Телекоммуникациялар желілерінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасасу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 27 қыркүйектегі № 409 бұйрығы.

      "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 41-1-бабының 1-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Телекоммуникациялар желілерінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасасу қағидалары бекітілсін.

      2. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Д. Қыдырәлі
     
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бас прокуратурасы
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржылық мониторинг агенттігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және спорт министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ақпарат және қоғамдық
даму министрінің
2022 жылғы
№____бұйрығымен
бекітілген

Телекоммуникациялар желілерінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасасу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Телекоммуникациялар желілерінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 41-1-бабының 1-1-тармағына сәйкес әзірленді және телекоммуникациялар желілерінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсететін персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырушылық-ретке келтірілген жиынтығы;

      2) масс-медиа саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi – уәкiлеттi орган) – масс-медиа саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      3) телекоммуникация желісі – коммутациялық жабдықтан (станциялардан, кіші станциялардан, концентраторлардан), жол-кәбілдік құрылыстардан (абоненттік жолдардан, жалғау жолдары мен байланыс арналарынан), беру жүйелері мен абоненттік құрылғылардан тұратын, телекоммуникация хабарларының берілуін қамтамасыз ететін телекоммуникация құралдары мен байланыс жолдарының жиынтығы;

      4) электрондық құжат айналымы жүйесі – оған қатысушылар арасындағы қатынастар "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен реттелетін электрондық құжаттар алмасу жүйесі.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 22.08.2024 № 370-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Телекоммуникациялар желілерінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасасу тәртібі

      3. Телекоммуникациялар желілерінде заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы осы Қағидалардың талаптарына сәйкес ақпараттық жүйелерді немесе электрондық құжат айналымы жүйесін пайдалана отырып, олардың құзыреті шегінде жүзеге асырылады.

      4. Ақпараттық жүйелер телекоммуникациялар желілерінде заңды күшіне енген сот актілерімен немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен таратуға тыйым салынған немесе өзгеше түрде шектелген ақпаратты анықтау, есепке алу және оларға қол жеткізуді тоқтата тұру бойынша мемлекеттік органдар жүргізетін жұмысты жүйелеуге арналған.

      5. Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде телекоммуникациялар желілерінде таратылатын материалдарды анықтайтын және есепке алуды жүргізетін және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзатын ақпаратты қамтитын интернет-ресурстар мен сілтемелерді осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақпараттық жүйеге енгізетін қызметкерлердің, оның ішінде ведомстволық бағынысты ұйымдардың тізімін қалыптастырады және уәкілетті органға жібереді.

      Осы тармақта көрсетілген мемлекеттік органдар өз қызметкерлерінің тізімін жарты жылда кемінде бір рет жаңартады және уәкілетті органға жаңартылған тізімді жібереді.

      Ақпараттық жүйелерге енгізілетін мәліметтер олардың заңдылық талаптарына сәйкес келеді.

      6. Уәкілетті орган жарты жылда бір рет белсенділік белгілері жоқ және ақпараттық жүйені қолданбайтын пайдаланушыларды есепке алу жазбаларының тізімін қалыптастырады.

      7. Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде телекоммуникациялар желілерінде заңды күшіне енген сот актілерімен немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен таратуға тыйым салынған немесе өзгеше түрде шектелген материалдарға мониторинг жүргізеді.

      8. Мемлекеттiк органдар телекоммуникациялар желілерінде заңды күшіне енген сот актілерімен немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен таратуға тыйым салынған немесе өзгеше түрде шектелген материалдарды анықтаған кезде, ақпараттық жүйе арқылы уәкiлеттi органға хабарлама жiбередi.

      Хабарламаны жіберген кезде мемлекеттік орган ақпараттық жүйеде талап етілетін деректерді: заңдылық пен негізділікті, ақпараттық жүйеге енгізілетін мәліметтерді, олардың құқыққа қайшы екенін растайтын анықталған материалдардың скриншоттарын толық көлемде толтыруды қамтамасыз етеді.

      9. Мемлекеттік органдар телекоммуникациялар желілерінде заңды күшіне енген сот актілерімен немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен таратуға тыйым салынған немесе өзгеше түрде шектелген ақпаратты таратудың анықталған фактілерін ақпараттық жүйеге енгізеді не уәкілетті органға осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы бірінші басшының немесе оның орынбасарының қолы қойылған хабарламаны жібереді.

      10. Телекоммуникациялар желілерінде заңды күшіне енген сот актілерімен немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен таратуға тыйым салынған немесе өзгеше түрде шектелген ақпаратты таратудың расталған фактілері бойынша уәкілетті орган "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 41-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында оған қолжетімділікті шектеу жөнінде шаралар қабылдайды.

      11. Заңды күшіне енген сот актілерімен немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен таратуға тыйым салынған немесе өзгеше түрде шектелген телекоммуникациялар желілерінде таратудың расталмаған фактілері бойынша ақпараттық жүйе арқылы мемлекеттік органнан келіп түскен ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзудың жоқтығы туралы негіздемені көрсете отырып, қабылданбайды.

  Телекоммуникациялар
желілерінде Қазақстан
Республикасы заңнамасының
талаптарын сақтау мәселелері
бойынша мемлекеттік
органдардың өзара іс-қимыл
жасасу қағидаларына
1-қосымша
  Нысан
____________________________
____________________________
(Уәкілетті органның атауы)

Хабарлама

      "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 41-1-бабының 1-1-тармағына
сәйкес бекітілген Телекоммуникациялар желілерінде Қазақстан Республикасы заңнамасының
талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасасу
қағидаларына сәйкес, телекоммуникация желілерінде таратылатын бұзушылықтарды
анықтау және есепке алуды жүргізу және ақпараттық жүйеге құқыққа қарсы контенті бар
интернет-ресурстар мен сілтемелерді енгізу құзыретіне кіретін қызметкерлер туралы
мәліметтерді жібереміз.


р/с

Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Жұмыс электрондық поштасы

Ұялы телефон













      Уәкілетті лауазымды адам

      ___________________________________________________________
____________________________________________________________

      лауазым (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

  Телекоммуникациялар
желілерінде Қазақстан
Республикасы заңнамасының
талаптарын сақтау мәселелері
бойынша мемлекеттік
органдардың өзара іс-қимыл
жасасу қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
____________________________
____________________________
(Уәкілетті органның атауы)

Хабарлама

      "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 41-1-бабының 1-1-тармағына
сәйкес бекітілген Телекоммуникациялар желілерінде Қазақстан Республикасы заңнамасының
талаптарын сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасасу
қағидаларына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңдарымен және (немесе) заңды күшіне
енген сот шешімдерімен таратуға тыйым салынған ақпарат туралы мәліметтерді жібереміз.
1. Бұзушылық түрі_____________________________________________.
2. Қазақстан Республикасының заңнамалық актісінің нормасы
_________________________________________________________.

      3. Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтардың анықталған
фактілерінің тізбесі (деректерді беру желісіндегі мекенжайлар, (IP-мекенжай) және (немесе)
интернет-ресурстың және (немесе) оның интернет-парақшасының домендік аты және
(немесе) сәйкестендіргіші көрсетіледі), интернет-ресурс пайдаланатын деректерді беру
желісі хаттамасының типі, абоненттік құрылғының сәйкестендіру кодтары (MAC-құрылғы
мекенжайы, IMEI-байланыс құралының коды):

      1)______________________;
2)______________________;
3)______________________;
4)______________________.
Осы хабарламада көрсетілген мәліметтердің заңдылығы мен негізділігін растаймын.
Уәкілетті лауазымды адам
_______________________________________________________________
_____________________________________________________________
лауазым (қолы) егі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Ескерту: жолдардың саны хабарламаға енгізілетін Қазақстан Республикасының
заңнамасын бұзудың анықталған фактілерінің санына байланысты.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады