Қарағанды қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасын (схемасын) бекіту және жер салығының мөлшерлемелерін арттыру туралы

Жаңа

Қарағанды қалалық мәслихатының 2022 жылғы 23 қарашадағы № 218 шешімі

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешім 01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 8 бабына, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Кодексінің 510, 531 баптарына сәйкес Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қарағанды қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Қарағанды қаласының жер салығының мөлшерлемелері осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес арттырылсын.

      3. Қарағанды қалалық мәслихатының "Салық салу мақсаттары үшін Қарағанды қаласының аумағын аймақтандыру схемасын бекіту туралы" 2019 жылғы 25 сәуірдегі № 388 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5326 тіркелді) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешім 2023 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат хатшысы Қ. Бексұлтанов

  23.11.2022ж.
VІІ шақырылған
Қарағанды қалалық
мәслихатының XXVIII
сессияның № 218 шешіміне
№ 1 қосымша

Қарағанды қаласының жерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы)

     


  23.11.2022ж.
VІІ шақырылған
Қарағанды қалалық
мәслихатының XXVIII
сессияның № 218 шешіміне
№ 2 қосымша

Қарағанды қаласының жерлерін аймақтарға бөлу жобасы (схемасы) негізінде жер салығының мөлшерлемелерінің арттыруы

Аймақ нөмірлері

Жер салығының мөлшерлемелерінің арттыру пайызы

I

+50%

II

+45%

III

+20%


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады