қатынастар саласында бірлескен іс-шаралар өткізу, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына консультациялық көмек көрсету;

      өңірлердегі этносаралық ахуалға мониторинг жүргізу;

      басқарманың құзыреті шеңберінде жергілікті атқарушы органдарға құжаттарға (ақпаратқа) талдау жүргізу үшін қажетті сұрау салуларды дайындау;

      басқарма құзыреті шеңберінде мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау, нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

      республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысу;

      басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;

      басқарманың құзыреті шегінде көрсетілген қызметтер актілерін қарау және келісу;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша Мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, арыздарын және өзге де өтініштерін қарау;

      ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыру;

      басқарманың құзыреті шегінде заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету.

      Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру;

      Қазақстан халқы Ассамблеясымен өзара іс-қимыл басқармасы:

      стратегиялық:

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;

      реттеуші:

      адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;

      басқарманың құзыреті шегінде құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу;

      жүзеге асырушы:

      Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілер мен стратегиялық құжаттарды іске асыру кезінде мемлекеттік органдардың қызметін талдауға қатысу;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясымен, орталық мемлекеттік, жергілікті атқарушы органдармен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;

      орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдардың Қазақстан халқы Ассамблеясының (2025 жылға дейінгі) даму тұжырымдамасын және оның іс-қимыл жоспарын іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіру;

      Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының тапсырмаларын уақытылы және сапалы орындау мониторингіне қатысу;

      басқармамен реттелетін салалардағы нормативтік құқықтық актілерге құқықтық мониторинг жүргізу;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, коммерциялық емес ұйымдармен, кәсіптік одақтармен және өзге де ұйымдармен, сараптамалық қоғамның өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау;

      басқарманың құзыреті шегінде этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

      ұлттың әлеуметтік-мәдени кодын, қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік жобаларды ұйымдастыру және үйлестіру;

      басқарманың құзыреті шегінде жастар арасында этносаралық келісім мен толеранттылықты нығайту мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асыру;

      басқарма құзыреті шеңберінде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтау және нығайту мәселелері бойынша әдістемелік қамтамасыз ету;

      Министрлік жетекшілік ететін салалар бойынша мамандардың қажеттілігі туралы кадр және әкімшілік жұмыс департаментіне ұсыныстар әзірлеу;

      мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және сарапшылық кеңестерге кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжатты немесе тиісті нормативтік құқықтық актінің жобасын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы хабарламаны жіберу, сараптамалық қорытындылар алу;

      басқарма құзыреті шегінде Қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;

      соттарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап қою;

      ішкі саяси тұрақтылықты, этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған халықаралық, республикалық және өзге де іс-шараларды, акциялар мен конкурстарды өткізу;

      Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету;

      басқарманың құзыреті шегінде қазақстандық этностардың тілдері мен мәдениетін қолдау;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша Министрліктің Қоғамдық кеңесінің отырыстарына қажетті материалдарды дайындау;

      этносаралық келісім мен толеранттылықты нығайту бойынша жастар ұйымдарымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңестерімен және өзге де қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      басқарма құзыреті шеңберінде мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау, нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

      республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысу;

      басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;

      басқарманың құзыреті шегінде көрсетілген қызметтердің актілерін қарау және келісу;

      ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыру;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

      басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Мемлекеттік стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды түсіндіру және ілгерілету бойынша ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, арыздарын және өзге де өтініштерін қарау;

      басқарманың құзыреті шегінде заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын қамтамасыз ету.

      Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде кезделген өзге де функцияларды жзеге асыру;

      Ведомствоаралық үйлестіру басқармасы:

      стратегиялық:

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;

      этносаралық қатынастар мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      Комитеттің құзыреті шеңберінде шетелдік әріптестермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының атынан жасалатын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету;

      Министрліктің құзыретіне жататын мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдар мен шарттарды, оның ішінде халықаралық шарттарды әзірлеу және жасасу;

      реттеуші:

      адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;

      басқарманың құзыреті шегінде құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу;

      жүзеге асырушы:

      мемлекеттік этносаралық саясат саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;

      этносаралық қатынастар мәселелері бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды үйлестіру;

      мемлекеттік этносаралық саясат саласындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты және үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттарды қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;

      жетекшілік ететін саладағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың, гранттардың іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Министрліктің қоғамдық кеңесінің отырыстарына қажетті материалдарды дайындау;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, коммерциялық емес ұйымдармен, кәсіптік одақтармен және өзге де ұйымдармен, сараптамалық қоғамның өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау;

      басқарманың құзыреті шегінде этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

      өз құзыреті шегінде ұлттың әлеуметтік-мәдени кодын, қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік жобаларды ұйымдастыру және үйлестіру;

      басқарманың құзыреті шегінде жастар арасында этносаралық келісім мен толеранттылықты нығайту мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асыру;

      басқарма құзыреті шеңберінде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтау және нығайту мәселелері бойынша әдістемелік қамтамасыз ету;

      Министрлік жетекшілік ететін салалар бойынша мамандардың қажеттілігі туралы кадр және әкімшілік жұмыс департаментіне ұсыныстар әзірлеу;

      мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және сарапшылық кеңестерге кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжатты немесе тиісті нормативтік құқықтық актінің жобасын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы хабарламаны жіберу, сараптамалық қорытындылар алу;

      басқарма құзыреті шегінде Қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;

      соттарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап қою;

      басқарма құзыреті шеңберінде мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау, нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

      республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысу;

      басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;

      басқарманың құзыреті шегінде көрсетілген қызметтердің актілерін қарау және келісу;

      ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыру;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

      басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды түсіндіру және ілгерілету жөніндегі ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, арыздарын және өзге де өтініштерін қарау;

      басқарманың құзыреті шегінде заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді сақтауды қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      Әдістемелік қамтамасыз ету және ақпараттық-түсіндіру жұмысы басқармасы:

      стратегиялық:

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;

      реттеуші:

      адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;

      басқарманың құзыреті шегінде құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу;

      жүзеге асырушы:

      орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың этносаралық қатынастарды дамыту саласындағы қызметін үйлестіру және әдістемелік сүйемелдеуді ұйымдастыру;

      Комитет құзыреті шегінде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтау және нығайту мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын үйлестіру және ұйымдастыру;

      Комитет реттейтін салаларда нормативтік құқықтық актілердің құқықтық мониторингін жүргізу;

      Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Министрліктің Қоғамдық кеңесінің отырыстарына қажетті материалдарды дайындау;

      Министрліктің интернет-ресурсында этносаралық қатынастар саласындағы ақпараттық-анықтамалық материалдарды, оқиғалар іс-шараларын орналастыру;

      Комитеттің құзыретіне жататын ақпаратты ашық деректердің интернет-порталында орналастыру;

      Комитеттің құзыретіне жататын ақпаратты ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру;

      Комитет құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында ақпаратты орналастыру және өзектендіру;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету;

      басқарманың құзыреті шегінде этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

      ұлттың әлеуметтік-мәдени кодын, қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік жобаларды ұйымдастыру және үйлестіру;

      Комитет құзыреті шеңберінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау, нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

      басқарманың құзыреті шегінде жастар арасында этносаралық келісім мен толеранттылықты нығайту мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асыру;

      Министрлік жетекшілік ететін салалар бойынша мамандардың қажеттілігі туралы кадр және әкімшілік жұмыс департаментіне ұсыныстар әзірлеу;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, коммерциялық емес ұйымдармен, кәсіптік одақтармен және өзге де ұйымдармен, сараптамалық қоғамның өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау;

      мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және сарапшылық кеңестерге кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжатты немесе тиісті нормативтік құқықтық актінің жобасын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы хабарламаны жіберу, сараптамалық қорытындылар алу;

      басқарма құзыреті шегінде қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;

      соттарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап қою;

      Комитет қызметінің мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

      этносаралық қатынастар саласын реттейтін Қазақстан Республикасы заңнамасының құқық қолдану практикасына талдау жүргізу;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша Мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, арыздарын және өзге де өтініштерін қарау;

      басқарманың құзыреті шегінде заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді сақтауды қамтамасыз ету;

      Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралар қабылдау;

      Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

      Этномәдени бірлестіктермен өзара іс-қимыл басқармасы:

      стратегиялық;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу;

      реттеуші:

      адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрдің бұйрықтарында оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;

      басқарманың құзыреті шегінде құқықтық актілерді, сондай-ақ келісімдерді, меморандумдарды және шарттарды әзірлеу;

      жүзеге асырушы:

      диаспоралардың жұмысын үйлестіру және олармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      этномәдени бірлестіктер қызметіне мониторинг жүргізу және талдау жасау;

      этномәдени бірлестіктердің қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

      басқарманың құзыреті шегінде қазақстандық этностардың тілдері мен мәдениетін қолдау;

      этносаралық келісім мен толеранттылықты нығайту бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерімен және өзге де қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық құрылымдарын дамыту жөніндегі қызметті үйлестіру;

      Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық құрылымдарының ағартушылық және өзге де қызметін іске асыруды үйлестіру;

      этносаралық салада Медиацияны дамыту бойынша мемлекеттік органдар мен Қазақстан халқы Ассамблеясының өзара іс-қимылын үйлестіру және ұйымдастыру;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметін қамтамасыз ету;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, коммерциялық емес ұйымдармен, кәсіптік одақтармен және өзге де ұйымдармен, сараптамалық қоғамның өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау;

      басқарманың құзыреті шегінде этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

      ұлттың әлеуметтік-мәдени кодын, қоғамның рухани және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік жобаларды ұйымдастыру және үйлестіру;

      мемлекеттік этносаралық саясат саласындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты және үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттарды қалыптастыруға және іске асыруға қатысу;

      жетекшілік ететін саладағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың, гранттардың іске асырылу мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру;

      басқарманың құзыреті шегінде жастар арасында этносаралық келісім мен толеранттылықты нығайту мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асыру;

      басқарма құзыреті шеңберінде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтау және нығайту мәселелері бойынша әдістемелік қамтамасыз ету;

      Министрлік жетекшілік ететін салалар бойынша мамандардың қажеттілігі туралы кадр және әкімшілік жұмыс департаментіне ұсыныстар әзірлеу;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;

      басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды түсіндіру және ілгерілету жөніндегі ақпараттық іс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, коммерциялық емес ұйымдармен, кәсіптік одақтармен және өзге де ұйымдармен, сараптамалық қоғамның өкілдерімен өзара іс-қимыл жасау;

      мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және сарапшылық кеңестерге кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжатты немесе тиісті нормативтік құқықтық актінің жобасын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы хабарламаны жіберу, сараптамалық қорытындылар алу;

      басқарма құзыреті шегінде қоғамдық кеңестің ұсынымдарын қарау;

      соттарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап қою;

      басқарма құзыреті шеңберінде мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іс-шараларын сапалы және уақтылы орындау, нысаналы индикаторларға, көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша жұмысты қамтамасыз ету;

      басқарма құзыреті шеңберінде шетелдік әріптестермен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту;

      ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылықты жүзеге асыру;

      республикалық бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысу;

      басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметті жүзеге асыру;

      басқарманың құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, арыздарын және өзге де өтініштерін қарау;

      басқарманың құзыреті шегінде көрсетілген қызметтердің актілерін қарау және келісу;

      басқарманың құзыреті шегінде заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді сақтауды қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру.

3 тарау. Комитет басшысының оның қызметін ұйымдастыру кезіндегі мәртебесі мен өкілеттіктері

      16. Комитетке басшылықты Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын төраға жүзеге асырады.

      17. Төраға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Комитет төрағасының өкілеттігі:

      1) Министрдің, Министрліктің аппарат басшысының және жетекшілік ететін вице-министрдің тапсырмаларын міндетті түрде орындайды;

      2) өзінің орынбасарлары мен Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының және жұмыскерлерінің міндеттерін және өкілеттіктерін айқындайды;

      3) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді;

      4) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерден басқа, Комитет жұмыскерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      5) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымдық тұлғалардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерден басқа, Комитет жұмыскерлерінің іссапар, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, ынталандыру, үстемақылар төлеу және сыйлықақы беру, сондай-ақ тәртіптік жауапкершілікке тарту мәселелерін шешеді;

      6) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда қолданыстағы заңнамаларға сәйкес Комитеттің мүддесін білдіреді;

      7) Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін бекітеді;

      8) мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттарға, орындалған жұмыстар актілеріне, сондай-ақ жетекшілік ететін салалар шеңберіндегі шарттарға қол қояды;

      9) сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің туындауына әкеп соғатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары немесе әрекеттері белгілі болған кезде, ол туралы Министрліктің басшылығын хабардар етеді;

      10) Комитет қызметкерлерінің мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы нормаларын сақтауын қамтамасыз етеді;

      11) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;

      12) өз құзыретіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

      Комитет төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды оны алмастыратын адам Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

      20. Комитет төрағасы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4 тарау. Комитеттің мүлкі

      21. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады. Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5 тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады